⛅
-1°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тәні саудың – жаны сау

    13.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Тәні саудың – жаны сау
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Асыл дініміз Исламда тән саулығы мен жан саулығына аса қатты мән беріледі. Тән саулығы тазалықтан басталады. Дініміздегі шариғат талаптарымен бекітілген дәрет және ғұсыл – тән тазалығының бастауы. Жуынып, таза жүрген адамға ауру да жоламайтыны ақиқат.

    Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Тағамның берекеті алды-артында қол жуу», – деген. Адам баласы тән тазалығын сақтауымен қатар ішіп-жейтін тағамның да адалдығы мен пайдалы­сынан тұтынуды бірінші орынға қоюы керек. Бұл денсаулығымыздың мықты болуына себепкер. Алла Тағала Құранда: «Жер бетінде жаратқан нәрселерімнің таза әрі адалынан ішіңдер, жеңдер», – деген. Байқап қарасақ, көп адам өз денсаулығына мән бермейді. Ең зиянды делінетін арақ-шарап, темекі, нашаға әуестеніп, энер­ге­тикалық сусындарды тұтыну арқылы өздеріне зиян жасауда.
    Біз осылайша өз денсау­лығы­мызға кереғар келетін амалдар жасап, оның кесірінен ауруға ұшырасақ, оны тағы Алладан көріп жатамыз. Бұл жайында Құранда: «Алла адам­дарға еш зұлымдық қылмайды, бірақ адамдар өздеріне-өздері зұлымдық қылады», – деп айтылған. Осы аятқа терең мән беріп қарасаңыз, біз көбінесе өзіміз біліп тұрып өзімізге зиян жасайтынымыз рас екеніне көз жеткіземіз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір мүбәрак хадисінде: «Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар, ол – денсаулық және бос уақыт», – деген. Сондықтан өз денсаулығымызға ерекше мән беріп, салауатты өмір салтын ұстанып, уақытты босқа өткізбей, спортпен айналысуымыз керек.
    Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда жақсырақ әрі Аллаға ұнамдырақ», – деген. Адам баласы өз өмірін жақсы жаққа қарай өзгертуге әрекет жасауы керек. Дәлел ретінде Алла Тағала Құранда: «Қай бір қауым өзін өзгертпейінше, Алла оларды өзгертпейді», – дейді. Демек, тән мен жан саулығын жақсарту өз қолымызда!
    Адам денсаулығы тек дененің мықтылығымен өлшенбейді. Егер жүрегімізде уайым көп, ойымызда тыныштық болмаса, онда өмірімізге береке де орнамайды. Денеміз түрлі ауруға бейім бола бастайды. Адамның ішкі жан дүниесінің тазалығы мен көңіл-күйінің жақсы болуы денсаулыққа тікелей әсер етеді. Бір адам сырттай күліп жүргенімен ішінде мазасыздық, реніш, ашу болса, ол адамның денесінде шаршау, әлсіздік, бас ауруы өршуі мүмкін. Ал керісінше жан дүниесі тыныш, көңілі орнықты, ойы таза адамның жүзі жарқын, денсаулығы да жақсы болады. Бұл адамның психологиялық жағдайы мен физикалық саулығының бір-бірімен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан күнделікті өмірде өз денсаулығымызға өте сақтықпен қарау маңызды. Мысалы, табиғатта серуендеу, кітап оқу, таза, табиғи өнім қолдану, спортпен шұғылдану, көңілді ортада көп жүру адам денсаулығын мейлінше жақсартатыны сөзсіз.
    Ең күшті дәрі бар, ол – махаббат, мейірім, сабыр және рухани тазару. Сол себепті сыртқы келбетті күнделікті күткеніміздей ішкі жан дүниемізге де аса мән берген жөн. Нағыз қуатты, мықты адамның формуласы – жан мен тәннің үйлесімділігінде! Сондықтан тек материалдық жағдайымызды, киген киімімізді ойламай, жан дүниемізді күтуге мейлінше уақытымызды бөлейік. Алла Тағала баршамызға тән мен жанның саулығын, екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін!

    Азамат БҰХАРБЕКОВ,
    Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінің
    бас имамы

    Ұсынымдар

    Жеңіл атлетикадан жарыс өтті

    2 years ago
    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе»

    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді»

    2 months ago
    Агроөнеркәсіпті дамыту – уақыт талабы

    Агроөнеркәсіпті дамыту – уақыт талабы

    6 months ago
    Алматы облысына жарты жылда 420 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

    Алматы облысына жарты жылда 420 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

    5 months ago
    Қазақстан мұнай өңдеуді дамытудың ұзақмерзімді стратегиясын жүзеге асыруда

    Қазақстан мұнай өңдеуді дамытудың ұзақмерзімді стратегиясын жүзеге асыруда

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>