☀️
-2°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында тағамнан уланудан болатын өлім-жітім көрсеткіші 3 есе төмендеді

    29.01.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Алматы облысында тағамнан уланудан болатын өлім-жітім көрсеткіші 3 есе төмендеді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

           2024–2025 жылдар аралығында ботулизм бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсара түсті. 2025 жылы Алматы облысында ботулизммен сырқаттану көрсеткіші 3-тен 1-ге дейін төмендеді, зардап шеккендер саны 7 адамға азайды, ал өлім-жітім 3 есе қысқарды. Бұл туралы Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Муслим Сағадиев баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

    Ботулизм – бактериялары бөлетін токсиннен туындайтын өте қауіпті улану түрі. Уақтылы медициналық көмек көрсетілмесе, адам өміріне үлкен қауіп төндіреді екен.

    Өткен жылы «тағамдық токсикоинфекция» алдын ала диагнозымен жаппай тағамнан уланудың 3 жағдайы тіркелген. Былтыр аталмыш улану түрлері бойынша деректің 2-еуі (66,6%) Қарасай ауданындағы қоғамдық тамақтану нысандарында, 1 жағдай (33,3%) Талғар ауданында тұрмыстық астан болған.

    «2025 жылы тағамнан уланудан жалпы 12 адам зардап шекті, оның ішінде 7 бала (58,3%). Бұл көрсеткіш 2024 жылмен шамалас, ол кезде 13 адам, оның ішінде 9 бала (69,2%) зардап шеккен. 2024–2025 жылдары жаппай тағамнан улану бойынша адам шығыны тіркелген жоқ»-деді өз сөзінде спикер.

    Эпидемиологиялық тексерулер жүргізіліп, науқастардан, тағам өнімдерінен және қоршаған орта нысандарынан сынамалар алынған. Талдау нәтижелері тағамнан улану көбінесе қоғамдық тамақтану орындарында дайындалған тағамдарды (суши, пицца), сондай-ақ үй жағдайында дайындалған консервілерді тұтынумен байланысты екенін көрсеткен.

    Муслим Сағадиевтің айтуынша, тағамнан уланудың алдын алу – денсаулық сақтау органдарының, кәсіпкерлік субъектілерінің және әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Қауіпсіз тағам тұтыну қағидаларын сақтау арқылы халық денсаулығын нығайтып, тағамнан улану жағдайларының алдын алуға болады.

    Ұсынымдар

    Ауыл медицинасында маман тапшы

    Ауыл медицинасында маман тапшы

    1 year ago
    Шағын футболдан турнир өтті

    Шағын футболдан турнир өтті

    1 year ago
    Алматы облысында Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы мен «Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылды

    Алматы облысында Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы мен «Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылды

    2 months ago
    Жеңіске жетелейді

    Жеңіске жетелейді

    2 years ago
    АХАТ қызметі оңтайланды

    АХАТ қызметі оңтайланды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>