⛅
-5°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ІСКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ЖАҢА ПОЛЮСІ

    ҚР Премьер-Министрі Олжас БЕКТЕНОВ Алматы облысына келді

    16.01.2026
    in Барлық жаңалықтар
    ІСКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ЖАҢА ПОЛЮСІ
    0
    SHARES
    31
    VIEWS

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Үкімет басшысы Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында Алатау қаласының базасында инвестиция мен технологияларды тартып, іскерлік белсенділікті арттырудың жаңа полюсін қалыптастыру бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыру барысымен танысты.

    Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев Премьер-Министрді Алатау қаласының аумағындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, қала құрылысы мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға дайындық туралы, сондай-ақ өңірді электр энергиясымен қамтамасыз ету, оның ішінде қажеттіліктерді ескере отырып жаңа өндірістерді іске қосу бойынша хабардар етті.
    Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, бүгінгі таңда Алатаудың Бас жоспарына түзетулер енгізілген. Инженерлік желілер­дің салалық схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және инфрақұрылымдық дамудың Жол картасы бекітілген. Жол картасының бірінші кезеңі 365,1 млрд теңге сомасына 21 жобаны жүзеге асыруды көздейді. 2026-2027 жылдары қосалқы стансаларды, су жинау торабын және газ құбырларымен қатар, инженерлік инфрақұрылымның қолданыстағы нысандарын реконструкциялау мен жаңа объектілер салу жоспарланған. 2028-2030 жылдардағы екінші кезең 312,5 млрд теңгеге 9 жобаны қамтиды, оның ішінде екі қосалқы станса, автоматтандырылған газ тарату стансасы бар газ құбыры, кәріз тазарту және 49 шақырым автомобиль жолдарының құрылысы қамтылады. Тұтастай алғанда, 2050 жылға дейін инвестициялардың жалпы көлемі 10,4 трлн теңге деңгейінде инфрақұрылымдық жобалар пулы қалыптастырылды, оның 3,1 трлн теңгесін 2030 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Инфрақұрылымды дамыту бюджет қаражаты есебінен ғана емес, жеке инвестициялар мен EPC-келісімшарттарды (жобалау, сатып алу және құрылыс жұмыстары) тарта отырып қамтамасыз етіледі. Бүгінде жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 32 инвестициялық жоба жолға қойылған.
    Тамақ өнеркәсібі саласында Олжас Бектенов инвестицияларының жалпы көлемі шамамен $360 млн болатын PepsiCo Central Asia ауқымды жобасы бойынша жұмыс қарқынымен танысты. Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылуда және қосылған құнның жаңа тізбегін қалыптастыруға, агроөнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, ауыл шаруа­шылығы өнімдерін сақтау мен өңдеудің заманауи технологияларын енгізуге бағытталған. 900-ге дейін жұмыс орнын құру жоспарлануда, кәсіпорынның өндірістік қуаты 21 мың тоннаны құрайды.
    Үкімет басшысы Алатау қаласында «Mars Petcare Kazakhstan» ЖШС-ның үй жануарларына арналған дайын азық өндіру зауытына барды. Өндірістерді локализациялау және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту саясаты шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жоба жылдың ортасында басталады. Iconic Towers зәкірлік жобасына да арнайы назар аударылды. Оны салу туралы келісімге 2025 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысының Қытайға мемлекеттік сапары аясында қол қойылған болатын. Инвестиция көлемі $800 млн-нан асады. Архитектуралық тұжырымдама­ны әзірлеу үшін америкалық SOM компаниясы тартылды. Кешеннің жалпы ауданы 276,8 мың шаршы метрді құрайды және оған екі мұнара, кеңселер, пәтерлер, қонақүй мен сауда орындары кіреді. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді 2027 жылдың сәуіріне дейін аяқтау жоспарлануда, құрылыс жұмыстарын биылғы мамыр айынан бастап, 2029 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
