🌫️
-1°C
Қонаев
Сейсенбі, Наурыз 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home БАҚ

    Даму үшін жаңару қажет

    06.01.2026
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Лебіз
    Даму үшін жаңару қажет
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Биыл Қазақстан халқы ел тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойын атап өтеді. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл қас-қағым сәт болып көрінгенімен, еркіндігін жария етіп, еңсесін тіктеген ел үшін тағдыршешті кезең болғаны түсінікті.

    Мемлеет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында осы жылдар ішінде көптеген игі істер атқарылғанын айта келіп, жетістіктерімізбен бірге кемшіліктердің де кеткенін тілге тиек еткен. Ал, алдағы уақытта жасалатын жұмыстар одан да көп. Осы орайда биылғы жылға жоспарланған конституциялық реформалар, сөз жоқ, дамудың жаңа бағытын айқындап бермекші.

    “Мен Қазақстанның президенттік басқару үлгісіндегі мемлекет екенін бірнеше рет айттым. Осыдан 8 жыл бұрын, яғни Ақордаға келгенге дейін «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын жарияладым. Жеке бастың қамын күйттеп, мемлекеттік жүйені тұтастай өзгерте салу барып тұрған жауапсыздық, тіпті, адамгершілікке жатпайтын әрекет болар еді. Еліміз үшін аса маңызды реформаның бәрі жалпыхалықтық референдумға шығарылады.

    Бұл жерде ешқандай астыртын ойлар жоқ. Менің ұстанымым баршаға белгілі, саяси реформалар жалғаса береді. Ұзақ мерзімге арналған жоспардың бір бөлігі әдеттегідей жақын арада жарияланады” – деді ол сұхбатында.

    Сонымен қатар биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, Қазақстанның ұзақ жылға арналған бағыт-бағдары айқындалатын жыл болатынын да жеткізген. “Мен конституциялық реформаға қатысты референдум өтетінін алдын ала айттым. Қазір сарапшылар тобымен бірге Ата Заңымыздың редакциясына қатысты ұсыныстарды қарап жатырмыз. Жоспарланған өзгерістер өте көп, бәрі тұтаса келгенде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасаймыз деуге болады” – деді ол сөзін қорытындылай келе.

    Иә, елімізге өркениет көшінен қалмай, тұрақты даму үшін саяси реформалар қажет екені түсінікті. Біз, «Аманат» партиясының өкілдері ретінде Президенттің бастамаларына түсіністікпен қарап, оның жүзеге асырылуына қолдау көрсете береміз.

    Қаныбек Айтжанов,

    «Аманат» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы

    Ұсынымдар

    Ақмола облысының тұрғындары жаңа Конституция жобасын талқылады

    Ақмола облысының тұрғындары жаңа Конституция жобасын талқылады

    1 week ago
    АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ №17 МЕКТЕПТЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

    АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ №17 МЕКТЕПТЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

    1 year ago
    Жол қауіпсіздігін бақылай аласыз

    Жол қауіпсіздігін бақылай аласыз

    8 months ago
    Қазақстанның тұрақты дамуына бағытталған

    Қазақстанның тұрақты дамуына бағытталған

    4 weeks ago
    Дәстүрлі басылымның жөні бөлек

    Дәстүрлі басылымның жөні бөлек

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>