[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел экономикасы: Кеше, бүгін, ертең

    06.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Ел экономикасы: Кеше, бүгін, ертең
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Бүгінгі нарықтық қоғамда қаржылық және құқықтық сауаттылық әрбір азамат үшін маңызды. Себебі күнделікті ақшалай операциялардан бөлек, несие, депозит, ипотека сынды ірі келісімдер де бар. Оның әрбірі тиімді шешім қабылдай алу мен мұқияттылықты талап етеді. Әрі жалпы экономикалық өсімнің өзі азаматтардың қаржылай сауаттылығына байланысты екені тағы бар.

    Ел экономикасының өсу қарқыны халық табысына, еңбек нарығына және әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей ықпал ететіні анық. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) өткен жылғы қазан айындағы есебіне сәйкес, әлемдік экономика ақырындап өсуде. Ұйым ақпаратына сүйенсек, әр ел өзінің ішкі нарығын шетелдік тауарлармен бәсекелестіктен қорғауының әсері­нен әлемдік экономиканың дамуы баяулай түскен. Негізгі тәуекелдердің қатарына технологиялық компания­лар­дың акцияларын қайта бағалау және мемлекеттік институттардың тәуел­сіздігін әлсірету жатады. ХВҚ мәліметінше, әлемдік жалпы ішкі өнім 2025 жылдың қорытындысы бойынша 3,2%-ға артқан. Ал 2026 жылы 3,1%-ға дейін өседі деп болжанған. Яғни жаһандық экономика өсімін жалғастырады, алайда коронавирус пандемиясына дейінгі кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіштердің көңіл көншітпейтіні анық. Сонымен қатар ХВҚ Қазақстан экономикасына қатысты бағасын анағұрлым оң бағытта қайта қарады. Бұған дейін шетелдік сарапшылар 2025 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы 4,6%-ға өседі деп болжаған еді, алайда бұл көрсеткіш өткен жылы 6%-дан жоғары болды. Бұл мұнай өндіру көлемінің едәуір артуымен және ішкі сұраныстың жоғары болуымен байланысты. Қазақстан экономикасының негізгі қозғаушы күші ретінде көлік саласы 20,3%, құрылыс – 14,7%, тау-кен өнеркәсібі – 9,7% және сауда 8,8%- ға артқан.
    Тағы да Халықаралық валюта қорының қазан айындағы талдауына үңілсек, әлемдік экономика 2026 жылы өсумен қатар, түрлі сын-қатерлерге тап болуы мүмкін. Десе де, жаһандық экономикадағы көшбасшылар өз басымдықтарын әлі сақтап келеді. Көшбасшылардың қатарында АҚШ, Қытай, Германия, Үндістан сынды өндірісі өркендеген елдер бар. Аталған рейтинг ағымдағы АҚШ долларының номиналды жалпы ішкі өніміне негізделген, бұл әр ел экономикасының салыстырмалы түрдегі салмағын көрсетеді. Қытай, Жапония және Үндістан есебінен Азия аймағы жалпы ішкі өнім көлемі бойынша Солтүстік Америкадан алғаш рет озып, әлемдегі ең ірі экономика­лық аймаққа айналады.
    Рейтинг деректеріне сәйкес, Қазақстан 2026 жылы экономика­лық өсім бойынша әлемдегі ең ірі ТОП-50 елдің қатарына енеді. ХВҚ болжамы бойынша ел экономикасы 4,8-5,4% деңгейінде тұрақты өсімін жалғастырады, бұл орташа әлемдік қарқыннан айтарлықтай жоғары. Жиынтық жалпы ішкі өнім $319,8 млрд теңгені құрап, Қазақстан әлемде 50-орынға шығады. Жоғары өсім қарқыны, макроэкономикалық тұрақтылық және инвестициялық белсенділіктің артуы Қазақстанды Еуразиядағы ең тартымды инвес­ти­циялық бағыттардың біріне айналдырып отыр.
    – Қазақстан таңқаларлық макро­экономикалық тұрақтылық көрсетуде. Өсім тек шикізат экспортымен ғана емес, сонымен бірге ішкі сұраныс, нақты сектор және инвестициялық белсенділік арқылы қамтамасыз етіледі, – деп атап өтті ХВҚ сарапшылары. Қор 2025-2026 жылдарға арналған Қазақстан бойынша болжамын үш рет көтерген, бұл еліміздің экономика­лық саясатының тиімділігін және халықаралық қоғамдастықтың сенімін дәлелдейді. Жаһандық белгісіз­дік жағдайында Қазақстан тиімді геостратегиялық орналасуы мен инвестициялық әлеуетін ұштастыра отырып, Орталық Азиядағы тұрақты экономикалық өсу орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді.
    Біз сөз еткен мүмкіндік­термен қатар, ел экономикасы түрлі сын-қатерлерге кезіккенін де жоққа шығаруға болмайды. Экономист Бауыржан Ысқақов 2026 жылы күтілетін теңгенің әлсіреуінің себеп­терін және оның қазақстандықтар үшін салдарын алға тартады. Бұл ретте: «Доллардың нығаюына және теңге­нің әлсіреуіне әкелуі мүмкін негізгі фактор – мұнайдың әлемдік бағасы, өйткені Қазақстан мұнай экспортына тәуелді. Егер мұнай бағасы төмендесе, валюталық түсім төмендейді, бұл теңгеге қысым жасайды. Егер долларға сұраныс ұсыныстан асып кетсе, мысалы, импорттың өсуіне және Ұлттық банктің валюталық сатылымының қысқаруына байланысты, онда баға өседі» – дейді сарапшы.
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді жаңа экономикалық модельге көшіру міндетінің маңыз­дылығын үнемі айтып келеді. Бұған әділ және бәсекеге қабілетті жүйе құру, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңарту, бизнесті қолдау және инвестиция тарту кіреді. Бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін елдің экономикалық даму жоспарына баса назар аудару керек. Айталық, былтыр тамыз айының соңында өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздің 2026-2028 жылдары экономикалық даму болжамын таныстырған еді. Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің сөзінше, алдағы екі жылда мемлекеттік шығыстардың негізгі бөлігі әлеуметтік салаға жұмсалады. Бұл бағыттағы шығындарға 10 трлн 725 млрд теңге қарастырылып отыр. Әлеуметтік сала шығындары жалпы шығыс көлемінің 38,7%-ын құрамақ.
    Экономика саласының сарапшысы Айбар Олжаев Үкіметтің 2026-2028 жылдарға арналған экономикалық болжамының жүзеге асу мүмкіндігін жоғары бағалап отыр. «2026 жылға 5,4% өсім шынайы болуы мүмкін. Егер біз Опек+ келісімінен преференция алып, мұнай бағасы барреліне 69 доллардан төмен түспесе, жоспарланған көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік бар. Мұнда тек қана мұнай емес, көлік логистикасы, қоймалар арқылы және Қытай жүктерін Еуропаға тасу сияқты қосымша табыс көздері де бар. Егер осы бағыттарды ұстап қалсақ, 5,4% өсім нақты болады. Дегенмен, форс-мажор жағдайлары – әлемдік дағдарыстар, соғыстар, шекаралардың жабылуы – біздің көрсеткішке әсер етуі мүмкін», – деді сарапшы.
    Соңғы жылдары әлемдегі ірі экономикалық күштер арасындағы түрлі тарифтік соғыстар жаһандық нарыққа теріс әсер тигізгені байқалады. Белгілі сарапшы Сапарбай Жобаев та бұл жағымсыз құбылыстың Қазақстан экономикасына әсер ететінін жасыр­майды. «Әсіресе сауда саласына. Тарифтер көбейсе – сауда азаяды, сауда азайса – өндіріс төмендейді, ал бұл экономикалық өсімді тежейді. Сондықтан әлемдік экономиканың дамуы ірі мемлекеттердің саяси шешімдерімен және Қытай, Оңтүстік Азия, Үндістан сияқты елдердің дамуымен тікелей байланысты. Әрине әлемдік сауда ағыны көлік-логистикалық әлеуеті артып келе жатқан еліміз үшін айрықша маңызды. Сол себепті сыртқы экономикалық бай­ланыстарды әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібінде экспортқа бағытталған кластерлерді қалыптастыру, заманауи логистикалық және цифрлық сер­вистерді дамыту жағын мықтап қолға алсақ, межеден артық көрсеткіштерге қол жеткізе аламыз», – дейді сарапшы.
    Дүниежүзілік банк Қазақстанның экономикалық өсімі 2026 жылы бар болғаны 3,7%-ға артады деп болжам жасауда. Алайда ел Үкіметі мұндай пессимистік бағалауға келіспейді. Былтыр тамыз айының соңында өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылы жалпы ішкі өнім өсімі 5,4%-ды құрайды деп мәлімдеді.Халықаралық қаржы ұйымдары 2025 жылы да еліміздің экономикалық өсімін төмен межелеген еді, алайда нақты көрсеткіш жоғары болды.

