🌫️
-7°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ҰЭМ, Ұлттық банк және ҚНРДА 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндіретін бірқатар кеңестерін аяқтады

    09.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    ҰЭМ, Ұлттық банк және ҚНРДА 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндіретін бірқатар кеңестерін аяқтады
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндірудің қорытынды онлайн-кеңесін өткізді. Талқылауға “Атамекен” ҰКП, “Бәйтерек “ҰБХ” АҚ барлық облыстық филиалы, бизнес, әкімдік өкілдері қатысты. Ағымдағы жылғы 27 қараша мен 5 желтоқсан аралығында барлық өңірде кездесу өткізілді. Оларға 500-ден астам адам қатысты.

    19 қарашада Үкімет отырысында ұсынылған бағдарлама макроэкономикалық тұрақтылықты нығайтуға, инфляцияны төмендетуге, ішкі өндірісті молайтып, азаматтардың әл-ауқатының тұрақты өсуіне арналған. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ұсынылған шаралар ортамерзімдік перспективада тұрақты экономикалық дамудың берік іргетасын қалайтынын атап өтті.

    Бағдарламаны іске асырудың негізгі операторы ретінде “Бәйтерек” ұлттық инвестициялық холдингі белгіленген. Ол кәсіпкерлікті, экспорттық жобаларды, АӨК және қолжетімді тұрғын үй бағдарламаларын және т.б. қолдайды. Холдинг екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, ірі инвестициялық жобалар үшін де, экономикалық өсудің жаңа нүктелері үшін де нақты секторға ұзақмерзімдік кредит берудің негізге көзіне айналмақ. 2026 жылғв холдинг жобаларының портфелі мыналар: 42% – химия және мұнай – газ химия өнеркәсібі, 19,6% – көлік және логистика, 12,1% – энергетика, 7,1% – ТМК, 6,4% – АӨК және тамақ өнеркәсібі.

    Қаржыландырға қол жеткізу үшін Үкімет 2026 жылы холдингке капиталдандыру үшін 1 трлн теңгеге дейін қаржы бөлуді жалғастырады. 2027-2028 жылдары қосымша қолдау мәселесі ағымдағы экономикалық жағдай мен нақты сектордың қажеттілігіне сүйене отырып, қаралмақ.

    “Инвестицияға тапсырыс” бағдарламасы шеңберінде холдинг өңірдегі жобаларды талдау үшін әкімдіктермен жұмыс кездесуін өткізеді. Орталық мемлекеттік органдар да өз ұсынысын құрмақ. Барлық бастама жүйелі сүйемелдеу үшін ұлттық цифрлық платформаға енгізіледі.

    Экспортқа бағдарланған жобаларға ШОБ-тың көп қызығушылық білдіруде. Мұндай бастамаларды қаржыландыру тетігі бойынша 20% меншікті қаражат және 80% “Бәйтерек” холдингі арқылы қарыздық қаржы берілуі мүмкін.

    Сонымен қатар, холдинг өңірлердің артықшылықтарына – табиғи ресурстарға, көлікке қол жеткізуге, туристік әлеуетке және инфрақұрылымға негізделген жаңа өндіріс құруды белсенді түрде ұсынады.

    Кеңес барысында қатысушылардың барлық мәселесі тыңдалды. Олардың көпшілігі ШОБ-ты дамыту, пайыздық мөлшерлеме, шағын өнеркәсіп аймағын құру, МЖӘ тетіктері мен өнімді сатуға қатысты. Әр сұраққа егжей-тегжейлі түсінік берілді. Жобаның бүкіл мерзіміне пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға кепілдік беру — негізгі мәселе.

    Бұған жауап ретінде “Бәйтерек” холдингінің өкілдері “Даму” қорының бағдарламаларын трансформациялау шеңберінде тікелей субсидиялау айтарлықтай қысқартылғанын және ЭҚЖЖ тізбесі бойынша тек жобаларға ғана 200 млн теңгеге дейін сақталатынын түсіндірді. Қолдаудың негізгі құралы екінші деңгейдегі банктерді жеңілдікті мөлшерлемемен қорландыру. Бұл бизнеске жобаның бүкіл мерзіміне жылдық 12,6% қаржы алуға мүмкіндік береді.

    Бұл шарттарға кепілдік берілмек. Өйткені қорландыру қаражаты “Бәйтерек” арқылы бөлініп, “Даму”қорына берілді. Жоба болашақ бюджеттік шешімдерге тәуелді емес. Қаржыландыруға кредит берудің барлық кезеңінде қол жеткізіледі.

    Ұсынымдар

    Алатауда «Заң мен тәртіп» жобасы аясындағы республикалық ашық бокс турнирі өз мәресіне жетті

    Алатауда «Заң мен тәртіп» жобасы аясындағы республикалық ашық бокс турнирі өз мәресіне жетті

    4 weeks ago
    Алаяққа алданбайық!

    Алаяққа алданбайық!

    22 hours ago
    ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

    ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

    1 year ago
    Жолан Омаров атындағы байқаудың жүлдегерлері анықталды

    Жолан Омаров атындағы байқаудың жүлдегерлері анықталды

    3 years ago
    Кәсіпкерлікке қолдау зор

    Кәсіпкерлікке қолдау зор

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>