⛅
-0°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тыныштық – отбасында!

    27.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Тыныштық – отбасында!
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

        Іле ауданы Боралдай кентіндегі «Арын қажы» мешітінде «Отбасындағы және бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты форум өтті. Тағылымды шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мақсат Сейдалиев, Іле аудандық аналар кеңесінің төрағасы Мейрамгүл Түйебайқызы, Іле ауданының бас имамы Талғат Сүлейменов, Ауған соғысы ардагерлері, ақсақалдар, көпбалалы аналар мен мектеп оқушылары қатысты.

    Тәрбиелік мәні зор шарада ауданның бас имамы Талғат Сүлейменов мазмұнды баяндама жасап, отбасы құндылықтарына кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде: «Ислам діні отбасы институтына айрықша мән береді. Әке – отбасы тірегі. Исламда әкенің рөлі тек материалдық қамқорлықпен ғана шектелмейді, ол рухани, тәрбиелік әрі қоғамдық жауапкершілікті де өз мойнына алады», – деп атап өтті.
    Ауған соғысының ардагері Мұхамедәлі Орманқұлұлы да ой-пікірін ортаға салып, ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің орны туралы тағылымды әңгіме қозғады.
    Боралдай кентіндегі аналар кеңесінің төрағасы Марқаба апамыз:
    «Бала тәрбиесі оңай іс емес. Бұл жолда әкенің рөлі ерекше, себебі ол – бала үшін еліктеудің ең басты үлгісі әрі ақылшы тұлға», – деді.
    Іле аудандық ұйғыр этномәдени орталығының жетекшісі Рашидам Ушурова еліміздегі татулық пен бірліктің маңызын атап өтті. «Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп келеді. Барлығының жүрегінде бір ел, бір арман, бір сенім бар. Еліміздегі тыныштық пен бейбіт өмір – халқымыздың бірлігінің жемісі. Ал сол тыныштықтың бастауы – отбасы. Отбасындағы берекенің кепілі – ер азамат», – деп ол әкенің қоғамдағы рөлін айқындап өтті.
    Екі сағатқа созылған тағылымды семинарды А.Тоқпанов ауылдық аналар кеңесінің төрағасы Баян Топарова қорытындылады. «Біз ардагерлер ретінде қоғамның өзекті мәселелерін жиі көтереміз. Әртүрлі жиындарда, мектептер мен Мәдениет үйлерінде болдық. Ал осындай маңызды тақырыпты алғаш рет қасиетті мешіттің іргесінде талқылап отырмыз. Бұл – үлкен мәні бар іс. Осы жиынға көпбалалы аналардың қатысуы қуантарлық жайт. Ұрпақ әкелу – үлкен сауап», – деді ол. Шараның құрметті қонағы, ұлағатты ұстаз Шынәділ Мұқанұлы қазақ қоғамында дана қариялар бабалар тарихын, ерлігін шежіре арқылы ұрпақ санасына сіңіріп отырған. Сондықтан дәстүрлі қазақ қоғамында әкеге деген құрмет ерекше орын алғанын тілге тиек етті.
    Кездесу мазмұнды әрі тағылымға толы болды. Жиналған қауым рухани азық алып, шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

    Бағдат ШОЙБАС

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Тазалық акциясы Жамбыл ауданында да жалғасын тапты

    “Таза бейсенбі” – таза ауыл

    2 years ago
    Қонаевта “Бірлік fest” фестивалі өтті

    Қонаевта “Бірлік fest” фестивалі өтті

    3 years ago
    Алматы облысында кәсіпкер жастарға 1,9 млрд теңге несие беріледі

    Алматы облысында кәсіпкер жастарға 1,9 млрд теңге несие беріледі

    3 years ago
    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    2 years ago
    Салмақты сөз

    Салмақты сөз

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>