☀️
-1°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жеңімпаздар марапатталды

    05.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік, Қоғам
    Жеңімпаздар марапатталды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Қарасай ауданында «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттердің 16 күні» акциясы аясында көптеген іс-шара ұйымдастырылды. Солардың бірі – мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өткен «Жан жарасы»  тақырыбындағы бейнероликтер байқауы. Аталмыш байқаудың өтуіне аудандық полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бөлім қызметкерлері мен ішкі саясат бөлімі ұйытқы болды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде өтті.

    Қазылар алқасының құрамында  облыстық полиция департаментінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бөлімінің қызметкерлері Динара Тәңірберген мен Гүлзада Сабырова, аудандық отбасын қолдау орталығының директоры Елена Константинова және ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айжан Балажанова болды. Қатысушылардың жұмыстарын бағалау кезінде бейнероликтің мазмұны, тақырыпқа сәйкестігі, әлеуметтік мотивациясы, түсірілім мен монтаждың сапасы ескерілді.
    Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Қаскелең мәдениет колледжі жеңіп алды. С. Керімбеков атындағы орта мектеп – 1-орын, Еуразия көпсалалы колледжі – 2-орын, ал «Аяжан Қарасай» медициналық колледжінің студенттері 3-орынды иеленді. Жеңімпаздар мен үздік қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Оларға белсенді азаматтық ұстанымдары, қоғамдық маңызы бар тақырыпты жарыққа шығарып, мазмұнды, жүрек тебірентерлік бейнероликтер дайындағаны үшін алғыс білдірілді.
    – Байқау жас ұрпақтың қоғамдағы маңызды мәселелерге бейжай қарамайтынын және адам құқықтарын қорғауға ұмтылатынын көрсетті.  Аудандағы жастардың осындай әлеуметтік маңызы бар бастамаларға қатысуы қауіпсіз орта қалыптастыруға, өскелең ұрпақты үйлесімді тәрбиелеуге және зорлық-зомбылықсыз салауатты қоғамды тұрақты дамытуға елеулі үлес қосады, – деді шараны қорытындылаған аудандық полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Элмира Есенбаева.

    Қуат ӘБІЛҰЛЫ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Елордада Алматы облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

    Елордада Алматы облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

    2 years ago
    Жаһандық журнал

    Жаһандық журнал

    1 month ago
    Президент референдум туралы мәлімдеме жасады

    Президент референдум туралы мәлімдеме жасады

    1 year ago
    Талғарда референдумға қатысқандарға апорт алмасы арзанға сатылды

    Талғарда референдумға қатысқандарға апорт алмасы арзанға сатылды

    1 year ago
    IQanat Олимпиадасы: Алматы облысындағы 6,5 мың ауыл баласы не үшін күреседі?

    IQanat Олимпиадасы: Алматы облысындағы 6,5 мың ауыл баласы не үшін күреседі?

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>