    Алатау қаласының жобаларын жүзеге асыруға байланысты Алматы облысында электр энергиясын орташа тұтыну көлемі өсуде. Қазір ол 750-800 МВт-ты құрайды. Бұл ретте 2030 жылға қарай болжамды өсім 2 064 МВт, 2050 жылға қарай – 4 164 МВт болуы мүмкін деп бағаланып отыр. Қолданыстағы қуат көздерінің тапшылығы қосал­қы стансалар құрылысы мен реконструк­циясын талап етіп отыр. Үкімет қазірдің өзінде 15 қосалқы станса салу туралы шешім қабылдады, бұл жаңа трансформаторлық қуат көлемін іске қосуға және инвесторларды электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүм­кіндік береді.
    Алатау қаласы бойынша бекітілген Жол картасы аясында шамамен құны 162 млрд теңге болатын тағы 11 қосалқы станса салу және реконструкциялау көзделгені атап өтілді, бұл – қаланың тұрақты дамуы мен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың негізгі шарты.
    – Инфрақұрылым әрқашан озық қарқынмен дамуы керек, бірақ біз сәл кешігіп келеміз. Жалпы мұндай мәселе еліміз бойынша бар. Қазір Президент бұған үлкен көңіл бөлуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қажетті қаражат бөліп жатыр. Біз мемлекеттік қаржыны тұрақтандыру үшін салық реформасын жүргіздік. Бұл қаражат бізге инфрақұрылымға салу үшін қажет. Бұл ақша ешқайда кетпейді, тікелей экономикаға салынады. Егер мемлекет инфрақұрылымға инвестиция салса, онда инвесторлардың сенімі артып, келе бастайды. Даму осы­дан басталады. Басқа жол жоқ. Сондықтан, біз инвестиция саламыз және осы жылдан бастап бюджеттің мүмкіндіктері басқаша болады. Бірге жұмыс істейміз, – деді Олжас Бектенов.
    Үкімет барлық қолдау шараларын көрсетіп жатыр. Қазіргі уақытта Алатау қаласы арнайы мәртебеге және қосымша институционалдық жағдайларға ие. Олжас Бектенов жергілікті атқарушы органдардың назарын қаланы дамыту жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігіне аударды. Президент белгілеген міндеттер шеңберінде Алатау бүгінде іскерлік белсенділік пен инновацияның жаңа орталығы ретінде қалыптасуда, сондықтан қаланың сәулеті адам игілігіне бағытталған және бизнес үшін ыңғайлы болуы тиіс. Осыған байланысты Alatau City Authority қоры мен Алматы облысының әкімдігіне инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, инвестициялар тарту, индустриялық, логистикалық және инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелерін қарастыра отырып, қаланы дамыту бойынша мемлекеттік қолдаудың жан-жақты шараларын қабылдау тапсырылды.
    Премьер-Министр облысқа жұмыс сапары барысында Президент белгіл­ген экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп өндірісі көлемін ұлғайту, терең өңдеу үлесін арттыру және экономиканың басым салаларына инвестициялар тарту жөніндегі мақсат­тарға сай келетін бірқатар инвес­тициялық және өнеркәсіптік жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты.
    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 2025 жылдың қоры­тындысы бойынша өңірге 1,3 трлн теңге инвестиция тартылғанын, бір жылдағы өсім 29,4% болғанын баяндады. Экономиканың барлық салаларында 72 541 жұмыс орны құрылған, оның ішінде 58 528-і тұрақты жұмыс орны. Алматы облысы еліміздің негізгі индустриялық-логистикалық орталықтарының бірі ретінде өз ұстанымын дәйекті түрде нығайтып келеді. Мұнда көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту өңірдің өңдеуші секторының өсуін ынталан­дыруда маңызды рөл атқарады.
