⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Сәуір 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Аудандық кілемнен әлемдік тұғырға дейін

    19.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Аудандық кілемнен әлемдік тұғырға дейін
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

           Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Нұр-Аман» спорт кешенінде еркін және әйелдер күресінен Алматы облысының чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа облыстың барлық өңірлерінен 450-ден астам спортшы қатысты. Сайыста U-20 жас санатындағы жасөспірімдер (жастар), сондай-ақ 15 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар бақ сынады.

    U-20 санатында еркін күрес балуандары 11 салмақ дәрежесінде (52 келіден +135 келіге дейін) жүлделерді сарапқа салды. U-15 жас санатындағы ұлдар 13 салмақ дәрежесінде (35 келіден +85 келіге дейін), ал қыздар 10 салмақ дәрежесінде (33 келіден 66 келіге дейін) өнер көрсетті.

    «Алматы облысында U-20 жас санатындағы еркін күрес қарқынды дамып келеді. Облыстың барлық дерлік аудандарында мықты мектептер бар, нәтижелер тұрақты өсуде, бәсекелестік жоғары. Бұл жас – ересек спортқа өтпелі кезең, дәл осы уақытта балуандардың мінезі, тактикасы мен психологиялық төзімділігі қалыптасады. Өңірдегі жоғары дайындық деңгейінің жарқын дәлелі – Едіге Қасымбектің жетістігі. 2025 жылдың 18 тамызында қазақстандық балуан Болгарияның Самоков қаласында өткен U-20 әлем чемпионатында 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. Бұл нәтиже бүкіл Алматы облысы үшін ерекше мақтаныш», – деді Алматы облысының U-20 жас санатындағы еркін күрес бойынша аға жаттықтырушысы Сәкен Закиров.

    Әйелдер күресі де қарқынды дамып келеді. Алматы облысы құрамасының 62 келі салмақ дәрежесіндегі көшбасшысы Тыныс Дубек өткен жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алып, өңірдің халықаралық аренадағы жоғары әлеуетін дәлелдеді.

    U-15 жас санатындағы ұлдар арасында облыс құрамасының негізгі өзегін Қарасай ауданының спортшылары құрайды. Республикалық спорт аренасында Абдикаримовтар ағайынды – Мадияр мен Мирас ерекше көзге түсіп жүр. Екі спортшы да соңғы екі жылдағы нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат атағын иеленді. Сонымен қатар Абдикаримов Мадияр 2024 жылы Саха–Якутияда өткен беделді халықаралық «Азия балалары» турнирінде жүлделі орынға ие болды.

    «Облыстық чемпионат әр спортшы үшін ерекше маңызға ие. Бұл – маусымдағы ең маңызды жарыстардың бірі. Мұнда бәсеке жоғары, облыстың үздік балуандары кездеседі. Осындай турнирде жеңіске жету – спорттық мансаптағы алға жасалған қадам, өзіңді танытып, республикалық әрі халықаралық деңгейге жақындауға мүмкіндік», – деді еркін күрестен ҚР спорт шеберлігіне кандидат Абдикаримов Мадияр.

    Жарыс қорытындысы бойынша бұл облыстық біріншілікке Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарының өкілдері ең жақсы дайындықпен келгенін көрсетті.

    U-20 санатында өз салмақтарында жеңімпаз атанғандар: Нурахмет Серік, Дамир Қали, Ерасыл Амангелді, Зангар Серік, Багуев, Дастан Хапар, Нұржығыт Момынжан, Айбек Қалияхмет, Даниял Молдыбеков, Дидар Ғазиз, Қуандық Серікбай, Раим Маулетов және Адилет Абит.

    U-15 жас санатындағы ұлдар арасында чемпион атанғандар: Сыддық Құрбаналы, Мадияр Бағдатұлы, Елжас Ғаниұлы, Мирас Абдикаримов, Берік Аманбай, Аршын Елубек, Алмат Тимиаралы, Әли Кенжебек, Мақсат Болат, Ұлан Сағарбек, Бауыржан Үмбетов және Абдулазиз Есмұханбет.

    U-15 жас санатындағы қыздар арасында жеңімпаздар: Айша Дүнгенбай, Жанерке Байзолда, Айкөркем Жұман, Каралина Попова, Мариям Розамова, Ұлданай Алматдинова, Эвелина Орлова, Анель Сабетбай, Аяла Шоқанқызы және Эльнара Киримова.

    Соңғы жаңалықтар

    Әсерлі авиашоу
    13.04.2026
    Кәсіпкерлерге қолдау көп
    13.04.2026
    Ұлттың үнбайрағы
    13.04.2026
    Диқандар дала төсінде
    13.04.2026
    Америкалық блогер Алматы облысының туристік әлеуетіне тамсанды
    13.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>