⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Аграрлық саланың асқар тұлғасы

    15.01.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Аграрлық саланың асқар тұлғасы
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылында орналасқан Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аграрлық ғылымды ұйымдастырушы, институт тарихындағы аса маңызды тұлғалардың бірі, академик Ізтілеу Әбуғалиевтің туғанына 95 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті. Жиын аясында «Ізтілеу Әбуғалиев – аграрлық ғылымның асқар тұлғасы» атты кітаптың таныстырылымы болды. Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев және көрнекті ғалымның отбасы мүшелері болды.

    Алқалы жиынды ашқан Ақылбек Қажығұлұлы академик Ізтілеу Әбуғалиевтің отандық аграрлық ғылымдағы және осы институттың қалыптасуындағы ерекше рөліне тоқталды. Ғалым соңынан мол ғылыми мұра мен талантты шәкірттер қалдырғаны да ерекше атап өтілді.
    – Бір кездері мен де осы инсти­тутта еңбек еттім, – деді спикер. – Мұнда тарихи шешімдер қабылданып, маңызды құжаттарға қол қойылды. Ізтілеу Әбуғалиев институтты жиырма жыл бойы басқарды. Ол ғылыми мекеменің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Академиктің еңбектері әлемнің көптеген тіліне аударылған. Ізекеңнін дана әрі қамқор басшылығының арқасында институт қуатты ғылыми орталыққа айналды. Сонымен қатар Қазақстанның зама­науи аграрлық ғылыми мектебі қалыптасты. Оның есімі жадымызда мәңгі сақталып, отандық ғылым тарихына алтын әріптермен жазылады.
    Дөңгелек үстелге қатысушыларға Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева да құттықтау сөз арнады. Ол институттың дамуы көрнекті ғалым Ізтілеу Әбуғалиев қалаған берік іргетасқа сүйеніп жалғасып жатқанын ерекше атап өтті.
    – Ізтілеу Әбуғалиев жай ғана ғалым емес, ғылыми орта, мектеп қалыптастырды, жер мен ел алдындағы жауапкершілік дәстүрін орнықтырды, – деді ол. – Бүгінде біз оның бай мұрасын күнделікті жұмысымызда пайдаланып келеміз.
    Мерейтойлық шараның негізгі бөлімінде академиктің әріптестері, шәкірттері мен жақындары сөз алды. Олардың әрбірі Ізтілеу Әбуғалиевтің көрнекті ғалым, дарынды басшы әрі дана ұстаз ретіндегі болмысын ашуға тырысты.
    – Оның зерттеулері бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ, – деді ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Серік Кененбаев. – Бұл нәтиже мен жерге, өндіріске бағытталған ғылым еді. Ол теория мен практиканы жоғары деңгейде ұштастыра білді.
    Осындай ойды ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Марат Қожахметов жалғастырып, Ізтілеу Әбуғалиевті жас мамандардан болашақ ғалымдарды көре білген ірі мектептің талантты жетекшісі ретінде сипаттады. Бүгінде ғылыми бағыттарды басқарып жүрген көптеген ғалым дәл осы мектептен шыққан.
    Академик Әбуғалиевтің шәкірті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Клара Айтымбетованың сөзі де әсерлі шықты. Ғылыми кадрларды даярлаудағы оның үлесі туралы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Қанағат Баймағамбетова әңгімеледі.
    – Ол Қазақстанның аграрлық ғылымы үшін нағыз кадрлар ұстаханасын қалыптастырды, – деді. – Оның жетекшілігімен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған аса маңызды саланың дамуын айқындап отырған тұтас бір ғалымдар буыны өсіп шықты.
    Академиктің туыстары тарапынан да жүрекжарды лебіздер айтылды. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самат Әбуғалиев отбасы үшін институт үйдің жалғасы, өмірінің бір бөлшегі болғанын, өйткені әкелері мен аталары осында еңбек етіп, өмір сүріп, ғылымға қызмет еткенін атап өтті.
    Ал әкесі туралы биология ғылым­дарының докторы, профессор Сәуле Әбуғалиева былай деді:
    – Менің балалық шағым Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында өтті. Бұл қабырғалар, бұл адамдар, ғылым жайлы әңгімелер біздің отбасымыздың бір бөлігі болды. Әкем институтпен өмір сүрді. Оның жасаған әрбір ісі ғылым мен жерге деген шынайы сүйіспеншіліктен туындады.
    Дөңгелек үстелдің шарықтау шегі «Ізтілеу Әбуғалиев – аграрлық ғылымның асқар тұлғасы» атты кітаптың тұсаукесері болды. Басылымда академиктің әріптестері, шәкірттері, серіктестері мен жақындарының естеліктері жинақталған. Аталған шара Қазақстанның аграрлық ғылымының болашағына қызмет етіп келе жатқан көрнекті ғалымға көрсетілген тағзым болды десе жарасады.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Жұмыр жерге сыймай кеткен Жұмағам!

    Жұмыр жерге сыймай кеткен Жұмағам!

    1 year ago
    Сүрінгенге сүйеу

    Сүрінгенге сүйеу

    3 months ago
    Алматы облысында жүгері өнімділігі рекорд жаңартты

    Алматы облысында жүгері өнімділігі рекорд жаңартты

    1 year ago
    Үздіктерді анықтайтын  доп додасы

    Үздіктерді анықтайтын доп додасы

    5 months ago
    Мәдениет үздіктері марапатталды

    Мәдениет үздіктері марапатталды

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>