⛅
-3°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Асыға күтеміз

    31.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Асыға күтеміз
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Менің баспасөзге деген жақындығым бала кезден басталған. Үйімізге келетін әрбір газет санын асыға күтіп, үлкендер оқып болған соң қайта-қайта парақтап шығатынмын. Сол қызығушылық кейін өмірлік жолыма да ықпал етіп, Кеген аудандық «Қарқара» газетіне қызметке келуіме себеп болды. 1987-1988 жылдары осы ұжымда еңбек етіп, журналистиканың жауапкершілігі мен қадірін тереңірек түсіндім. Газет арқылы халықтың мұң-мұқтажын жеткізу, елдің сөзін сөйлеу – үлкен сенім мен адалдықты талап ететін іс екенін сол кезде ұғындым.

    Бүгінде баспасөзбен тығыз байланыстамын. Республикалық «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», Алматы облыстық «Алатау арайы» газеттерін, сондай-ақ әдеби-мәдени, танымдық «Мұқағали» журналының тұрақты оқырманымын. Сонымен қатар әлеуметтік желі арқылы осы басылымдарды кеңінен насихаттауға, жастардың назарын газет-журналға бұруға тырысамын. Себебі рухани байлық пен ұлттық сана дайын күйінде келмейді, ол – үздіксіз ізденіс пен оқудың жемісі.
    Немеремді де «Балдырған» журналына жаздырамын. Сол арқылы балаларымның газет-журналға деген қызығушылығы артқанын қалаймын. Себебі ел болашағының баянды болуы – ең алдымен тәрбиелі, білімді, ұлттық рухы биік ұрпаққа байланысты. Ұлттық сананы жаңғырту, рухани құндылықтарды сақтау – баспасөздің де, әрбір азаматтың да ортақ міндеті.
    Бүгінгі цифрлы дәуірде жаңалықтың желдей есіп тарайтыны рас. Алайда сол желідегі ақпараттың бәрі бірдей шындыққа сай бола бермейді. Ал газет – сүзгіден өткен, жауапкершілікпен жарияланған, елдік мүддені көздейтін сенімді ақпарат көзі. Сондықтан қандай заман болса да, газет өз құнын жоймайды деп сенемін.
    Менің ойымша, газет тек жаңалық таратушы ғана емес, қоғам мен билік арасындағы ашық диалог алаңы болуы тиіс. Елдің көкейіндегі сауалды көтеріп, халықтың мұңын жеткізіп, әділ пікір қалыптастыру – баспасөздің басты міндеті. Осы тұрғыдан алғанда, отандық басылымдардың елдік мәселелерді батыл қозғап, қоғамдық ойға қозғау салып отырғанын қуана қабылдаймын.
    Қорыта айтқанда, газет – кешегінің шежіресі, бүгінгінің айнасы, ертеңнің бағдаршамы. Ұлт руханияты мен қоғамдық сананың қалыптасуында баспасөздің орны қашанда биік болып қала бермек.

    Советбек Дүйсенбаев
    Талдыбұлақ ауылы,
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Білім беру саласындағы негізгі басымдықтар белгіленді

    Білім беру саласындағы негізгі басымдықтар белгіленді

    5 months ago
    Сайлауға “барыс” келді

    Сайлауға “барыс” келді

    3 years ago
    Кәсіпкерлер көмегі

    Кәсіпкерлер көмегі

    2 years ago
    “Көктем-2025” республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы басталды

    “Көктем-2025” республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы басталды

    12 months ago
    Мемлекеттік қызметке ашық жол: «Е-Qyzmet» жүйесі арқылы жаңа форматтағы қабылдау

    Мемлекеттік қызметке ашық жол: «Е-Qyzmet» жүйесі арқылы жаңа форматтағы қабылдау

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>