[um_weather city="Қонаев"]
Сенбі, Қаңтар 24, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ерлан САИРОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: БҰЛ НЕ ДЕГЕН БАССЫЗДЫҚ?

    23.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Парламент
    Ерлан САИРОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: БҰЛ НЕ ДЕГЕН БАССЫЗДЫҚ?
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев біз үшін «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» деп айтты. Ата-бабамыздың қайтпас қайсарлығы мен қажымас күресінің нәтижесінде келген Тәуелсіздікті сақтап тұру үшін бізге бірлік, тұтастық, ынтымақ қажет. Алайда соңғы кездері қоғамда бірлік пен тұтастықты нығайтудан гөрі, халықты жікке бөлуге бейім үдеріс күшейіп келеді. Жекелеген контент өндірушілер мен кәсіпкерлер рулық сананы жалаулатып, күнделікті тұтынатын жейде мен шапандарға ру атауын жазып, оларды «бренд» немесе «маркетингтік өнім» ретінде сатылымға шығаруда.
    Әлеуметтік желілерде де жастарға рушылдық психологияны таңатын контент шектен тыс көбейіп кетті. Бұл ұлттың бірлігін ішінен құртатын қауіпті тенденция киноға да жетті. Осындай қажетсіз тақырыпты арқау еткен арнайы фильм прокатқа шығыпты. Бұл арқылы кино түсірушілердің не айтпақ болғаны түсініксіз. Қазақтың руларын салыстыратын, кемсітетін фильмдердің мақсаты қандай? Тіпті бұл фильмді жарнамалау үшін жасалған арнайы экзпозицияда руға бөлінуді қойып, Қазақстанның картасын үш жүзге бөліп қойғанды көрдік.
    Бұл не деген бассыздық? Ұлт үшін ең сезімтал тақырыпты айқайлатып әлеуметтік контент, кино тақырыбына айналдырып, көрермен жинаудың түбі жақсылыққа әкелмейді. Творчестволық бостандық қажет. Бірақ творчестволық бостандық мына алай-дүлей заманда, ұлттың бірлігін бұзып, мемлекеттіліктің тамырын қиюға қабілетті деңгейге шықпауы тиіс. Жасөспірімдер үшін кино және медиаконтенттің тәрбиелік ықпалы жоғары екенін ескерсек, бұл мәселеге бейжай қарауға болмайды.
    Данышпан Абай «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деп бекер айтпаған. Рушылдық тенденция – қоғам ішінде мемлекеттік ойлау қабілетін коррозияға ұшыратып, мемлекеттілікті шашыратуға әкелетін қауіпті құбылыс. Ғалам мәңгі болса, сонша мәңгі болатын Қазақстанды құрамыз десек, ұлт ішінде артықшылығымызды кемшілік деп көрсететін, бір ұлт ішіндегі руларды бір-біріне айдап салатын, арандатушылық материалдарға тыйым салынуы керек.
    Президентіміз өз Жолдауында: «Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет», – деп мемлекетіміздің мызғымас саясатын анықтап берді. Осыған байланысты Ақпарат және мәдениет министрлігі жанынан кинопрокатқа шығатын отандық фильмдердің мазмұнын алдын ала көркемдік-эстетикалық, идеологиялық, ұлттық бірлік тұрғысынан сараптайтын тұрақты комиссия құруды шұғыл түрде іске асыру қажет дер едім. «Ұлттық код» және «мәдени ерекшелік» ұғымын желеу етіп, қоғамды бөлшектеуге, рушылдық пен жікшілдікті насихаттайтын әрекеттерге нақты тосқауыл қою керек. Мәдени салада, әлеуметтік желіде, Қазақстан халқының бірлігін көрсететін, жалпыұлттық «Біз – қазақпыз!» деген мағынадағы контентті көбейтуге тиіспіз.

    Ұсынымдар

    Өтінішті қарау оңтайланады

    Өтінішті қарау оңтайланады

    11 months ago
    Көп көмегі

    Көп көмегі

    2 years ago
    Сапа бар жерде сенім бар

    Сапа бар жерде сенім бар

    2 years ago
    Бала құқығын қорғауға айрықша мән берілді

    Бала құқығын қорғауға айрықша мән берілді

    2 years ago
    Райымбек ауданында әкім сайлауы басталды

    Райымбек ауданында әкім сайлауы басталды

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>