☀️
16°C
Қонаев
Сәрсенбі, Наурыз 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа ғимарат берілді

    30.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Жаңа ғимарат берілді
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

        Кеген ауданында Тасашы ауылдық округі әкімі аппараты­ның жаңа әкімдік ғимараты пайдалануға берілді. Аталған нысанның құрылыс жұмысына бюджеттен 349,6 млн теңге бөлінген. Ғимаратты 8 ай көлемінде «Астана-Құрылыс» компаниясы тұрғызды. Мұнда заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған жеті кабинет, бір конференц залы бар.

    Жаңа ғимараттың ашылу салта­натына облыс әкімі аппаратының басшысы Мұрат Мәдіғұлов, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыман, Райымбек ауданының Құрметті азаматы Рақымхан Нүптекеев, мекеме басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, ауыл әкімдері және ауыл тұрғындары қатысып, қуанышқа  ортақтасты.
    Алғашқы құттықтау сөз алған облыс әкімі аппаратының басшысы Мұрат Бақыткерімұлы:
    – Бұл – ауыл тұрғындарына сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған маңызды қадам, елді­мекен­дерді дамытуға бағдарланған мемлекеттік саясаттың нақты көрінісі. Пайдалануға беріліп отырған әкімдік ғимараты стратегиялық бағдарлама­лардың жергілікті жерде іс жүзінде жүзеге асып жатқанының айқын дәлелі, – деді.
    Келесі кезекте сөз алған аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы пайдалануға беріліп отырған ауылдық әкімдіктің жаңа ғимаратында мамандар үшін барлық жағдайдың жасалғанын айта келіп, осындай жайлы ортада мемлекеттік қыз­меткерлердің жаңаша жұмыс істей­тініне сенім білдірді. Ғимараттың құрылыс жұмысын сапалы жүргізген «Астана-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрышқолды құрылысшыларына алғыс айтты.
    Бұдан соң Райымбек ауданының Құрметті азаматы Рақымхан Нүптекеев, ардагер-ұстаз Жеңіс Қарабалаев ыстық ықыласқа толы тілектерін жеткізіп, ақ баталарын берді.
    Салтанатты шарада «Астана-Құрылыс» компаниясының директоры Нұрлан Қасымбаев ғимараттың симво­ликалық кілтін Тасашы ауылдық округінің әкімі Ерболат Төребаевқа табыс етті.
    Жаңа нысанның ашылуына қатысқан жергілікті тұрғындар да қуанышын жеткізді.
    – Мен ұзақ жыл бойы ауылшаруа­шылық саласында жұмыс істедім. Бұрынғы ескі әкімдік ғима­раты 1970 жылдары салынған, одан соң мамандар Мәдениет үйіне қоныс­танды. Құрылыстың бригадирі Ерлан Исмайылов, құрылысшы Мұхит Жусанбеков сынды азаматтарға алғыс айтамын. Жаңа жыл қарсаңында бұл бәріміз үшін ерекше сый болды, – деді ауыл тұрғыны Сәрсенбай Мамырбаев.
    Көптен күткен сәулетті ғимараттың лентасы қиылды. Ақ жаулықты аналар шашу­ларын шашып, құтты болсын десті. Алыс-жақыннан келген меймандар ғимараттың ішін аралап көрді. Аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әуелете ән шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
    Жаңа нысанның халық игілігіне берілуі ауылдың болашағы баянды, келешегі кемел екенін айқындай түсті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық ойындар – ұрпаққа рух, дәстүрге құрмет
    25.03.2026
    Президент «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлық шығарды
    24.03.2026
    Дешёвый бензин в Казахстане: преимущество или ущерб экономической эффективности
    24.03.2026
    Дешевый бензин в Казахстане: кому на самом деле это выгодно
    24.03.2026
    Рискует ли Казахстан попасть в энергетическую ловушку из-за дешевого бензина
    24.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>