[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысы колледждерінің халықаралық ынтымақтастығы кеңеюде

    13.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Алматы облысы колледждерінің халықаралық ынтымақтастығы кеңеюде
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Алматы облысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңір колледждері шет мемлекеттердің жетекші білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасу мен білікті кадрлар даярлау ісін жаңа деңгейге шығаруда.

    Қазіргі таңда Алматы облысының колледждері Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің бірқатар оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімшарттар жасаған.

    Атап айтқанда, Түркияның Анталия қаласындағы Мехмет Зеки Балджы жоғары мектебі (туризм және қонақ үй бизнесі), Францияның Париж қаласындағы Гийома Тирель лицейі және Элиза Лемонье лицейі облыс колледждерімен бірлескен жобаларды іске асыруға ниет білдірген.

    Сонымен қатар, Қытайдың Сиань қаласындағы кулинарлық колледжбен, Финляндиядағы ECEDU кәсіптік колледжі, Қырғыз Республикасындағы С. Ибраимов атындағы агротехникалық колледж, Қытайдың Чунцин қаласындағы оқу орындарымен және Кореяның OFECO.LTD компаниясымен ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылған.

    2024–2025 оқу жылында Алматы облысынан сегіз педагог шет мемлекеттерде тағылымдамадан өтті. Оның ішінде бес педагог Түркияда, ал үш педагог Францияда кәсіби тәжірибе жинақтаған.

    Колледж оқытушыларының айтуынша, халықаралық тәжірибе кәсіби дамуға тың серпін береді.

    «Шетелде тағылымдамадан өту бізге заманауи оқыту әдістерін меңгеруге, өндіріс пен білімнің өзара байланысын терең түсінуге мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе студенттермен жұмыс істеу сапасын арттыруға тікелей әсер етеді» – дейді Алматы облысы колледжінің басшысы Бақытгүл Кішібаева.

    Ал білім саласына жауапты мекеме өкілдері бұл бағыттағы жұмыстың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

    «Халықаралық әріптестік – техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғыртудың маңызды тетігі. Біз колледждердің әлемдік стандарттарға сай дамуына және еңбек нарығына сұранысқа ие мамандар даярлауына басымдық беріп отырмыз» – дейді облыстық білім басқармасының өкілі Кенжегүл Дүйсентаева.

    Бұдан бөлек, Қытай – Орталық Азия елдері арасындағы бірлескен жобалар аясында ауыл шаруашылығы мен техникалық мамандықтар бойынша кадр даярлайтын жеті колледж директоры және өндірістік оқыту жөніндегі бір директордың орынбасары 2025 жылғы 14–24 сәуір аралығында Қытайдың Чунцин қаласында оқу курсынан өтті. Нәтижесінде 49 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

    Мамандардың айтуынша, бұл бастамалар Алматы облысы колледждерінің халықаралық стандарттарға сай дамуына, педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруға және еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлау сапасын күшейтуге мүмкіндік береді.

    Ұсынымдар

    Өнер – ортақ құндылық

    Өнер – ортақ құндылық

    1 year ago
    Кәсіп иелеріне ескерту жасалды

    Кәсіп иелеріне ескерту жасалды

    2 months ago
    ҰСТАЗДАР ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

    ҰСТАЗДАР ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

    1 year ago
    Өмір жолы – өнеге

    Өмір жолы – өнеге

    4 months ago
    Шетелде кім емделе алады?

    Положительные оценки развития страны остаются на стабильно высоком уровне

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>