    Сапар аясында Премьер-Министр Қарасай ауданының Көкөзек ауылында орналасқан, шикізаттық емес секторды дамытумен айналысатын «Imagine Apple Logistics» ЖШС-ның логистикалық орталығын аралады. Жоба қойма, көлік және басқару процестерін біріктіруге, дистрибуциялық ағындарды шоғырлан­дыруға, сондай-ақ, ішкі және айма­қаралық нарықтар үшін тұрақты жеткізу тізбегін қалыптастыруға бағытталған. Оның аясында 50 млрд теңгеден астам инвестиция тарту және 1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу, сондай-ақ іргелес жол және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту қарастырылып отыр. Танысып шыққан соң Олжас Бектенов аталған логистикалық орталықты кеңейтуге және дамытуға жәрдемдесуді тапсырды. Сондай-ақ Үкімет басшысы Алматы облысында салынған, инвестиция көлемі 74 млрд теңге болатын KT&G компаниясының заманауи зауытының жұмысымен танысты. Өндірістің экспортқа бағдарлануына және Еуропа мен ТМД елдерінің нарықтарына шығу жоспарларына ерекше назар аударылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерінің шамамен 4%-ын қамтамасыз етті, бұл оның облыс бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастырудағы елеулі үлесін көрсетеді.
    Өңірдің негізгі кәсіпорындарының қатарында тамақ өнімдерін өндіру бойынша жүйе құраушы болып саналатын «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы бар. Кәсіпорынның қазіргі таңдағы қуаттылығы жылына 160 мың тонна дайын өнімді құрайды, экспорт көлемі – 20 мың тоннадан асады. 2015 жылдан бастап өндіріске 35 млрд теңге инвестицияланды, 700-ге жуық жұмыс орны ашылды, қызметкерлердің 95%-ы – жергілікті тұрғындар. 2026 жылы компания жаңа өндірістік желіге қосымша 4,5 млрд теңге салуды жоспарлап отыр.
    Сапар барысында агроөңдеуді дамытуға көңіл бөлінді. Премьер-Министр «Қапшағай бидай өнімдері» зауытының базасында агроөнеркәсіптік кластердің қызметімен танысты, онда жаңғырту нәтижесінде ұн, өсімдік майы және мал азығын өндіру бойынша 1 млн тоннадан астам қуаттылық қалыптасты. Инвестиция көлемі 12 млрд теңгені құрады. Кәсіпорын бір жарым айда шамамен 110 мың тонна өнім өндірген. Ендігі жоспар – өндірістік қуатты екі есеге арттыру. Жобаны жүзеге асыру Алматы облысының экспорттық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосып, астық экспортының көлемін 10%-дан астам ұлғайтуға мүмкіндік берді. Мұнда Премьер-Министрге өңірдің ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы баяндалды. Сондай-ақ Алматы облысында шығарылатын өнім желісі ұсынылды. Кәсіпорындарды аралау қорытындысында Премьер-Министр қайта өңдеу өндірістерін, логистиканы және қосылған құны жоғары өнім экспортын дамытудың басымдығын атап өтті, сондай-ақ салалық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдігіне тұрақты жұмыс істеу және кәсіпорындарды одан әрі кеңейту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуді тапсырды.
    – Біздің мақсатымыз – қосылған құны жоғары өнім шығару. Сондықтан кәсіпорындарға өсуі үшін тұрақты және болжамды жағдайларды қамтамасыз ете отырып, қайта өңдеуді, логистиканы және экспортты дәйекті түрде дамыту маңызды, – деп атап өтті Олжас Бектенов.
    Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының атом саласындағы ғылыми, қолданбалы және жоғары технологиялық бағыттарды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орын­далу барысын тексерді. Негізгі міндет – зерттеу инфрақұрылымын қалып­тастыру және саланың ғылыми-технологиялық әлеуетін нығайту.
    Олжас Бектенов Алматыда Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөнін­дегі агенттігінің Ядролық физика институтында (ЯФИ) болып, негізгі қондырғылар мен өндірістік алаңдардың жұмысымен танысты. Институт жаңа буын ядролық реакторларын және тер­моядролық қондырғыларға арналған материалдарды сынаумен айналысады, ядролық технологияларды өнеркәсіпте, ғылыми зерттеулерде және медицинада, соның ішінде онкологиялық ауру­ларды диагностикалау және емдеу үшін өмірлік маңызы бар радио­фармпрепараттар өндірісінде қолданады. Бүгінгі таңда ЯФИ базасында 11 базалық эксперименттік қондырғы, соның ішінде ССР-Қ зерттеу реакторы, сынақ стенді, радиоактивті қалдықтар мен иондаушы сәулелену­дің пайдаланудан шыққан көздерінің қоймалары, сондай-ақ зарядталған бөлшектердің 6 үдеткіш кешені жұмыс істейді. ССР-Қ зерттеу реакторы мен Cyclone-30 циклотронының базасында GMP халықаралық стандарты бойынша аккредиттелген Қазақстандағы жалғыз реакторлық радиофармпрепараттар өндірісі жолға қойылған.
