⛅
5°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жас балуандар белдесті

    23.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Жас балуандар белдесті
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Балқаш аудандық дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, ұлағатты ұстаз Алтынбай Бейсебековті еске алуға арналған облыстық турнир өтті.

    Сайысқа облыс көлеміндегі барлық аудандар мен Алматы қаласынан, сондай-ақ Жетісу, Түркістан және Ақтөбе облысынан 2010-2011 жылдары туған жас балуандар қатысты. Олар бозкілемде 10 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты.
    Жарыстың ашылу салтанатында Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов майдангер ұстазды еске алуға арналған спорттық шараның жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетінін айтып, оның ұрпақ тәрбиесі жолында сіңірген еңбегіне тоқталды. Бұдан кейін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ақжүрек Таңатаров аталған турнирді ұйымдастырған Балқаш ауданының Құрметті азаматы Мұратбек Бейсебековті «Спорт жанашыры» төсбелгісімен марапаттады.
    Жетісу облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Рысқұл және «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Алтынбай Бейсебековтің туыстары атынан сөз кезегін алған Сүлеймен Жүнісов марқұмның ұстаздық жолда атқарған еселі еңбегі мен ағайын-туысқа деген сыйластығын, ұлағатты сөздерін еске алып, турнирдің өткізілуіне атсалысып жатқан аудан әкімдігіне және спорт саласының қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
    Турнирге қатысқан 200-ден астам жас балуан өз салмақ дәрежесінде бәсекеге түсті. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысынан Әлихан Сағатов пен Ерсұлтан Сағызбек, Алакөлден Дарын Мәулітбекұлы мен Жанат Кенжебайұлы, Алматы қаласынан Нұрлыбек Мақсатбай мен Мирас Іңкәр, Ақтөбе облысынан Ислам Өмірзақ, Жетісудан Бекзат Қоғайбек және Түркістаннан Иманғали Бақдәулет топ жарды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, грамота және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Жарық пен шабыттың қайнар көзі
    06.03.2026
    Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп базасында «Stop Coruption» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді
    06.03.2026
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ҚОСӨЗЕН АУЫЛЫНДАҒЫ №50 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ Н.ТІЛЕНДИЕВ АУЫЛЫНДАҒЫ №26 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ БАЙСЕРКЕ АУЫЛЫНДАҒЫ №12 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>