[um_weather city="Қонаев"]
Жексенбі, Қаңтар 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Дастарқаннан көкөніс үзілмейді

    10.01.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Дастарқаннан көкөніс үзілмейді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Талғар ауданына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев пен Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан келді. Халық қалаулылары еліміздегі алма өсіру және алма өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы саналатын агроөнеркәсіп секторының жетекші кәсіпорны – «Баймене» ЖШС компаниясы мен «Fresh Storage Center» компаниясы жаңадан тұрғызған 5 мың тонна көкөніс сақтайтын қойма жұмысымен танысты. Оларды «Баймене» ЖШС директоры Евгений Қамбаров қарсы алды.

    – Біздің кәсіпорын түрлі сұрыптағы алма өсіруге, сондай-ақ консервант қоспай табиғи алма шырынын өндіруге мамандандырылған. Мұнда алма өсіруден бастап, қайта өңдеуге және дайын өнімді ұзақ уақыт сақтауға дейінгі өндірістің толық циклі бар. Бақ отырғызу жұмысы 2017 жылы басталды. Қазір оның жалпы көлемі 100 гектардан асады. Оларға Италия мен Нидерландыдан әкелінген 253 690-ға жуық элиталық алма ағаштарының көшеттері отырғызылды. Инвестициялардың жалпы құны – 6,1 млрд теңге. Кәсіпорында 100-ге жуық адам еңбек етеді, – деді директор.
    Оның айтуынша, мұнда алманы калибрлеу және орау, табиғи алма шырыны мен пюре өндірісі үшін сұрыптау желісі жұмыс істейді. Сондай-ақ сыйымдылығы 5100 тонна болатын заманауи жеміс қоймасы бар. Озық технология, заманауи құрал-жабдықтың арқасында кәсіпорында 1 келі алмадан 65-70% таза шырын алынады, ал қосарланған пастерлеу консерванттар қоспай, өнімнің барлық пайдалы қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді. Алма мен шырындар Алматы базарларына және ірі желілік дүкендерге «Alem alma» брендімен сатылады. Компания келешекте – сидр, джем, алма сіркесі, газдалған сусындар өндірісін жолға қойып, бақтың аумағын тағы 40 гектарға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Алма шырыны мен пюресі «Kreuzmayr» моделінің жеке жабдығында өндіріледі, оның өнімділігі сағатына 1500 литр.
    Компания қызметімен таныса жүріп депутаттар Германияның үздік өндірушілерінің жоғары технологиялық тоңазытқыш құралдарымен жабдықталған, жалпы сыйымдылығы 5 мың тонна болатын жеміс қоймасын аралап көрді. Мұнда «газ ортасын» және «қалыпты атмосфераны» сақтау режиміндегі 27 камера бар. Барлық өнім халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкес сертификатталған. Әдемі және шырынды алмадан «Alem Alma» маркалы тікелей сығылған, қоспасыз, консерванттар мен ГМО-сыз 100% табиғи алма шырыны алынады. 3 литр шырын өндіру үшін 5 кг іріктелген алма пайдаланылады. Құю және асептикалық орау технологиясы өнімнің бастапқы қоректілігін және пайдалы қасиеттерін +8С-тан +20С-қа дейінгі температурада 12 ай бойы жабық күйде және ашылғаннан кейін 4 аптаға дейін сақтауға мүмкіндік береді. Жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында жеміс қоймасындағы барлық технологиялық процес компьютерлендірілген.
    Бұдан соң халық қалаулылары Қайнар ауылдық округіне қарасты Жалғамыс ауылында орналасқан «Fresh Storage Center» қазақстандық компаниясы салған 5 мың тонна көкөніс сақтауға арналған жаңа қоймаға барды. Нысан «Барлық маусымға арналған көкөніс қоймасы» деп аталады. Кәсіпорын директоры Максим Прудников мұндағы жұмыс барысын баяндады. Бұл қойма «Еуразиялық банк» пен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының көмегімен салқындату және желдетудің жаңа жабдықтарын, микроклиматты басқару жүйесін қолдана отырып, заманауи технологиялар негізінде салынған. Оның жалпы ауданы – 2 400 шаршыметр, төбесінің биіктігі – 7 метр, 8 сақтау камерасы бар. Қойма 5 мың тоннаға дейін жүк тиеуге есептелген және заманауи еуропалық жабдықтармен, атап айтқанда, желдету мен салқындатудың климаттық жүйелерімен жабдықталған. Ол – ең аз шығын және өнімді сақтаудың мінсіз сапасына кепілдік береді. Нысанның аумағында автотаразылар, автотиегіштер, әкімшілік блок, коммуналдық инфрақұрылым, көлікке арналған тұрақ аймағы қарастырылған. Аумақ бейнебақылау камералары, тәулік бойы күзет және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған. Бұл – барлық процесті қашықтан басқаруға мүмкіндік ашады.
    Кәсіпорындағы сақтау технологиясы өнімнің ең аз шығынына (1-3%) кепілдік береді және еуропалық стандарттар бойынша жыл бойы сақтау есебінен бағаны белгілеу және өнім сапасын қолдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Компания тапсырыс берушінің талабы бойынша қойма инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті қаржы және жер ресурстарына ие.
    Қойма жұмысын көзбен көрген халық қалаулылары көкөністерді сақтау мен тасымалдаудың жоғары деңгейге қойылғанын атап өтті.
    – Көкөністерді сақтау және тасымалдау – ауыл шаруашылығы үдерісіндегі маңызды фактор. Бұл мәселені шешудің негізі – келесі маусымға дейін өнімді сақтаудың заманауи және қолжетімді инфрақұрылымын құруда екені анық. Ел Президентінің халықты отандық ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету, оны сақтау және тұтынушыға жеткізу жөніндегі тапсырмасы ауданда өз деңгейінде орындалып жатқанына көз жеткіздік, – деді сенатор Жанболат Жөргенбаев.
    Шынында да халықты дәруменге бай көкөніс өнімдерімен қамту бойынша өңірде ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Жеміс сақтайтын осындай үлкен қоймасы бар талғарлықтар дастарқанынан жыл бойына көкөніс үзілмейтіні анық.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ, Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ,
    Гүлзат АЗАТҚЫЗЫ, Бақтығали ДӘУІТБАЙ,
    «Алатау арайының» арнаулы тілшілері

    Ұсынымдар

    Жолдама тапсырылды

    Жолдама тапсырылды

    2 years ago
    Сарыжазық сарғайып тұр

    Сарыжазық сарғайып тұр

    5 months ago
    Алматы облысында 6 мың гектардан астам аумақ өртенді

    Алматы облысында 6 мың гектардан астам аумақ өртенді

    3 years ago
    ХАЛЫҚ СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ

    ХАЛЫҚ СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ

    1 year ago
    Спорт журналистикасы мектебі

    Спорт журналистикасы мектебі

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>