[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Есімі ардақталды

    13.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Есімі ардақталды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Кеген ауданы Саты ауылындағы көшелердің біріне ерлігі ел есінде қалған соғыс және еңбек ардагері Сейпіл Әбдімомыновтың есімі берілді. Салтанатты шараға Кеген ауданы әкімінің орынбасары Медет Исаев, қоғамдық ұйым төрағалары, ауыл тұрғындары мен соғыс ардагерінің ұрпақтары қатысты.

    – Сейпіл атамыздың өмір жолы табандылықтың, отансүйгіштіктің, адалдықтың шынайы үлгісі болды. Ол майдан даласында жаумен кескілесе шайқасты. Елге оралған соң Саты ауылының өркендеуіне, жас ұрпақтың тәрбиесіне өз үлесін қосты. Оның азаматтық болмысы, адамдық қасиеті біз үшін қашанда қастерлі. Ардагерлер ерлігі – ұрпаққа өнеге, – деді аудан әкімінің орынбасары Медет Исаев.
    Майдангердің қызы Мая Әбдімомынова, немересі Болат Рахимов атасының абыроймен атқарған қызметі мен еселі еңбегіне тоқталды. Саты ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Есбол Рысбаев майдангер есімін дәріптеу өнегелі іс екенін айтып, көпшілікке ақ батасын берді.
    Сейпіл Әбдімомынов 1920 жылы Саты ауылында дүниеге келген. Жастық шағының ең бір қымбат кезеңін соғыс оты шарпып өтті. 1942 жылы майданға аттанып, елін жаудан қорғайды. 1945 жылы соғыстан оралған Сейпіл ата туған жерінің гүлденуіне бар күш-жігерін салып, елі үшін сіңірген еңбегі ауыл халқының жүрегінде мәңгілік із қалдырды. «Ұлы Отан соғысы» орденімен және бірнеше медальмен марапатталған.
    Шара соңында майдангер атамыздың рухына дұға бағышталып, ас берілді. Болашақ ұрпақтың алаңсыз өмір сүруі үшін аянбай тер төккен, жанын қиған ерлердің есімі халық жадында сақталып, елімен бірге мәңгі жасай бермек.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Еңбегімді елордаға арнаймын

    Еңбегімді елордаға арнаймын

    6 months ago
    Асылжан Есенгелді мен Азамат Дәулетбеков әлем чемпионатының ширек финалында

    Асылжан Есенгелді мен Азамат Дәулетбеков әлем чемпионатының ширек финалында

    4 months ago
    eGov порталы арқылы көлік құралын қалай тіркеуге болады?

    eGov порталы арқылы көлік құралын қалай тіркеуге болады?

    2 years ago
    Қала келбеті қалай өзгереді? Әкімдікте Қонаевтың дизайн-коды таныстырылды

    Қала келбеті қалай өзгереді? Әкімдікте Қонаевтың дизайн-коды таныстырылды

    3 years ago
    Мерзімінен кешіккен мердігерлер

    Мерзімінен кешіккен мердігерлер

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>