⛅
4°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа көліктер табысталды

    27.12.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңа көліктер табысталды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Жаңа жыл қарсаңында Жедел жәрдем қызметі мен ветеринариялық ұйымдарға жаңа қызметтік автокөліктердің кілті табысталды. Салтанатты шарада сала мамандарын облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов мерекемен құттықтап, халықтың денсаулығын сақтау мен тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуде дәрігерлер мен ветеринария саласы мамандарының еңбегі ерекше екенін атап өтті.

    – Өтіп бара жатқан жыл нақты істермен, мазмұнды бастамалармен және маңызды нәтижелермен есте қалды. Бүгін сол еңбектің қорытындысын жасап, өздеріңізбен мерейлі мереке аясында жүздесіп отырмыз. Облыста «Өнеркәсіпті дамыту қоры» ұсынған лизингтік бағдарлама шеңберінде әлеуметтік маңызы жоғары салаларға қолдау көрсетілді. Соның аясында 1,6 млрд теңгеге ветеринариялық салаға 71 бірлік арнайы техника, сондай-ақ жедел медициналық қызметке 4,4 млрд теңгеге 90 арнайы автокөлік сатып алынды. Жедел медициналық жәрдем қызметі – денсаулық сақтау жүйесіндегі ең маңызды сала. Сондықтан біз медициналық нысандарды салып, оларды техникамен жабдықтаумен қатар Жедел жәрдем автопаркін де кезең-кезеңімен жаңартып келеміз. Басты мақсат – кез келген елдімекенде тұрғындарға жедел әрі сапалы медициналық көмек көрсету. Бүгін Жедел жәрдем қызметі 20 жаңа санитарлық автокөліктермен толықтырылды. 2026 жылдың ақпан айына дейін лизингтік қаржыландыру арқылы тағы 70 санитарлық автокөлік жеткізу жоспарланған. Бұл әсіресе ауылдық жерлерде шақыртуға жету уақытын қысқартып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деді Қанат Болатұлы.
    Салтанатты шараға қатысқан әр ауданнан келген еңбек ардагерлері Жедел жәрдем және ветеринариялық сала қызметкерлеріне «JAC T6» және «ГАЗ-231073» автокөліктерінің кілтін табыстады. Бұл көліктер құмды жерлер мен шалғай ауылдарға еш қиындықсыз қатынай алады. Сонымен қоса аталған автокөліктер алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
    Нақты деректерге жүгінсек, биыл аймақ аумағында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 38 медициналық нысан салу жоспарланған. Олардың қатарында дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер бар. Жыл соңына дейін тағы екі амбулаторияның құрылысы аяқталады. Қазіргі таңда Алматы облысында бір Жедел жәрдем стансасы, 12 қосалқы станса және 64 ауылдық дислокация жұмыс істейді.
    Облыс әкімдігінің мәліметінше, желтоқсан айына дейін ветеринария бөлімшелеріне 13 автокөлік берілген. Соңғы жеткізілімдерді қоса есептегенде, аймақтағы ветеринария саласының автопаркі 68 пайызға жаңартылған. Жаңа автокөліктер ветеринария мамандарының жұмыс тиімділігін арттырып, тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет етуге, профилактикалық және эпизоотияға қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізуге, сондай-ақ ауылдық елдімекендердегі эпизоотиялық жағдайды бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

    Ермұрат МҰҚЫРБАЙ

    Ұсынымдар

    Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

    Мемлекет басшысы халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

    2 years ago
    Әлеуметтік осал топтарға тұрғын үй: Алматы облысында 1000-нан астам отбасы баспаналы болды

    Әлеуметтік осал топтарға тұрғын үй: Алматы облысында 1000-нан астам отбасы баспаналы болды

    3 months ago
    Мопед мінген осы деп…

    Мопед мінген осы деп…

    2 years ago
    ТАҒАЙЫНДАУ

    ТАҒАЙЫНДАУ

    1 month ago
    Дыбысты дабыл қосу алгоритмі қайта қаралып жатыр

    Дыбысты дабыл қосу алгоритмі қайта қаралып жатыр

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>