⛅
-3°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ауыр атлетика: Іле ауданында мықтылар анықталды

    19.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Ауыр атлетика: Іле ауданында мықтылар анықталды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

           Іле ауданында 7 жастан 23 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер, қыздар мен жастар арасында ауыр атлетикадан Алматы облысының чемпионаты өтті. Жарысқа 80-нен астам спортшы қатысты.

    «Темір» спорт тек бұлшық етті ғана емес, мінезді де шыңдайды. Штанганы бірнеше шешуші секунд бойы бастан жоғары ұстап тұру – ұзақ, тынымсыз әрі қажырлы еңбектің нәтижесі. Жеңімпаз екі жаттығу бойынша анықталады: жұлқа көтеру және серпе көтеру. Ұпайлар қосылып есептеледі. Кім көп салмақ көтерсе – сол жеңімпаз атанады. Бұл олимпиадалық спорт түрінің мамандары мұндай чемпионаттардың балалар жаттығуларынан үлкен жетістіктерге апарар маңызды қадам екенін атап өтеді.

    «Біз балалар мен жастардың жарыстан жарысқа дейін өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Көптеген спортшылар нормативтерді сенімді орындайды, көтеретін салмақтарын арттырып, жарыс тактикасын дұрыс құра біледі. Облыстық біріншіліктің басты мақсаттары – ауыр атлеттердің спорттық шеберлігін арттыру, Алматы облысының құрама командасын жасақтау үшін үздіктерді анықтау және Қазақстан Республикасының ресми чемпионатына қатысу. Қазіргі таңда облыста ауыр атлетика негізінен Іле, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында дамып келеді. Біздің міндет – бұл спорт түрін әр өңірде кеңінен насихаттап, дамыту», – деді Алматы облысының ауыр атлетика бойынша аға жаттықтырушысы Эмир Абатов.

    Жарыста ұлдар мен жастар 27 келіден +110 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде сынға түссе, 23 жасқа дейінгі қыздар мен бойжеткендер 29 келіден +86 келіге дейінгі салмақтарда бақ сынады. Барлығы 20 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Сайыс барысында қатысушылар жоғары техникасын, күш дайындығын және психологиялық төзімділігін көрсетті. Жүлделі орындар үшін күрес өте тартысты өтті, себебі штангаға әрбір шығу медальдардың қорытынды бөлінісіне тікелей әсер етті.

    Нәтижесінде 20 алтын медальдың 18-ін Іле ауданының «Жігер» спорт мектебінің өкілдері жеңіп алды. Атап айтқанда: Серікұлы Сержан, Кенжегали Еркебұлан, Айдар Алтай, Нағымет Нұрлыхан, Ерғали Абдурахман, Нұркелдіұлы Мейрамбек, Төлен Қастер, Төленді Мақсат, Байсұлтан Айдын, Казиев Әлібек, Жұмабай Нұржан, Шапавалова Юлиана, Маликова Елизавета, Федоренко Виктория, Тоқтархан Лашын, Шүкірбаева Әсемай, Прозорова Ксения, Жанболат Айғаным.

    «Ең алдымен ауыр атлетикадан Алматы облысының чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастырған жандарға алғысымды білдіргім келеді. Біз, спортшылар үшін мұндай жарыстар – үлкен мотивация әрі өз мүмкіндігімізді сынауға берілетін мүмкіндік. Жаттықтырушыларға күнделікті еңбегі мен бізге деген сенімі үшін, ата-аналарға қолдауы үшін, қарсыластарға адал әрі тартысты бәсеке үшін рақмет. Бұл чемпионат жаңа мақсаттар мен жеңістерге апарар жолдағы маңызды қадам болды», – деді жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Прозорова Ксения.

    Еске сала кетейік, Ксения ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (Лима, Перу) жеңіске жеткен болатын. Спортшы 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, ел қоржынына алтын медаль салды. Қос сайыс қорытындысы бойынша ол 199 (91+108) келіні еңсерді. Қазіргі таңда Ксения барша спортшылармен бірге алдағы республикалық, одан кейін халықаралық жарыстарға іріктеуден өтуде. Ең жақын жарыс ақпан айында Шымкент қаласында өтеді.

    Ұсынымдар

    Желтоқсаншылармен жүздесу

    Желтоқсаншылармен жүздесу

    2 months ago
    Қазыналы қаламгер

    Қазыналы қаламгер

    1 year ago
    Асфальт төсеуді талап етеміз!

    Асфальт төсеуді талап етеміз!

    2 months ago
    ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН ІЗГІЛІК

    ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН ІЗГІЛІК

    11 months ago
    Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

    Президент бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтерді

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>