⛅
-1°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Талапқа сай

    13.12.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Талапқа сай
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Облыс орталығындағы Жамбыл көшесінің бойында «KHAN courmet» кәсіпорнының халал стандартына сай өнімдерін сата­тын дүкен ашылды.

    Осыған орай өткен салтанатты рәсімде алғашқы сөз кезегін алған облыстың бас имамы Мадияр Тағайбайұлы жиналған көпшілікті жаңа дүкеннің ашылуымен құттықтап, Қонаев ҚМДБ-ның халал стандарты бойынша сертификат алған сауда орнының тағы біреуге көбейгеніне қуанышты екенін жеткізді. Елімізде мұндай 5 мыңға жуық компания тіркелсе, облыс көлемінде 77 мекеме бар екенін алға тартты.
    Келесі кезекте Қазақстан мұсыл­мандары діни басқармасы жанынан құрылған шариғат нормалары мен халал стандарт тәртібі бойынша стандарттау және сертификаттаумен айналысатын «Халал Даму» мекеме­сінің Алматы облысындағы өкілі Жанәбіл Жұмабеков «KHAN courmet» кәсіпорнының өкілі Талғат Хамзаұлына халал сертификатын табыстады.
    – Бұл Қонаев қаласындағы халал стандартына сай келетін екінші дүкен. Бұған дейін «Маки Маки» дәмханасы сертификат алған болатын. Сондай-ақ «Бауырдақ» мейрамханасы да қажетті талап-шарттарды орындап, құжаттарын рәсімдеуде. Келісімшарт негізінде біздің тарапымыздан жоспарлы және ескертусіз тексерулер болып тұрады. Мал мен тауықтың жейтін жемінен бастап сойылу, тасымалдау, сату барысын қадағалаймыз, – деді Жанәбіл Жұмабеков.
    Одан кейін Қонаев қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Базарбай Оралбаев сөз алып, жаңа сауда орнының халыққа үлгілі қызмет көрсететініне кәміл сенімді екенін білдіріп, дүкеншілердің істеріне сәттілік тіледі.
    «Жақсыны көрмек үшін» дегендей, осындай қуанышты сәтке куә болуға келген дүйім жұрт есігін айқара ашқан дүкен ішіне еніп, «KHAN courmet» кәсіпорнының өнімдерімен, бағасымен танысты. Ел игілігі үшін ашылған сауда орнында ет, шұжық, жартылай фабрикат өнімдерінің сан алуан түрі бар болып шықты.
    Қазіргі уақытта дүкеннің ашылуы елді елең еткізерлік жаңалық бола қоймас. Дегенмен мұнда саудалана­тын өнімдердің Ислам дінінің негізгі қағидаларын берік ұстанатын жандар үшін маңыздылығымен және бағасының нарықтағы бағадан төмендігімен ерекшеленетінін атап өткен жөн.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    “”Көкпек-Кеген-Түп” жолы осы айдың соңына дейін жөнделеді – “ҚазАвтоЖол”

    “”Көкпек-Кеген-Түп” жолы осы айдың соңына дейін жөнделеді – “ҚазАвтоЖол”

    2 years ago
    Ата Заң аясында

    Ата Заң аясында

    4 months ago
    Әнімен жүрек тербеген

    Әнімен жүрек тербеген

    6 months ago
    Қонаев қаласында қыс маусымына дайындық қалай?

    Қонаев қаласында қыс маусымына дайындық қалай?

    2 years ago
    Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>