Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында жаңа Ата Заңды уақыт талабына сай қарау ұсынылды. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы жаңа Конституцияны қабылдау туралы мәселені көтерді. Конституцияны түзету адам құқықтарын қорғауды күшейтуге, жеке тұлғаның қадір-қасиеті мен ар-намысына басымдық беруге, өмір сүру құқығын және сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Конституцияны жетілдіру үшін жасалып жатқан бастамаларды толық қолдаймын. Жүргізілетін реформалар елдің дамуына, азаматтардың құқықтарын қорғауға, мемлекетті тиімді басқаруға оң ықпал етеді деп есептеймін. Мұндай өзгерістер ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашады. Саяси жүйені жаңғыртып, әділдік пен заң үстемдігін одан әрі нығайту үшін жасалып жатыр.
Доғдыркүл МОЛДАХАЛЫҚОВА,
ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина ардагері,
Жамбыл ауданының Құрметті азаматы





