Бүгін Алматы облысы Алатау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінде 2026 жылғы жаңа оқу кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған іс-шара әскери бөлімнің жеке құрамы үшін маңызды әрі мазмұнды оқиға болып, алдағы оқу жылының негізгі бағыттарын айқындады.
Салтанатты іс-шара барысында әскери қызметшілермен Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы айқындаған еліміздің ішкі саясатының негізгі құндылықтары мен басым бағыттары тақырыбында оқу сабағы өткізілді. Сабақтың басты мақсаты – жеке құрамға мемлекеттік саясаттың мән-маңызын түсіндіру, патриоттық рухты арттыру, заңдылық пен тәртіпті сақтау қағидаттарын нығайту болды.
Оқу барысында ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әскери қызметшінің рөлі, мемлекет алдындағы жауапкершілік, әскери антқа адалдық және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мәселелері кеңінен қамтылды. Жеке құрам еліміздің ішкі тұрақтылығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Ұлттық ұланның орны мен маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, жаңа оқу кезеңінің басталуына орай жеке құрамға қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Бейнематериалда қызмет барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу, жеке және ұжымдық жауапкершілік мәселелері көрнекі түрде түсіндірілді. Бұл өз кезегінде әскери қызметшілердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және қызметтік міндеттерді орындау кезінде қырағылықты арттыруға бағытталды.
Іс-шараның қорытынды бөлігінде жаңа оқу жылының негізгі міндеттері белгіленіп, жеке құрамның кәсіби даярлығын одан әрі жетілдіру, жауынгерлік дайындықты күшейту, қызметтік тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау қажеттілігі атап өтілді. Әскери бөлім басшылығы алдағы оқу кезеңінде жоспарланған сабақтар мен жаттығулардың сапалы әрі тиімді өтуіне баса назар аударылатынын жеткізді.
Аталған оқу кезеңінің ашылу салтанаты 6654 әскери бөлімінің жеке құрамын жаңа міндеттерге жұмылдырып, әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігін арттыруға, тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Алатау қаласында орналасқан әскери бөлім ұжымының бұл бағыттағы жүйелі жұмысы еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қоса бермек.



