☀️
3°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

    23.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Зорлық-зомбылыққа  жол жоқ!
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Республикалық «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы Жамбыл ауданында түрлі шаралармен өтті. Бұл күндері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Отбасын қолдау орталығы және полиция басқармасының тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тобы бірлесе жұмыс атқарды.

    Акция басталған алғашқы күні Отбасын қолдау орталығында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Оған Қарағанды облысының Теміртау және Балқаш қалаларынан, сондай-ақ Түркістан облысының Отырар, Шардара, Мақтарал аудандарындағы Отбасын қолдау орталықтарының өкілдері арнайы келіп қатысты. Кездесу барысында орталық қызметінің бағыт-бағдары таныстырылып, өзара тәжірибе алмасты. Бұл шара зорлық-зомбылық көріп, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету бойынша бірлескен жұмыстың сапасын арттыруға бағытталды. Кездесу Жамбыл Жабаев музейіне сапармен жалғасып, қонақтар жақсы әсер алып қайтты.
    Аталған шара үздіксіз жүргізіліп, аудан орталығындағы халық көп жиналатын орында зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жадынама, буклеттер таратылды. Әлеуметтік желілерде зорлық-зомбылыққа жол жоқ, әр адамның қауіпсіздігі басты құндылық екені кеңінен насихатталды.
    Аудандық кітапхана ғимаратында ауылдық әкімдіктер, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және пробация қызметімен бірлесе отырып ауданның Е, Д санатында тұрған және зорлық-зомбылық көрген отбасылардың әйелдеріне арналған семинар өтті. Онда «Әйелдің ішкі ресурсы және отбасындағы үйлесім» тақырыбында психология ғылымдарының кандидаты, профессор Амангелді Бақыт, «Бизнес бастау және әлеуметтік кәсіпкерлік» тақырыбында бизнес-тренер Салтанат Қадырова, «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің директоры Г.Нұрғалиева «Қаржылық сауаттылық негіздері» атты шеберлік сабағын өткізді. Нәзік жандылар еркін пікір алмасып, семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталды.
    Акция ұйымдастырушылары Жайсаң ауылындағы мектепке барды. Кездесу барысында оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның алдын алу жолдары, өз құқығын білу мен қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығы түсіндірілді. Бұл шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, өз қауіпсіздігін қорғау дағдыларын қалыптастыру және зорлық-зомбылықтың алдын алу. Сонымен қатар Б.Қыдырбекұлы атындағы орта мектептен түскен дабыл бойынша мобильді топ жасақталып, сол елдімекенге барып, жағдайды біліп қайтты. Алдағы уақытта ондағы отбасы мүшелерінің құжаттарын рәсімдеу бойынша Отбасын қолдау орталығы қажетті көмек көрсетеді. Мобильді топпен бірге барған облыстық мәслихат депутаты, әйелдер ұйымының мүшесі, кәсіпкер Меруерт Молдашева да өз үлесін қосып, Б.Қыдырбекұлы ауылындағы отбасыға демеушілік көрсетіп, азық-түлік себетін ұсынды.
    –Зорлық-зомбылыққа тап болғандар біздің мекемеге жүгіне алады. Онда психологиялық, құқықтық, әлеуметтік көмек көрсетіледі. Біз ондай жандарды тыңдауға, бағыт беруге және көмек көрсетуге әрқашан дайынбыз. Қолдау қажет болса, 872-770-2-13-66 нөміріне хабарласуға болады, – деді аудандық Отбасын қолдау орталығының жетекшісі Панар Бөлдешова.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    3 years ago
    Ауылға маман дайындайды

    Ауылға маман дайындайды

    2 years ago
    Дәуір дерегі

    Дәуір дерегі

    4 months ago
    Алматы облысында стенд атудан Әлем Кубогы өтіп жатыр

    Алматы облысында стенд атудан Әлем Кубогы өтіп жатыр

    3 years ago
    Әкімдік жосықсыз мердігермен келісімшартты бұзды

    Әкімдік жосықсыз мердігермен келісімшартты бұзды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>