☀️
1°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Мичурин бағы

    02.12.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Мичурин бағы
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Қазақ жеміс-көкөніс шаруашы­лығы ғылыми-зерттеу инсти­туты Талғар өңірлік фи­лиалының базасында салта­натты түрде «Мичурин бағы»ашылды. Бұл – Қазақстан мен Ресей ғалымдарының біріккен жұмысы. Рәсімге ҚР Президенті жа­нындағы ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев, Ресей ғы­лым академиясы президенті­нің орын­басары Петр Чекмарев, облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы, көпте­ген ғалымдар мен ҚР Ауыл шаруашы­лығы министрлігінің өкіл­дері қатысты.

    Шараны ашқан Ақылбек Күрішбаев «Мичурин бағы» тұтас бір саланың дамуына қосылған үлкен үлес екенін атап өтті.
    – Алғашқы үш гектарға ыстыққа, үсікке және ауруларға төзімді, ең бастысы өнімділікті арттыруға қабілетті сұрыптар отырғызылды. Бұл ағаштар жаңа селекциялық бағдарламаларға және қарқынды бау-бақша шаруашылығын дамытуға негіз болады, мұнда судың әрбір литрі, энергияның әрбір бірлігі, жұмсалған еңбектің әрбір сағаты бағаланатын болады, – деп атап өтті ол.
    Ғалымның айтуынша, уақыт өте келе мұнда концентраттар мен шырындардан бастап, функционалдық тамақтану өнімдеріне дейін терең өңдеу үшін жақсы негіз пайда болады. Басқаша айтқанда, жаңа бақшадағы әрбір көшет – бәсекеге қабілетті және дәмді өнім шығаруға бағытталған қадам. Сондай-ақ ол өз сөзінде жобаның нағыз бірлескен жұмыстың нәтижесі екеніне ерекше назар аударды. Екі елдің – Қазақстан мен Ресейдің ғалымдары, селекционерлері, аграрлық шаруашылықтары мен бизнес-серіктестері бір команда ретінде әрекет етеді. Бүгінгі бақтың салынуы бастапқы нүкте, одан кейін аграрлық технологиялар саласындағы жаңа екіжақты бастамалар жалғасын табады.
    Ресейден келген қонақтардың сөзі де тартымды болды. РҒА президентінің орынбасары Петр Чекмарев қазақстандық ғылыми мектептің жетістіктерін, оларды қарсы алған қонақжайлылықты атап өтіп, аграрлық саладағы серіктестік екі ел үшін де бұрыннан және өзара тиімді негізде құрылғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, мұндай жобалар ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына, тәжірибе алмасуға және заманауи аграрлық ғылымның қайда жылжуы керектігін екі тараптың да түсінуіне тиімді ықпал етеді.
    Шынында да мұнда селекциялық жетістіктердің нағыз жиынтығы отырғызылады. Бақта Нестеров жады алмасы, Ника алмұрты, Заречная өрігі, Суламифь таңқурайы орналасады. Мұнда әдеттегі дақылдардан басқа селекциялық жұмыс үшін сирек кездесетін – күнжара, итжүзім, ырғай, шеңгел, итмұрын, қарақат пен қарлыған сияқты жемістердің түрлі сорттары пайда болады. Бұл – жаңа технологияларды тексеру, сұрыптарды салыстыру, қазақстандық жеке генофондты қалыптастыру үшін жиналған тірі коллекция. Сондай-ақ заманауи жоғары интенсивті бақ құрылуда, онда басты басымдық – өнімділікке, сапаға және ресурстарды үнемді пайдалануға бағытталатыны атап өтілді. Мұнда әрбір дақыл қатаң биологиялық талаптар мен тау бөктерінің климатын ескере отырып, жерден барынша қолдау алу үшін отырғызылған.
    Шара қатысушыларын облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы да құттықтады. Ол он айда 643 млрд теңгенің өнімі өндірілгенін, облыс ет бойынша елімізде көш бастап тұрғанын, көкөніс пен жеміс-жидек өсіру бойынша алғашқылардың қатарында екенін еске салды. Сондықтан да осындай ғылыми-инновациялық алаң құру – дер кезінде жасалған қадам.
    «Мичурин бағы» жоғары қарқынды бау-бақшаны дамыту, отандық селекцияны нығайтуға жұмыс істейтін болады. Жоба жеміс-жидек дақылдарын өсірудің жаңа технологияларын енгізуге мүмкіндік береді және Қазақстанның заманауи аграрлық ғылымының бір бөлігіне айналады.
    Құттықтаулардан кейін нышанды сәт туды, қатысушылар күрек, шелек алып, арнайы дайындалған жүйек қатарларына келіп, жаңа сұрыптарды отырғызды. Академик Ақылбек Күрішбаев түсіндіріп өткендей, бастапқы кезеңде қатаң селекциялық талаптар бойынша және жергілікті климатты ескере отырып, бір гектарға 570 ағаш және 200 бұта отырғызылады.

    Құтмағамбет ТАЛАПБАЙ
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаев әскерилері Республика күніне арналған әннің тұсауын кесті

    Қонаев әскерилері Республика күніне арналған әннің тұсауын кесті

    2 years ago
    Кәсіптің кілтін тапқан

    Кәсіптің кілтін тапқан

    1 year ago
    Мереке мерейі

    Мереке мерейі

    11 months ago
    Кітапхана мақтанышы – оқырман

    Кітапхана мақтанышы – оқырман

    2 years ago
    Теорияны тәжірибемен ұштастырған

    Теорияны тәжірибемен ұштастырған

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>