⛅
16°C
Қонаев
Сейсенбі, Сәуір 7, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы жұмысының қорытындысы

    15.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Үкімет, Энергетика
    Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы жұмысының қорытындысы
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Президенттің елді мекендерді газбен қамту жөніндегі тапсырмаларын орындау нәтижелері туралы баяндады.

    Ол Мемлекет басшысының инфрақұрылымды жаңғырту бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыру тұтынушыларды газбен жабдықтау қызметтерімен қамтуды арттыруға мүмкіндік бергенін айтты.

    «Халықты газбен қамту бойынша Мемлекет басшысы тапсырған әлеуметтік міндеттер жүйелі түрде шешілуде. Табиғи газ шалғай өңірлердің тұрғындары үшін қолжетімді игілікке айналып, елдегі газбен қамту деңгейі 64,2%-ға жетті. 2025 жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді. Бұл мақсаттарға 112 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді» – деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

    Жұмыстар географиясы Қазақстанның барлық аймағын қамтыды. Ақмола облысында 100 мыңнан астам тұрғын тұратын Қосшы қаласы мен Талапкер ауылы газбен қамтылды. Астанада газбен қамту деңгейі шамамен 97%-ға жетіп, ірі тұрғын алаптары қосылды. Жыл соңына дейін Үркер шағын ауданында газ желілерін тарту жұмыстары толық аяқталады.

    Оңтүстік өңірлерді дамыту жөніндегі тапсырмаларды орындау бойынша Түркістан облысында 100 мың тұрғын газбен қамту аясында құны 10 млрд теңгеден астам жобалар жүзеге асырылды. Жетісу облысында ұзындығы 300 шақырым «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры пайдалануға берілді. Жамбыл облысында да газ құбырларын жүргізу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

    Батыс Қазақстан облысында «Ростоши – Тайпақ» жоғары қысымды газ құбырының құрылысы басталды, бұл Ақжайық және Теректі аудандарының жылдар бойғы газ тапшылығын шешуге мүмкіндік береді.

    Соңғы жаңалықтар

    Қонаевта масаға қарсы дезинсекция басталды
    07.04.2026
    Шомылу маусымына дайындық күшейеді
    07.04.2026
    Алматы облысында жолаушы тасымалы жақсарады – әкімдік
    07.04.2026
    Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды
    07.04.2026
    Қапшағай су қоймасында балық аулауға уақытша тыйым салынды
    07.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>