⛅
4°C
Қонаев
Дүйсенбі, Ақпан 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел дамуы үшін жасалған қадам

    24.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Лебіз, Саясат
    Ел дамуы үшін жасалған қадам
    0
    SHARES
    27
    VIEWS

    Мемлекет басшысы жуырда өткен ұлттық құрылтайдағы сөзінде Ата
    заңымызға алдағы уақытта енгізілетін өзгерістер жаңа Конституция
    қабылдаумен пара-пар екендігін, сондықтан Конституциялық комиссия құру
    туралы шешім қабылдағаны айтқан боалтын. «Комиссия құрамына 100-ден
    астам азамат кіреді. Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі
    заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары
    мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар болады. Бұл
    жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Комиссия
    барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын
    әзірлейді. Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты
    белгілейміз», – деген еді ел Президенті. Міне, араға бірнеше күн салып-ақ
    Конституциялық комиссияның алғашқы отырысы өқтті.
    Ең әуелі бізді қуантқаны комиссия отырысының тікелей эфир арқылы
    таратылғаны. Бұл мемлекет басшысының әу бастан айтып жүрген «Халық
    үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының айқын көрінісі деп бағалар едім.
    Бұл – қоғамға деген сенім мен биліктің сүзгілерсіз диалог жүргізуге
    дайындығының көрсеткіші.
    Комиссия төрағасы Эльвира Әзімова Конституциялық комиссияның
    алдында айрықша миссия тұрғанын айта келе, Конституциялық реформаның
    басты мақсаты мен міндеттерін атады. Ал мұнан соң комиссия мүшелері
    сөзге шығып, бірқатар баяндама жасалды. Алғашқы отырыста-ақ комиссия
    мүшелері ел президентінің бұл шешімінің елге қажеттігі тұрғысын мұқият
    саралап, бұл жұмыстың маңызы мен жауапкершілігінің жоғарылығын
    сезініп, ел тәуелсіздігінің нығаюы жолындағы батыл қадам екендігін мықтап
    түсініп, айрықша пікірлерін ортаға салды.
    Қолданыстағы Ата заңымыздың бетпердесі «Қазақстан Республикасы
    өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
    орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
    құқықтары мен бостандықтары» деп ашылатын. Комиссия мүшелері алғашқы
    отырыста сол мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам мен оның құқықтары
    турасында кеңінен ой қорытты.
    Атап айтсақ, Республикалық адвокаттар алқасының Төрағасы Мәди
    Мырзағараев адам құқығы жөнінде бірқатар түйінді мәселелерді көтеріп,
    ешкімнің де заңсыз қамауға алынуына, айып тағылуына болмайтынын, оны
    тек соттың шешімі арқалы ғана айыпты санауға болатынын айта келе,
    елімізде әлі де адам құқығын қорғау мәселесін жетілдіруді ұсынды. Нақтырақ
    айтсақ, соттың санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін
    қысқартуды, Конституцияда «Миранда қағидасын» бекітуді ұсынды.
    Алғашқы отырыстан-ақ өз басым комиссияның мойнына зор
    жауапкершілік жүктелгенін сезіндім. Бұл миссияны кәсиби, тәжірибесі мол
    мамандардан жиналған комиссия дер кезінде әрі сапалы орындап шығатынына да сенім білдірдім. Елдің болашағы, мемлекетіміздің дамуы
    жолындағы жарқын істер легін мен де ұдайы қолдаймын.

    Нұрәкім Есжан,
    Ұйғыр аудандық мәслихат төрағасы

    Ұсынымдар

    Ұстаздарды маңызды шешім қабылдауға шақырды

    Ұстаздарды маңызды шешім қабылдауға шақырды

    1 year ago
    Алматы облысында «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалі өтті 

    Алматы облысында «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалі өтті 

    3 months ago
    Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді

    Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді

    3 months ago
    Алматы облысында бәйгеден жарыс өтеді

    Алматы облысында бәйгеден жарыс өтеді

    3 years ago
    Президент әлемде тікелей шетел инвестициясы көлемі азаюының негізгі себептерін атады

    Президент әлемде тікелей шетел инвестициясы көлемі азаюының негізгі себептерін атады

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>