[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Игілікті іске ел риза!

    10.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Игілікті іске ел риза!
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қазіргі кезде қайсы ауылда болсын, қат-қабатымен кеңірдектен кептеліп тұрған көкейкесті проблемалар аз емес. Оның бәрі де халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына келіп тіреледі. Сондықтан да қалың қауымның мұң-мұқтажына құлақ асқан жерлерде олардың қандай қажеттілігі болса да, дер кезінде қанағаттандырылып, шешімін тауып жатқаны адамды зор қуанышқа бөлейді.

    Осыдан 7-8 жыл бұрын Іргелі ауылдық округіне қарасты Кемертоған және Көксай елдімекендері арасындағы «МТФ» деп аталып кеткен аумақ халықты қатты қынжылысқа салған еді. Олай болатын жөні де бар. Қарама-қарсы жатқан екі ауылдың ашық жатқан алаңқайларына қаптаған қалың құрылыс түсіп, қарым-қатынас жасау өте қиынға соқты. Әсіресе, 100-ден аса оқушыға жаңадан салынған мектепке жетуге, ауыл тұрғындарына қажетті жеріне уақытында баруға үлкен қолбайлау жасады.
    Аталған жер жарлауыт болатын. Оның биіктігі – көз өлшемі бойынша 7-8 метрдей. Ал жарлауыттың екі аралығы шамамен 18 метрді құрайды. Осы МТФ-ны басып өтетін Қырғауылды өзенінің тереңдігі 1 метрге жуықтау. Бастапқыда екі жақтың ауыл тұрғындары жол салудың амалын іздеп, жалғыз аяқты аспалы көпір жасап еді. Бірақ ол оңтайлы бола қойған жоқ. Одан оқушылар ұшып кетіп, жарақат алып қалған кездері аз болмады. Бұл жағдай халықты әбден әбігерге түсірді.
    «Сабақты ине сәтімен» дегендей, мұның да шешімі табылды. Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естеновтің соңғы есеп беру жиынында ауыл тұрғындары осы мәселені жеткізіп айтып еді. Сонда Жасұлан Тоққожаұлы халық пікірімен, ұсынысымен санасып, тиісті адамдарға тапсырма берген болатын. Міне, соның арқасында көптен бері арман болып жүрген аспалы көпір жұмысы қызу қолға алынды. Заманауи талапқа сай көпір жасалып, халықтың игілігіне берілді. Қазір көпірге дейінгі жолға жарық түсіру жұмыстары қолға алынған.
    Бұл орайда көпірді салуға тікелей мұрындық болған ауыл әкімі Арман Камалбектің, ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Егінбек Егеубектің, орынбасарлары Қалиахмет Көшкімбаев, Қален Мұсаевтардың ересен еңбек сіңіргендерін ерекше атап өткен жөн. Олар өз қалталарынан да қаражат шығарып, ауыл ардагерлері мен тұрғындарын ортақ іске ойдағыдай жұмылдыра білді. Көпірді жасауға құрылыстың кәнігі шеберлері атсалысты. Халықтың қуанышында шек жоқ. Енді автокөліктер жүретін және басқа ауылдардың да тұсынан көпір салу жұмысы жоспарланып отыр.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Blockchain ХҚКО қызметін айтарлықтай жеңілдетті

    Blockchain ХҚКО қызметін айтарлықтай жеңілдетті

    2 years ago
    ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖОҒАРЫ

    ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖОҒАРЫ

    2 years ago
    Жаңа автобус паркі қызметін бастады

    Алматыдан қала маңына қатынайтын 3 автобус бағыты ашылды

    1 year ago
    ЖАМБЫЛДЫ  ЖЫРЛАДЫ

    ЖАМБЫЛДЫ ЖЫРЛАДЫ

    1 year ago
    Адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздік – біздің ең басты құндылықтарымыз

    Адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздік – біздің ең басты құндылықтарымыз

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>