    Түйін:

    Биыл сол құбылыс қайталанады деген ойдамыз. Өйткені еліміздің агроөнеркәсіптік және транзиттік әлеуеті жаңа өсім драйверлерін қалыптастыруға, өңірлердің халықаралық саудадағы рөлін күшейтуге және ұлттық экономиканың ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    ТІЛТАНУДАН – ҰЛТТАНУҒА!

    ТІЛТАНУДАН – ҰЛТТАНУҒА!

    9 months ago
    Сұранысқа ие Sarbi немесе сапалы аяқ киім тігу кәсібі қалай басталды?

    Сұранысқа ие Sarbi немесе сапалы аяқ киім тігу кәсібі қалай басталды?

    3 years ago
    ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ ГАЗЫ: КАКИЕ ИСТОЧНИКИ ЭНЕРГИИ ВЫЗЫВАЮТ БОЛЬШЕ ВСЕГО ВЫБРОСОВ CO₂?

    ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ ГАЗЫ: КАКИЕ ИСТОЧНИКИ ЭНЕРГИИ ВЫЗЫВАЮТ БОЛЬШЕ ВСЕГО ВЫБРОСОВ CO₂?

    1 year ago
    Өмір – көш жылжыған баяу ғана

    Өмір – көш жылжыған баяу ғана

    1 year ago
    Бизнес үшін жаңа мүмкіндік

    Бизнес үшін жаңа мүмкіндік

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>