⛅
1°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Барлық этностың мүддесін қамтитын Халық кеңесіне конституциялық негіз беру стратегиялық тұрғыдан маңызды – Жанарбек Әшімжан

    30.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Саясат
    Барлық этностың мүддесін қамтитын Халық кеңесіне конституциялық негіз беру стратегиялық тұрғыдан маңызды – Жанарбек Әшімжан
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Билік пен қоғам арасындағы өзара сенімге негізделген жаңа қоғамдық келісімді қалыптастыру – «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» атты ұлттық ұстанымға негізделген. Сондай-ақ, мемлекеттік басқарудың мазмұны мен архитектурасын түбегейлі жаңарту міндеті де қоғам талқысына салынып отыр. Бұл туралы Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан мәлімдеді.

    «Соңғы жылдары қабылданған шешімдер осы мақсатқа жүйелі түрде қызмет етіп келеді. Атап айтқанда, бұрын болған Президент квоталары мен тағайындаулардан бас тарту арқылы өкілді биліктің дербестігін күшейтуге, саяси жүйені нақты демократияландыруға бағыт алдық. «Тепе-теңдік бар жерде тұрақтылық бар» деген саяси қағидатқа сүйенсек, жүзеге асырылған реформалар билік тармақтары арасындағы теңгерімді нығайтып, институционалдық дамудың жаңа кезеңін қалыптастырды», – деп атап өтті ол.

    Мәжіліс депутатының айтуынша, осы логиканың заңды жалғасы ретінде Құрылтайдың өкілеттіктерін кеңейту мәселесі күн тәртібіне шықты. Құрылтайға Конституциялық сотты, Жоғары аудиторлық палатаны және Орталық сайлау комиссиясын қалыптастыруға қатысу құқығын беру – бұл институттардың тәуелсіздігін арттырып қана қоймай, олардың халық алдындағы жауапкершілігін күшейтеді.

    «Дәл осы тұста біз бүгін талқылап отырған Халық кеңесі институтының маңызы айқын көрінеді. Халық кеңесі жай ғана консультативтік алаң емес, мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа әлеуметтік келісімнің институционалдық көрінісі. Мемлекеттік иниституттардың белгіленген регламент аумағында жұмыс істейтіні белгілі. Ал, Халық кеңесінің ауқымдылығы – әлгіндей алаңдарда қордаланған, жинақталған түрлі ұсыныстарды, пікірлерді, көзқарастарды бір алаңда тоғыстырып, айтылған сөз айтылған жерде қалмай нақты тетікке айналдыру», – деді Ж.Әшімжан.

    Оның пікірінше, барлық этностардың мүддесін қамтитын Халық кеңесіне конституциялық негіз беру стратегиялық тұрғыдан маңызды. Халық кеңесі біртұтас Қазақстан халқының мүддесіне қызмет етіп, ішкі саясат, қоғамдық келісім және ұлттық құндылықтар мәселелері бойынша кәсіби ұсыныстар әзірлей алуы тиіс. Сонымен қатар, оған заңнамалық бастама көтеру және референдум өткізуге ұсыныс беру құқығын еншілеу басқару жүйесінің институционалдық тұрақтылығын арттырады.

    «Біз ұсынып отырған өзгерістер мемлекеттің тұрақтылығына салынған ұзақмерзімді инвестиция. Бұл – болашақ дағдарыстардың алдын алуға, қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға және мемлекеттік басқарудың жаңа архитектурасын қалыптастыруға бағытталған шешімдер. Дана халқымыз «Ақылмен басталған іс – баянды болады» дейді. Осы тұрғыда, Халық кеңесі ақыл мен жауапкершілікке негізделген тұрақты саяси құрылым. Ол Қазақстандағы саяси мәдениеттің сапалық жаңа деңгейіне жол ашады», – деп түйіндеді ойын депутат.

    Ұсынымдар

    Еңбегімен  ел құрметіне бөленген

    Еңбегімен ел құрметіне бөленген

    5 months ago
    Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

    Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

    8 months ago
    Донор күні 55 литрге жуық қан тапсырылды

    Донор күні 55 литрге жуық қан тапсырылды

    2 years ago
    Оқушымыз озық шықты

    Оқушымыз озық шықты

    2 years ago
    Қазақ халқына ризамыз

    Қазақ халқына ризамыз

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>