⛅
-0°C
Қонаев
Жұма, Желтоқсан 26, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «Сапалы өнім»: ішкі нарықтағы тауар сапасына қоғамдық бақылау нәтижелері

    24.12.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    «Сапалы өнім»: ішкі нарықтағы тауар сапасына қоғамдық бақылау нәтижелері
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының 7-тармағына сәйкес Үкіметке ішкі нарықты және отандық өндірушілерді қорғауға бағытталған сауда саясатында реттеуші шараларды әзірлеу тапсырылды.

    Халық үшін тауардың сапасын, қауіпсіздігін және қолжетімділігін, баға кепілдіктерін білдіретін “Сапалы Өнім” отандық символын қалыптастыру қажет. “Сапалы өнім” танымал және барлық жерде тұтынылатын отандық бренд болуға, “Сапалы өнім” жүйесі тұтастай алғанда азаматтардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын кепілді сақтауға және өтеусіз қорғауға бағытталуға,”Сапалы өнім” бренді бірінші кезекте елдің ішкі нарығында жоғары бәсекелестік туғызуы тиіс. Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында жүйелі өзгерістер дайындалуда.

    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасына енгізілетін жаңа нормаларды, сондай-ақ «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасының тұжырымдамасы мен жол картасын таныстырды. Бастаманың негізгі мақсаты – ішкі нарықты қауіпті және сапасыз өнімдерден тазарту, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту және адал отандық тауар өндірушілерді қолдау.

    Реформалардың өзегінде қоғамдық және ведомствоаралық бақылауды күшейту мәселесі тұр. Жоба аясында үкіметтік емес сектордың әлеуетін тарту және оның қызметіне қолдау көрсету, мемлекеттік органдардың салааралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру, сондай-ақ жалған әрі қауіпсіз емес өнімдердің нарыққа енуіне қарсы іс-қимыл шаралары көзделген.

    Сонымен қатар, отандық тауар өндірушілерді жосықсыз бәсекелестіктен қорғауға ерекше назар аударылған. Нәтижесінде мемлекет, қоғамдық ұйымдар және тұтынушылардың өздері қатысатын, өндірістен бастап сату нүктесіне дейінгі сапаны бақылаудың жаңа экожүйесін қалыптастыру туралы сөз болып отыр.

    Реформаның негізгі элементтерінің бірі – «Сапалы өнім» ұлттық сапа белгісін енгізу болмақ. Бұл белгі ең алдымен ішкі нарықта жоғары бәсекелестік қалыптастыруға және тұтынушылар үшін нақты бағдар болуға тиіс. «Қазіргі таңда Қазақстан нарығы тек отандық тауарлармен ғана емес, өзге елдерден әкелінетін өнімдермен де қанық. Сапа белгісі ең алдымен өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді. “Сапалы өнім” ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған», – деп атап өтті салалық департамент басшысы.

    Осылайша, «Сапалы өнім» бренді тұтынушы үшін тауардың қауіпсіздігі мен сапасын айқындайтын қарапайым әрі түсінікті сенім белгісіне айналуы тиіс. Жобаның практикалық бөлігі бүгінде нақты нәтижелерін көрсетіп отыр. Негізгі бағыт – техникалық регламенттердің бұзылуын, тұтынушылардың құқықтарын бұзатын әрекеттерді және жосықсыз бәсекелестік фактілерін анықтау. Бұл мақсатта қоғам өкілдерінің заңнамалық негіздерімен қатар нақты құралдары да бар: олар тауарларды сату орындарын тексеру барысында фото-, аудио- және бейнефиксация жүргізуге құқылы.

    Жыл басынан бері «Сапалы өнім» қоғамдық қозғалысы аясында 34 тауар сатып алынып, тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша 6 тауар техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген.

    Анықталған фактілер бойынша шағымдар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданып, сапасыз өнімдер сауда сөрелерінен алынды, ал кәсіпкерлерге әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды.

    Айыппұлдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша салынды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 1395860 теңгені құрады.

    Бұл – формалды бақылаудан нақты ықпал ету тетіктеріне көшу туралы нарыққа берілген айқын белгі. Жобаның маңыздылығы ең жоғары мемлекеттік деңгейде де расталуда. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сапа, қауіпсіздік және тауарлардың қолжетімділігін бейнелейтін, әрі тұтынушылар үшін кепіл болатын «Сапалы өнім» ұлттық символын қалыптастыруды тапсырды.

    Бұл тапсырма тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесін, салалық деңгейден ұлттық басымдықтар қатарына – азық-түлік қауіпсіздігі мен ішкі нарықты қолдаумен қатар – шығарып отыр. Алдағы уақытта «Сапалы өнім» жобасы тауар сапасын арттыруға, адал бәсекелестік қалыптастыруға және ішкі нарықты жосықсыз ойыншылардан қорғауға ықпал етеді. Тұтынушылар үшін бұл – қауіпсіздік пен ашықтықтың артуы, ал бизнес үшін – түсінікті ережелер мен сапалы өндіріске ынталандырады.

    Д.Сенбаева,

    ҚР Сауда және интеграция министрлігінің

    Алматы облысы бойынша сауда және

    тұтынушылардың құқықтарын қорғау

    департаментінің бас маманы

    Ұсынымдар

    Өнеркәсіптегі қауіпсіздік талаптары бұзылған жоқ

    Өнеркәсіптегі қауіпсіздік талаптары бұзылған жоқ

    2 years ago
    Астанада ТКМ саласындағы корпоративтік университеттердің Қазақстандағы алғашқы халықаралық форумы өтті

    Астанада ТКМ саласындағы корпоративтік университеттердің Қазақстандағы алғашқы халықаралық форумы өтті

    7 months ago
    Тасқын болған аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары басталады

    Тасқын болған аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары басталады

    2 years ago
    Министр: Есірткіге тәуелді жастарды анықтайтын скрининг енгізіледі

    Министр: Есірткіге тәуелді жастарды анықтайтын скрининг енгізіледі

    3 years ago
    Шаруа қожалықтарын аралады

    Шаруа қожалықтарын аралады

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>