Перейти к содержимому
Главная страница » Ел бірлігі мен адам құқықтары жаңа Конституция жобасының Преамбуласында бекітілген

Ел бірлігі мен адам құқықтары жаңа Конституция жобасының Преамбуласында бекітілген

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия отырысында Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы қаралуы ел өміріндегі маңызды оқиғаның бірі болды. Ата Заңның жобасында егемендік пен аумақтық тұтастықтың өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітілуі – мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған аса маңызды қадам. Мұндай нормалардың Конституцияның алғашқы баптарында айқын көрсетілуі елдің іргетасын бекемдеп, құқықтық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге қызмет ететініне сенімдімін. Жаңа Конституцияда Қазақстанның унитарлы мемлекет екені және басқару нысанының президенттік республика ретінде нақты айқындалуы – мемлекеттің басқару моделіне қатысты анықтық пен жүйелілікті күшейтеді.

Ғалымдар мен сарапшылардың бұрыннан айтылып жүрген ұсыныстарының ескерілуі – Конституция жобасының жан-жақты талданып, кәсіби тұрғыда әзірленгенін көрсетеді. Сондай-ақ әкімшілік-аумақтық құрылымды конституциялық заң арқылы айқындау туралы норма мемлекеттік тұтастықты сақтауға және басқару жүйесінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған. Ерекше мән беретін тағы бір маңызды тұсы халықтың егемендіктің иесі әрі мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде Конституцияда нақты бекітілуі.

Мәдина ТОҚТАСЫНОВА,  

Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің дизайнері