⛅
5°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңғырған автожол

    27.12.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңғырған автожол
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

        Халықаралық «Орталық – Оңтүстік» көлік дәлізінің «Астана – Қарағанды – Балқаш – Алматы» бағыты бойындағы маңызды буын саналатын республикалық «Күрті – Қонаев» автожолы қайта жаңғырды. Пайдалануға берілген жолдың жайын облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бағамдап қайтты.

    Бүгінде ұзындығы 67 шақырым аралықты қамтитын төрт жолақты жолда көліктер жүре бастаған. Жөндеу жұмыстарынан кейін жолдың өткізу жолақтары кеңейтіліп, қауіпсіздік едәуір арттырылған, жүру уақыты қысқарған. Аталған жоба Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаражаты есебінен қаржыландырылған. Қолда бар ақпаратқа негізделсек, қайта жаңғырту параметрлеріне сәйкес автожол І Б техникалық санатқа сай келіп, төрт жолақты қозғалысқа келтірілген.
    Жоба шеңберінде төрт көпір құрылысы, бір көлік айырығы, айырық құрамындағы бір жол өткелі, бес көлік тоқтау алаңы және 61 су өткізу құбыры салынған. Нысан құрылысына 305 маман мен 104 бірлік құрылыс техникасы жұмылдырылған. Кәсіби мамандардың сөзіне сүйенсек, аталған жоба транспорттық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, жұмыс орындарын ашу және бизнесті өркен­детуге мол мүмкіндік ашпақ.
    «Ұзындығы 67 шақырымды құрайтын «Күрті – Қонаев» автомобиль жолы – Алматы облысының көлік инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Тек биылдың өзінде аймақта облыстық маңызы бар 178 шақырым жол және көше-жол желісінің 473 шақыры­мы ретке келтірілді. Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясымен бірлескен жұмыстың нәтижесінде республикалық маңызы бар 341 шақырым автожол жөндеуден өтті. Бұл жобалар жол жүру уақытын қысқартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және бизнес пен облыс тұрғындары үшін анағұрлым қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», – деп бастаманың маңызын атап өтті облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.
    «ҚазАвтоЖол» ұлттық ком­паниясы» АҚ-ның мәліметіне сүйенсек, 2025 жылы 341 шақырым автожол жөнделген. Оның 109 шақырымына қайта жаңғырту жұмысы жүргізілсе, бір шақырым жол күрделі жөндеуден, 232 шақырым жол орташа жөндеуден өткен. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ 2026 жылы Алматы облысында жол жобаларын жүзеге асыруды одан әрі жалғастырады. Оның ішінде өтпелі учаскелерді аяқтау және республикалық автожол пайдаланушылары үшін қозғалыс қауіпсіздігін, өткізу қабілетін әрі жайлылықты арттыруға бағытталған жобалар бар.

    Ерзат АСЫЛ

    Соңғы жаңалықтар

    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ Н.ТІЛЕНДИЕВ АУЫЛЫНДАҒЫ №26 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ БАЙСЕРКЕ АУЫЛЫНДАҒЫ №12 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    Адамға бағдарланған Ата Заң
    05.03.2026
    Коалиция мүшелері №18 орта мектеп ұжымымен кездесті
    05.03.2026
    Коалиция өкілдері №5 орта мектеп ұстаздарымен кездесті
    05.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>