Мемлекет басшысы айтқандай, алдағы өзгерістер ауқымы жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар болмақ. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік және конституциялық реформа мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізген еді. Осыған сәйкес, Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды.
Комиссия құрамына белгілі заңгерлер, қоғам қайраткерлері, облыс әкімдері, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің өкілдері енді. Жалпы саны 120 адам жұмыс істеді.
Бүгін Астанада Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Эльвира Әзімованың жетекшілігімен өз жұмысын жалғастырды. Конституциялық реформаны елді жаңғыртуға бағытталған бұрынғы реформалардың жалғасы ретінде қабылдау керек. Алдағы конституциялық реформа қоғамдық сұранысқа жауап береді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдаманың тиімділігі мен тұрақтылығын көрсетеді.
Ел болашағына қатысты шешімдер пісіп-жетілетін бұл алаңдағы алғашқы отырыстың жабық есік жағдайында емес, халықтың көз алдында, ашық әрі жария түрде өтуі халық үшін құптарлық жайт. Ұсынылып отырған өзгерістердің ауқымы мен маңызы зор. Олар
еліміздің саяси жүйесін сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Бүгін түске дейінгі отырыста ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев негізгі заңға бірқатар негізгі өзгерістерді ұсынды. Аталған өзгерістер азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленгенін жеткізді.
«Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес мемлекеттік бағдарламалар аталған жүйенің құжаттары болып табылмайды. Мұндай бағдарламалар қажеттілігіне қарай әзірленіп, бекітілетін болады…. Осыған байланысты Конституцияның тиісті бабында сот билігі әкімшілік сот ісін жүргізу арқылы жүзеге асырылатынын тікелей көрсету ұсынылады. Бұл әкімшілік соттарға конституциялық-құқықтық мәртебе береді, жария-құқықтық дауларда азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін арттырады және қоғамның сот билігіне сенімін нығайтады» – деп атап өтті министр.
Рамазан Мырзағалиев
Кеген ауданы,
Тасашы ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы




