[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖАҢА ЖЫЛ, ЖАҚСЫЛЫҒЫҢМЕН КЕЛ!

    30.12.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ЖАҢА ЖЫЛ,  ЖАҚСЫЛЫҒЫҢМЕН КЕЛ!
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!
    Сіздерді келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!
    2025 жыл өңір үшін табысты да берекелі кезең болды. Халқымыздың ынтымағы мен ауызбіршілігінің арқасында бейбіт өмір мен тұрақтылығымызды сақтап, жаңа бастамаларға жол аштық. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында да маңызды оң көрсеткіштерге қол жеткізіп, атқарылған жұмыстар өз нәтижесін берді.
    Мемлекет басшысы: «Еліміздің баға жетпес байлығы және қайта құрудың негізгі қозғаушы күші – адамдар, біздің азаматтар. Сондықтан әр азамат жауапкершілікті өзінен бастауы керек. Бәрі ортақ іске жұмылмайынша, жергілікті әкімдіктер де, қандай да бір саяси шешімдер мен экономикалық тетіктер де елді жаңарту мақсатына жетелей алмайды», – деп өз сөзінде Әділетті Қазақтан құрудағы әр қазақстандықтың ерекше рөлін айқындап көрсеткен болатын.
    Біздің күшіміз – бірлікте! Жаңа жылда өңір халқының әл- ауқатын арттыру бағытында облыстың әр тұрғынымен бірлесе еңбек етеміз деп сенемін. Тас-түйіндей болып тұтастығымызды бекемдей білсек, елдігіміз нығая түспек. Келер жыл Алматы облысының әр тұрғыны үшін құтты жыл боларына нық сенімдімін.
    Қымбатты жерлестер!
    «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген халық даналығы бізді өткенді таразылап, болашаққа сеніммен қарауға жетелейді.
    2026 жылы өлкемізді оң өзгерістер күтіп тұр. Президент бас­тамашы болған саяси және әлеуметтік реформаларды орындау үшін қажетті жұмыстар атқарылады. Алға қойған межеге қоғамның ауызбіршілігі мен ортақ күш-жігері арқылы қол жеткізуге ұмтылып, өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бағытында әрбір салада жүйелі жұмысты жалғастыратын боламыз.
    Жаңа жылда еңбектеріңіз игілікті болсын! Баршаңызға мықты денсаулық, табыс, ырыс пен бақ-береке, отбасыларыңыз­ға амандық тілеймін.
    Жаңа жыл құтты болсын!

    Ізгі тілекпен,
    Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ,
    Алматы облысының әкімі

    Ұсынымдар

    Кәсіпкер келін

    Кәсіпкер келін

    2 years ago
    Мемлекет басшысы China National Petroleum Coprporation директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

    Мемлекет басшысы China National Petroleum Coprporation директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

    4 months ago
    Astana Media Week 2025: заманауи журналистиканың жаңа бағыттары

    Astana Media Week 2025: заманауи журналистиканың жаңа бағыттары

    2 months ago
    Алма бағы жайнаған

    Алма бағы жайнаған

    1 year ago
    Алматы облысында автокөліктерді алғашқы тіркеу үшін төленбеген мемлекеттік баждарды өндіру шаралары жүргізілуде

    Алматы облысында автокөліктерді алғашқы тіркеу үшін төленбеген мемлекеттік баждарды өндіру шаралары жүргізілуде

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>