⛅
-2°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 28, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Көзімізді сақтайық!

    25.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Көзімізді сақтайық!
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Бүгінгі таңда көз аурулары қоғамдағы ең өзекті медициналық мәселелердің біріне айналды. Бұрын 50-60 жастан кейін кездесетін катаракта, глаукома секілді аурулар қазір 40-45 жастағы адамдарда жиі анықталып жүр. Тіпті, бесіктен белі шықпай жатып, көзілдірік таққан балалар саны да жылдан-жылға артуда. Бұл тенденция дәрігерлерді де, ата-аналарды да алаңдатып отыр.

    Көз – адамның ең нәзік әрі күрделі мүшесі. Көру қабілетінің төмендеуі тек медициналық мәселе емес, өмір сапасына тікелей әсер ететін фактор. Сондықтан көз ауруларының алдын алу, дер кезінде диагностикадан өту және сапалы медициналық көмекке жүгіну аса маңызды. Осы орайда Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасында ашылған Көз микрохирургия орталығы аймақ медицинасы үшін үлкен серпіліс болды. Аталған орталық заманауи медициналық технологиялармен, халықаралық стандартқа сай диагнос­тикалық және хирургиялық құрылғы­лармен жабдықталған.
    Орталық ашылғалы бері қысқа уақыт ішінде мұндағы дәрігерлер 1000-нан астам пациент қабылдап, катаракта, көзге ет өсу сынды диагнозбен келген 100-ден астам науқасқа хирургиялық операция жасаған. Бұрындары мұн­дай ем-шара үшін аудан тұрғын­дары Алматы, Астана сынды үлкен қалаларға ағылса, енді ауданнан аттап шықпастан, осы орталықта емделе алады. Инвазивті операциядан кейін пациент сол күні үйіне қайтады. Яғни апталап стационарда жатудың қажеті жоқ.
    «Соңғы жылдары офтальмоло­гиялық проблемалар жас талғамайтын деңгейге жетті. Көз ауруларының көптеген түрі бар. Соның ішінде көз бетінің, көз бұршағының, көз қан тамырларының, торлы қабатының аурулары, көз жарақаттары, глаукома, рефракция ақаулары, қылилық, көздің ісіктері, туа біткен көз патологиясы және тағы басқа жағдайлар жиі кездеседі. Балалар мен жасөспірімдер арасында алыстағыны көру қабілетінің нашарлауы айқын түрде көбейіп отыр. Сондай-ақ ересектер арасында құрғақ көз синдромы, катаракта, глаукома, тор қабық патологиялары жиілеп кетті. Осы орайда ауыл тұрғындарына жоғары медицинаны барынша жақында­тып, аурухана базасынан осындай орталықтың ашылуы қуанарлық жайт. Мұнда ересектер мен балаларға арналған толық офтальмологиялық көмек көрсетіледі», – деді орталықтың офтальмолог-хирург дәрігері Сухраб Әділ. Ол көп таралған көз ауруларының себеп-салдарына да тоқталып өтті.
    Миопияның негізгі себептері – смартфон, планшет, компьютерді шамадан тыс қолдану, экранды өте жақын ұстау және дұрыс отырмау, тұқым қуалау. Сонымен қатар бөлмедегі жарықтың жеткіліксіздігі мен таза ауада аз жүру де көздің көру қабілетін төмендетеді. Бұрындары ойын балаларын үйге кіргізе алмаса, қазір далада ойнайтын бала аз екені шындық. Таңнан кешке дейін смартфонға жабысып, экранға телмірген жеткіншектер далаға шықпаған соң алысқа көз тастап, жанарымен айналасын шолып, бақылауды білмейді. Мұның салдары тек миопия ғана емес, құрғақ көз синдромын да туындатады.
    Ал жас ұлғайған сайын даму қаупі айтарлықтай артатын катаракта, глаукома сынды аурулар пациенттерде көп кездеседі. Катарактада мөлдірлігін жоғалтып, бұлыңғыр тартқан көз бұршағы жарықтың тор қабатына жетуіне кедергі келтіріп, көзді таңып қойғандай әсерде қалдырады. Салдарынан көздің көру қабілеті төмендейді, қараңғыда көру, түстерді ажырату қиындайды. Дәл осы диагнозбен Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасындағы Көз микрохирургия орталығында 100 шақты науқасқа ота жасалған.
    Глаукоманың пайда болуы­на жастың ұлғаюы, көздегі қысым­ның жоғарылауымен қатар, тұқым­қуалаушылық пен анатомиялық ерекшеліктер де, қант диабеті мен ұзақ уақыт гормональды препараттар қабылдау да себеп болады. Ең қауіптісі, глаукома көп жағдайда жасырын түрде дамиды.
    «Ауырмайды, қызармайды, тек көру өрісі баяу тарылып, науқас көруден қалады. Сондықтан профилактикалық тексеріс өте маңызды. Егер глаукомаға күдігіңіз болса, дер кезінде тексерілген жөн. Глаукоманы тоқтатуға немесе бұл процесті барынша баяулатуға болады. Жалпы 40 жастан асқан жандар жылына бір рет, қант диабеті барлар жылына екі рет көзін тексертіп тұруы керек», – дейді Сухраб Сыдықжанұлы.
    Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясында базалық медициналық білім алған Сухраб Әділ С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің офтальмология мамандығы бойынша резидентурасын тәмамдаған. Офтальмологиялық хирургия, заманауи диагностика­лық технологиялар және лазерлік медицина бойынша халықаралық сертификаттарға ие ол технологиялар сәт санап дамып жатқан заманда уақыт көшінен қалмай, үнемі білімді арттырып, біліктілікті шыңдап отыру керектігін айтады. Офтальмология саласында диагностика, терапиялық ем, лазерлік процедуралар және офтальмохирургия бағыттарында 8 жылдық тәжірибесі бар.
    «Офтальмология – дәлдікті, шыдам­дылықты және жанашырлықты талап ететін өте нәзік сала. Мен бұл мамандықты адамдарға нақты нәтиже сыйлай алатын мүмкіндігі үшін таңдадым. Сондықтан әр пациенттің көруін жақсарту, күнделікті өміріне жарық пен айқындық сыйлау – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі кәсіби жетістік», – дейді ол.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Пациент құқығы. Азаматтар нені білуі тиіс?

    Пациент құқығы. Азаматтар нені білуі тиіс?

    3 months ago
    Білім беру жүйесіндегі тенденциялар: инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін

    Білім беру жүйесіндегі тенденциялар: инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін

    1 year ago
    Жаңа жағажай тұрғындарды қуанышқа кенетті

    Жаңа жағажай тұрғындарды қуанышқа кенетті

    8 months ago
    Алматы облысында Іле өзенінің әсем жағалауында жаңа туристік кластерді дамытуға бағытталған ауқымды жоба іске қосылды

    Алматы облысында Іле өзенінің әсем жағалауында жаңа туристік кластерді дамытуға бағытталған ауқымды жоба іске қосылды

    2 months ago
    «Батырлар бәсекесі»: күш, рух және дәстүр

    «Батырлар бәсекесі»: күш, рух және дәстүр

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>