[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ОРТАША ЖӨНДЕУ: БИЫЛ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОЛДАРЫНАН 121 САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖАСАЛДЫ

    11.12.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ОРТАША ЖӨНДЕУ: БИЫЛ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОЛДАРЫНАН 121 САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖАСАЛДЫ
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етудің және жолдарды пайдалану мерзімін ұзартудың тиімді тәсілдерінің бірі – орташа жөндеу. Орташа жөндеу түрі жол жабынын күрделі жұмыстарынсыз қалпына келтіруге мүмкіндік береді, бұл бюджет шығындарын едәуір азайтады. Ол жол жабынындағы жарықтар, шұңқырлар және басқа да ақауларды жоюға бағытталған, бұл қозғалыс қауіпсіздігі мен жолда жүрудегі жайлылықты арттырады. Орташа жөндеуді уақытылы жүргізу жол конструкциясының көтергіш қабілетін сақтауға және оның әрі қарай бұзылуын болдырмауға мүмкіндік береді.

    “Автомобиль жолдары туралы” Қазақстан Республикасы заңының 13-3-тармағына сәйкес, орташа жөндеу бойынша техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (ЖАСҰО) жүктелген. Ведомстволық сараптама – бұл жол саласындағы ұйымның өтінімі бойынша сарапшылар тобы жүргізетін талдамалық іс-шаралар жүйесі. Аталған рәсімнің негізгі мақсаты – жобалық шешімдердің негізділігін, құжаттамада көрсетілген көрсеткіштердің шынайылығын, сондай-ақ жобалық шешімдердің қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкестігін бағалау болып табылады. Ведомстволық сараптаманың тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында ЖАСҰО автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттаманы қабылдау, өңдеу және сақтау бойынша «бір терезе» қағидатын іске асыратын бірыңғай электрондық портал әзірледі. Бұл цифрлық құрал сараптаманың барлық кезеңдерін ашық бақылауды, барлық өзгерістерді тіркей отырып, деректерді сенімді сақтауды және метадеректерді қолдану арқылы адами факторға байланысты қателіктерді барынша азайтуды қамтамасыз етеді. Тапсырыс берушілер интернет-портал арқылы құжаттаманы жүктей алады, жеке кабинеті арқылы оның мәртебесін қадағалап отырады, ал жүктелген деректер негізінде портал техникалық құжаттаманың толық жинағын және сараптама қорытындысын автоматты түрде қалыптастырады.

    Сараптама рәсімі үш кезеңге бөлінген: бірінші кезеңде учаскені верификациялау жүргізіледі — филиалдың инженері жоспарланған орташа жөндеу объектісіне барып, қабылданған техникалық шешімдердің нормативтік құжаттама талаптарына сәйкестігін тексереді және құжаттардың толықтығын бағалайды; екінші кезеңде техникалық бөліктің сараптамасы жүргізіледі, оның шеңберінде жобалық шешімдердің негізділігі, жұмыстар көлемінің мақсатқа сай болуы, ақау ведомосі мен көлемдер арасындағы сәйкессіздіктердің бар-жоғы, сондай-ақ құрылыс нормалары мен стандарттарының сақталуы тексеріледі. Үшінші кезеңде сметалық бөлімнің сараптамасы жүргізіледі, онда жөндеу жұмыстарының есептік және сметалық құны, қолданылған коэффициенттер мен бағалар тексеріледі. Жүйе ашықтықты, жауапкершілікті және қайта бекіту мүмкіндігін қамтамасыз етіп, жобаларды бағалау процесін айтарлықтай жеңілдетеді және Қазақстандағы жол саласының цифрлық трансформациясына ықпал етеді.

    Сараптама тобының оң қорытындысын алғаннан кейін құжат Тапсырыс берушіге бекітуге беріледі. Бекітілген ведомстволық сараптама қорытындысы мемлекеттік сатып алуларды жүргізудің негізі болып табылады, оның нәтижесінде автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын орындайтын мердігер ұйым айқындалады.

    Биыл Алматы облысының республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және көше жолдарын орташа жөндеу бойынша 121 ведомстволық сараптама қорытындылары берілген.

    Ұсынымдар

    Қыс қарсаңында көмірді теміржолмен экспорттауға шектеу қойылмақ

    Қыс қарсаңында көмірді теміржолмен экспорттауға шектеу қойылмақ

    2 years ago
    Балуандарды баптаған

    Балуандарды баптаған

    11 months ago
    Алматы облысында Talgar Eco City жобасы таныстырылды: әкімдік халықаралық ынтымақтастықты күшейту үстінде

    Алматы облысында Talgar Eco City жобасы таныстырылды: әкімдік халықаралық ынтымақтастықты күшейту үстінде

    4 months ago
    Мемлекет басшысы: «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді»

    Мемлекет басшысы: «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді»

    3 months ago
    Бауыржан Аленов в Талгаре: «Подозреваемые будут установлены и понесут ответственность»

    Бауыржан Аленов в Талгаре: «Подозреваемые будут установлены и понесут ответственность»

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>