⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Сәуір 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Келелі шешім келешек үшін!

    25.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәслихат
    Келелі шешім келешек үшін!
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Әкімдіктің мәжіліс залында облыстық мәслихаттың кезекті XLV сессиясы өтті. Отырысқа облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев, облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев, басқарма өкілдері, депутаттар, онлайн режимде аудан-қала басшылары мен мәслихат төрағалары қатысты.

    Қуат Сұлтанұлы төрағалық еткен сессия отырысында алдымен аймақтың 2021–2025 жылдарға арналған Даму жоспарының іске асырылу есебі тыңдалды. Бұл ретте баяндама жасаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Шатанов есепті кезеңде аймақта білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау салаларында айтарлықтай оң өзгеріс байқалғанын жеткізді. Атап айтар болсақ, 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін барлық салада 240 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Ал атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 57,4 мыңнан 19 мыңға дейін, яғни 3 есеге азайған. Жалпы өңірлік өнім көлемі соңғы үш жылда 3,4 трлн теңгеден 6 трлн теңгеге дейін өсіп, облыс республика бойынша үздік көрсеткішке көтерілген. Аймақта негізгі капиталға инвестиция тарту бағытында тұрақты оң динамика қалыптасқан. 2022 жылы инвестициялар көлемі 614 млрд теңгені құраса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеден асқан. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялар көлемін 1,3 трлн теңгеге жеткізу көзделген. Ерлан Сәрсенғазұлының айтуынша, облыстың 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша негізгі бағыттарда жүйелі жұмыс жүргізіліп, нақты нәтижелерге қол жеткен.
    Келесі кезекте облыс аумағында екінші атом электр стансасын салу мәселесі қаралды. Бұл ретте сөз алған энергетика және сумен қамту басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Өмірханов екінші АЭС салу аймағын келісу тақырыбында ой қозғады.
    «Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларында ядролық энергетиканы дамыту, оның ішінде ядролық кластер құру және қосымша атом электр стансаларын салу мәселесін пысықтауды жүктеген болатын. Осы тапсырмаларды орындау мақсатында 8 қазанда ҚР Премьер-Министрінің №21-15/6481 қаулысы шыққан еді. Аталған құжатта орталық және жергілікті атқарушы органдарға Алматы облысы аумағында екінші атом электр стансасын салу бойынша ықтимал алаңдарды жан-жақты зерттеу және ұсыныстар дайындау жөнінде нақты міндеттер қойылды. Үкімет тапсырмасын іске асыру шеңберінде 24 қыркүйекте ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыста ықтимал алаңдарға алдын ала техникалық және сараптамалық талдау жүргізілді. Қауіпсіздік, сейсмикалық тұрақтылық, инфрақұрылым мүмкіндіктері мен өңірлік энергетикалық жүйенің даму перспективасы ескеріле отырып, ынталандыратын әлеуетті орын ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы айқындалды», – деді аса мыңызды жобаның маңыздылығын түсіндірген Нұрлан Өмірханұлы.
    Оның айтуына қарағанда, бұл таңдау ауданның географиялық, инфрақұрылымдық және энергетикалық артықшылықтарына, сондай-ақ болашақ стансаны өңірлік электр желісіне интеграциялау мүмкіндігіне байланысты жасалған. Сонымен қоса, желтоқсан айында орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы биліктің, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізілген. Оның қорытындысы бойынша Жамбыл ауданы аумағында екінші атом электр стансасын салу халық тарапынан қолдау тапқан.
    Сессияда облыстық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының есебі, облыстық мәслихат төрағасының 2025 жылы атқарған жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды.
    Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев сөз алып, сессия жұмысы барысында аймақтың тыныс-тіршілігі мен өңірдің болашақ өркендеуіне қажетті маңызды жайттар қаралғанын, әрбір өткізілетін мұндай жиындардан атқарылып жатқан ауқымды істердің нәтижесі анық байқалатынын тілге тиек ете келе, халық қалаулыларына алғысын білдірді.

    Ерзат АСЫЛ

    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы саласындағы ынтымақтастық
    22.04.2026
    Жастар орталығы ашылды
    22.04.2026
    Ел алдындағы есеп
    22.04.2026
    Глава государства подчеркнул недопустимость избирательного подхода в экологических вопросах
    22.04.2026
    Президент призвал к последовательному соблюдению норм Устава ООН
    22.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>