☀️
-1°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 12, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай Қазақстан энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығады – Энергетика министрлігі

    Олжас Бектенов энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін жаңа қуаттарды генерациялау мәселелері бойынша жиын өткізді

    14.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Үкімет, Энергетика
    2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай Қазақстан энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығады – Энергетика министрлігі
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Премьер-министр Олжас Бектенов электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді. Оған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» ұлттық энергетика компанияларының басшылары Қайрат Мақсұтов пен Нәби Айтжанов қатысты.

    Жиында Энергетика министрлігі, «Самұрық-Энерго», KEGOC және энергия өндіруші ұйымдардың Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде жүргізіп жатқан ағымдағы инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа қуаттарды генерациялау жөніндегі жұмыстарының қарқыны қаралды.

    Энергетика министрлігі ауқымды инвестициялық жоспарды жүзеге асырудың практикалық кезеңіне көшуде. Бүгінгі таңда жалпы инвестиция көлемі 13 трлн теңгеден асатын және жалпы қуаты 15,3 ГВт болатын 81 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Іске қосылып жатқан жобалардың едәуір бөлігі электр қуаты нарығының тетігі арқылы жеке инвестицияларды тікелей тарту есебінен жүзеге асырылуда.

    Ерлан Ақкенженов алдағы үш жылда негізінен реттеу қуатының тапшылығын жабуға және Бірыңғай энергетикалық жүйенің икемділігін арттыруға бағытталған маневрлі генерация сегментін іске қосу жоспарланып отырғанын баяндады.

    Қазіргі жұмыс жүргізіліп жатқан нысандарды іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен жабуға және Қазақстанды энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығаруға мүмкіндік береді. 2029 жылға қарай электр энергиясының да, реттеу қуатының да тұрақты профицитіне қол жеткізілмек, бұл еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға жағдай туғызады💬, — деді энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

    Жалпы, 2035 жылға дейін қосымша 26 ГВт-тан астам қуат өндіру көздері іске қосылатын болады.

    Жиында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов пен «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов баяндама жасады.

    Премьер-министр энергетикалық жобаларды жүзеге асыру кезінде мерзімдерін кейінге ысыру практикасын сынға алды.

    – Президент энергетикада тиісті динамика жоқ екенін бірнеше мәрте айтып келеді. Сондықтан, барлықтарыңыз барынша күш жұмылдыруларыңыз керек. Барлық жоспарланған жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы тиіс. Ешқандай үзілістер, ығысулар болмауы керек. Министр, «Самұрық-Энерго» және KEGOC басшылары, сіздер әрбір нысан үшін тікелей жауаптысыздар. Сіздердің жұмыс орындарыңыз – кабинеттерде емес, құрылыс алаңдарында, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

    Соңғы жаңалықтар

    Коалиция өкілдері Кеңдала ауылының амбулаториясының медицина қызметкерлерімен жүздесті
    12.03.2026
    Коалиция мүшелері №20 орта мектеп ұжымымен кездесу өткізді
    12.03.2026
    Коалиция мүшелері №46 орта мектеп ұжымымен кездесті
    12.03.2026
    Коалиция мүшелері Қызыл – Қайрат ауылының амбулаториясының ұжымымен кездесті
    12.03.2026
    Президент: “Аймақтар өз бюджетін мұқият жоспарлап, табысын арттыруға баса мән беруге тиіс”
    12.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>