🌧️
4°C
Қонаев
Сейсенбі, Ақпан 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мәдени байланыс нығаяды

    06.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Мәдени байланыс нығаяды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Қаскелең мәдениет колледжінің түлектері бүгінде тек елімізде ғана емес, шетелде де жоғары бағаланып жүр. Қуанар­лығы, олар­дың бірқатары өздері тәлім алған оқу орнымен байланысын үзбей, халықаралық ынты­мақ­тас­тықтың кеңеюіне үлес қосуда. Жуырда аталған колледж Түркияның Стамбұл хорымен тәжі­рибе алмасу туралы мемо­ран­думға қол қойды. Бұл келісім шығармашылық бағыттағы серіктестікті нығайтып, жаңа мүмкін­дікке жол ашатыны анық.

    Колледж фойесінде түрік ағайындарды оқу орнының оркестрі қарсы алды. Содан кейін оларға мұндағы білім және тәрбие беру процесінің қалай ұйымдастырылғаны, студенттер мен оқытушылардың шығармашылық қызметінің қалай жолға қойылғаны таныстырылды. Түркиядан Қаскелеңге келген хор ұжымының өкілдері де өз ойларын ортаға салды. Сердар Таштаноғлының жетекшілігімен олар түрік тілінде әндер орындады.
    Кездесудің маңызды бөлігі меморандумға қол қою рәсімі болды. Алдағы уақытта осы құжат негізінде екі мемлекет арасындағы мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастық жалғасын табады. Соның аясында бірлескен мәдени жобаларды іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, концерттер, көрмелер, театрлық қойылымдар мен фестивальдер өткізу көзделген.
    Бір айта кетерлігі, осы кездесудің бастамашысы әрі ұйымдастырушысы – Қаскелең мәдениет колледжінің түлегі, тәжірибелі педагог Сымбат Асанова.
    – 2014 жылдан бастап біз Түркияның Стамбұл, Чынарджик, Ялова, Айвалық сияқты қалаларымен мәдени байланыстарды дамыту бағытында жұмыс істеп келеміз. Стамбұлдан мәдениет қызметкерлерін Қаскелең мәдениет колледжіне шақырдық. Кездесу барысында шығармашылық ұжымдардың бірлескен жұмысы талқыланып, екі ел мәдениетінің дамуына бағытталған меморандумға қол қойылды. Қонақтар біздің ұлттық өнерімізбен танысты. Түркияға оралған соң, олар әлеуметтік желіде Қазақстаннан алған әсерлерімен бөліседі. Бұл біздің еліміздің имиджін одан әрі арттыра түсетіні сөзсіз, – деді ол.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Жаңа Конституция ақиқатты айна-қатесіз жеткізіп, сындарлы сұхбат мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді – белгілі журналист

    Жаңа Конституция ақиқатты айна-қатесіз жеткізіп, сындарлы сұхбат мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді – белгілі журналист

    1 week ago
    Биылғы Наурыз мейрамының ерекшеліктері

    Биылғы Наурыз мейрамының ерекшеліктері

    2 years ago
    Имамдар біліктілігін арттырды

    Имамдар біліктілігін арттырды

    2 years ago
    Бала болашағы –  баршаға ортақ

    Бала болашағы – баршаға ортақ

    2 years ago
    Жас қаламгерлер Бердібек пен Мұқағали ауылында

    Жас қаламгерлер Бердібек пен Мұқағали ауылында

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>