⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Ақпан 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Гендерлік теңдік және қауіпсіздік

    10.12.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Гендерлік теңдік және қауіпсіздік
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қонаев қаласында облыстағы түрлі саладағы әйел қыз­меткерлердің қатысуымен семинар-тренинг өтті. Мақсаты – Қазақстандағы су тасқыны, жер сілкінісі сияқты табиғи апаттардың алдын алу ісінде гендерлік теңдікті нығайту, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1325-қарарына сәйкес әйелдердің шешім қабылдау, медиация, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысуын арттыру.

    Шараны «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия бірігіп, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді. Биыл семинар-тренингті Қостанай, Орал және Қонаев қалаларында өткізу көзделген.
    Жиынға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов шараның маңыздылығын атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әйелдердің білім алып, кәсіби биікке жетіп, ел басқару ісіне қатысуы – мемлекеттің стратегиялық дамуының маңызды құрамдас бөлігі», – деген болатын. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1325-қарарында көрсетілген «Әйелдер. Бейбітшілік және қауіпсіздік» қағидаты – тек халықаралық қауымдастық үшін емес, біздің еліміз үшін де аса өзекті. Алматы облысы – табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жиі ұшырайтын аймақ. Сел, жер сілкінісі сияқты қауіп-қатерлердің алдын алып, олардың салдарын жоюда әйелдердің рөлі жыл өткен сайын күшеюде. Әйел мамандардың, сарапшылардың, медиаторлардың және белсенді азаматтардың шешім қабылдау процестеріне қатысуы өңірдің қауіпсіздігін нығайтуға айтарлықтай үлес қосып келеді», – деді Қанат Болатұлы.
    Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко әйелдердің жоғары лауазымдарда жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының заңнамасы мен тәжірибесіне шолу жасап, гендерлік статистикаға тоқталды. Айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер арасында әйелдердің үлесі – 55 пайыз. Бірақ басшы лауазымдарында олардың саны аз. Мысалы, Қазақстан Республикасындағы Елшілердің 64-і ер адам болса, тек үшеуі әйел. Әскери қызметкерлердің 16,2%-ы – нәзік жандар, оның ішінде басшы әйелдер саны – 15. Ал прокуратура саласындағы үлесі – 22%, 1 әйел генерал атағын иеленген. Сондай-ақ Парламент депутаттарының 18,9%-ын әйелдер қауымы құрайды. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына сәйкес шешім қабылдау деңгейіндегі атқарушы, өкілдік және сот билігі органдарында, сондай-ақ мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда әйелдердің үлесін 30%-ға жеткізу көзделген.
    «Семинарда гендерлік теңдік мәселесі талқыланып, әйелдердің басқару жүйесі, саясат, экономика мен әлеуметтік саладағы әсерін күшейту бойынша ұсыныстар айтылды. Бұл тек бір тарапқа артықшылық беру деген сөз емес. Кез келген саладағы лауазым немесе мүмкіндіктер әділетті бөлінуі тиіс. Әйелдер мен ерлердің тең дәрежеде жұмыс істеуі әлдеқайда тиімді», – деді гендерлік мәселе бойынша ұлттық сарапшы Роза Бекішева.
    Шара барысында жанжалды шешудегі медиацияның маңызы, оның қағидаттары мен түрлері жайында мәлімет берілді. Ақпараттық-түсіндіру бөлімі аяқталғаннан кейін топтық тренинг өткізіліп, қатысушылар тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    3 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті: «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа буын ұстаздары даярлануда

    3 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті: «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа буын ұстаздары даярлануда

    9 months ago
    Жетімсіреп ауыл тұр

    Жетімсіреп ауыл тұр

    2 years ago
    ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰРПАҚҚА МҰРА

    ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰРПАҚҚА МҰРА

    12 months ago
    Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы басталды

    Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы басталды

    4 months ago
    Бала құқығы — басты назарда

    Бала құқығы — басты назарда

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>