    Қазіргі уақытта институт Қазақстан­ның медициналық орталық­тары үшін үш радиофармпрепарат шығарады және жеткізеді, оның ішінде йод-131 және молибден-99/технеций-99m бар. Йод-131 қалқанша безінің ауруларын, оның ішінде онкологиялық ауруларды емдеу үшін қолданылады, ал технеций-99m адамның барлық дерлік органдары мен жүйелерінің ауруларын диагностикалау үшін қолданылады. Технеций-99m генераторлары ЯФИ-дің өзінде де шығарылады, оларды жасау технологиясын институт патент­теп алған. Жалпы, аталған желі онкологиялық және жүрек-қан тамыр­лары ауруларын диагностикалауға және қалқанша безінің қатерлі ісігін емдеуге арналған негізгі изотоптарды қамтиды. Бұл ретте институт еліміздің радиофармацевтикалық қажеттілігі­нің шамамен 85%-ын қамтамасыз етіп отыр. Cyclone-30 циклотроны радиоизотоптарды өнеркәсіптік өндіруге арналған және қазіргі уақытта ол Қазақстанда сұраныс тұрақты өсіп келе жатқан ПЭТ-диагностика үшін қажетті фтор-18 элементін шығарумен толықтай айналысып жатыр.
    Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев ЯФИ өнімдері жыл сайын 18 мыңнан астам пациентті емдеу және диагностика үшін қолданылатынын атап өтті. Ал өнеркәсіптік радиоизотоптар Еуропа, АҚШ және Орталық Азия елдеріне экспортталады. Премьер-Министрге өнеркәсіптік изотоптық өнім туралы да баяндалды. Институттың ғылыми-техникалық базасы, оны жаңғырту және кеңейту жұмыстары еліміздің ядролық кластері мен Алматы облысындағы ғылым қалашығын дамытудың негізі болып отырғанын атап өткен жөн.
    Жұмыс сапары барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылымды шоғырландыру аумақтарын құру және дамыту тұжырымдамасы туралы баяндады. Пилоттық орындардың бірі ретінде Алматы облысындағы Ядролық физика институтының алаңы анық­талды. Мұнда кадрлық әлеуетті нығайтуға, ғылыми инфрақұрылымды жаңғыртуға, әзірлемелерді ком­мерцияландыруға және жоғары техноло­гиялық өндірістерді іске қосуға бағыт­талған ғылыми-технологиялық парк құру көзделген. Нәтижесінде 400-ден астам ғылыми мамандарды тарта отырып, патенттік базаны дамыту қарастырылып отыр.
    Бүгінгі таңда Ядролық физика институты аумағында 4,5 мыңнан астам маман даярлаған оқу орталық­тары жұмыс істейді және 2026 жылы ядролық криминалистика бойын­ша өңірлік оқу орталығын ашу жоспар­ланған. Осыған байланысты оқу және тұру жағдайларын жасау үшін өткен жылдың соңында оқуға және жұмыс істеуге арналған кеңістіктермен жабдықталған жатақхана салынды. Премьер-министр 116 оқушы мен мамандарға арналған жеті қабатты ғимаратты аралады. Жобаны жүзеге асыру тұрақты білім беру ортасын қалыптастыруға, білікті кадрларды тартуға және бекітуге, сондай-ақ Қазақстанның ядролық кластері жобаларын жүзеге асыру шеңберінде ғылыми әлеуетті дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.
    Үкімет басшысының сапары ары қарай Алматыдағы «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын аралау­мен жалғасты. Алматы қаласын­дағы сапар барысында Үкімет басшысы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, локализацияларды тереңдету және АЭА инфрақұрылымын кеңейту мақсатында жүргізіліп жатқан инфра­құрылым жұмыстарымен танысты.

    ҚР ҮКІМЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында салынған бөгетке қатысты тергеу жүріп жатыр

    Алматы облысында салынған бөгетке қатысты тергеу жүріп жатыр

    2 years ago
    Бекзат болмыс

    Бекзат болмыс

    2 months ago
    Биыл үш жаңа өрт сөндіру депосы ашылады

    Биыл үш жаңа өрт сөндіру депосы ашылады

    6 months ago
    Мұқағали мен Ильяның ескерткіші ашылды

    Мұқағали мен Ильяның ескерткіші ашылды

    9 months ago
    Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

    Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>