⛅
5°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер Алматы облысының төрт ауданында мамандандырылған көмек көрсетті

    15.12.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер Алматы облысының төрт ауданында мамандандырылған көмек көрсетті
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен шетелде тәжірибеден өткен жоғары білікті дәрігерлерден құралған мобильді топ Жамбыл, Қарасай, Іле және Талғар аудандарында халықты қабылдап, мамандандырылған медициналық көмек көрсетті. Қысқа уақыт ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.
    Барлығы 725 науқас тексеруден өтті.Әртүрлі күрделіліктегі 18 ота жасалды. Анықталған аурулар бойынша қажетті кеңестер беріліп, диспансерлік бақылауға алу жұмыстары жүргізілді.
    Мобильді топ аудандық ауруханалардың дәрігерлеріне анестезия, жаңа туған нәрестелерді реанимациялау, акушерлік-гинекологиялық қызметті ұйымдастыру бойынша семинарлар өткізді. Бұл шаралар өңірдегі медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.
    Баспасөз мәслихатында Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов мобильді топтың маңыздылығына ерекше тоқталды:
    «Бұл бастаманың негізгі мақсаты – өңір тұрғындарына жоғары білікті мамандардың көмегін қолжетімді ету. Шетелде тәжірибе жинақтаған дәрігерлеріміз тек науқастарды қабылдап қана қойған жоқ, сонымен қатар аудандық медицина қызметкерлерін оқытып, тәжірибе алмасты. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Мобильді топтың нәтижесі – тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған нақты қадам», – деді басқарма басшысы.
    Мобильді топ қызметі өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттырудың тиімді құралы ретінде алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

    Ұсынымдар

    Цифрлық болашақ бүгіннен басталады

    Цифрлық болашақ бүгіннен басталады

    11 months ago
    ТАҒАЙЫНДАУ

    ТАҒАЙЫНДАУ

    6 months ago
    Алаш айбынын асырған

    Алаш айбынын асырған

    5 months ago
    Отбасы – от басу емес

    Отбасы – от басу емес

    6 months ago
    Марат Сұлтанғазиев: Chicco бренді Алатау қаласын таңдады

    Марат Сұлтанғазиев: Chicco бренді Алатау қаласын таңдады

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>