❄️
-2°C
Қонаев
Бейсенбі, Желтоқсан 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қауіпсіз қоғам үшін

    04.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам, Құқық-заң
    Қауіпсіз қоғам үшін
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы Райымбек ауданында да қолға алынды. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, жәбірленушілерге қолдау көрсету – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

    Аудандағы мекемелер мен ұйымдар акцияға белсене қатысып, ауылдық округтерде түсіндіру жұмыстары, ашық әңгімелер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Райымбек аудандық полиция басқармасының өкілдері де тұрғындар арасында арнайы рейд пен профилактикалық шаралар жүргізіп, азаматтарға кеңес беруде. Білім беру ұйымдары да акциядан тыс қалмады. Мектептер мен колледждерде оқушыларға арналған тренингтер, сенімді қарым-қатынас орнату, жанжалды шешудің бейбіт жолын үйрететін семинарлар өтіп жатыр. Жасөспірімдерге арналған психолог кеңестері, ата-аналар жиналысы, құқықтық мәдениет сабақтары да жоспарға енгізілген. Тәжірибемде көптеген жәбірленушілердің көмек сұрауға батылы жетпей, үнсіз қалатынын жиі байқаймын. Сондықтан акция барысында біз тұрғындарға зорлық көрген адамдарды айыптамау, қайта оларға қолдау көрсету қажеттігін түсіндіруді басты назарға алып отырмыз.
    Зорлық-зомбылықтың физикалық, психоло­гиялық, экономикалық, жыныстық және цифрлық түрлері бар. Оның әрқайсысы адамның өміріне, денсаулығына және қоғам тұрақтылығына елеулі қауіп төндіретінін атап өткім келеді. Жәбірленушілерді қолдау – қоғамның ортақ міндеті!
    Қорытындылай келе, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы Райымбек ауданының тұрғындарын да бейжай қалдырмай, оларды бірлесіп әрекет етуге шақыратын маңызды бастама болып отыр. Егер біз бір-бірімізге қолдау көрсете білсек, қауіпсіз қоғам қалыптастыруға өз үлесімізді қоса аламыз.

    Динара Ілияс,
    Райымбек аудандық отбасын қолдау орталығының психологы

    Ұсынымдар

    Терең өңдеу табысқа бастайды

    Терең өңдеу табысқа бастайды

    12 months ago
    Адам папилломасы вирусына қарсы егу жұмыстары жалғасуда

    Адам папилломасы вирусына қарсы егу жұмыстары жалғасуда

    7 months ago
    Алматы облысында гидроцелеге шалдыққан науқасқа сәтті ота жасалды

    Алматы облысында гидроцелеге шалдыққан науқасқа сәтті ота жасалды

    1 year ago
    «Азаматтарға арналған үкіметтің» құрылғанына 8 жыл толды

    ХҚКО-ның 30 тамыздағы жұмыс кестесі

    1 year ago
    Тұрғындар тілегі тыңдалды

    Тұрғындар тілегі тыңдалды

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>