[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кегенде өрт сөндіру бекеті ашылды

    24.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Төтенше жағдай
    Кегенде өрт сөндіру бекеті ашылды
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Өрт сөндірушілер – ерлік пен жауапкершіліктің символы десек, бүгінгі жаңа өрт сөндіру бөлімі – барша халықтың, елдің, жердің амандығына жасалған үлкен қадам, елдің қауіпсіздігіне бағытталған нысан болмақ.

    Осы орайда, оқыс оқиғалардың алдын алып, түрлі апат кезінде халыққа көмек көрсету бағытында Кеген ауылында 2 автокөлікке арналған өрт сөндіру бөлімі бүгін салтанатты түрде ашылды.

    Нысанның ашылуына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық Төтенше жағдайлар Департаментінің бастығы, полковник Дәурен Оразбеков, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, сала ардагері Ерғали Талипов және аудан тұрғындары қатысты.

    Салтанатты басқосудың шымылдығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің құттықтау сөзімен ашылды. Шыңғыс Әрінов жиналған халықты құттықтап қана қоймай, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жұмысы жайлы айтып өтті.

    – Өрт сөндіру бөлімі барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сондықтан біздің де бөлімшелер қуатты, мықты болуы керек. Ал бүгін міне, киелі Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылып отыр. Барлығыңызды осы қуанышты сәтпен құттықтаймын! Сондай-ақ, ел қауіпсіздігі жолындағы ортақ іске үлес қосқан «AS Karasay» ЖШС-не, құрылыс саласының мамандарына және жауапты мекемелерге алғысымды білдіремін, – деген Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Сайранұлы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хатымен «Кеген орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айболат Солтанғазиевты, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің «30 жыл» медалімен Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы мен «AS Karasay» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Медет Омархановты марапаттады.

    Сондай-ақ, төтенше жағдайларда тез әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін жаңа техника әрқашан сенімді серік. «Трэкол» маркалы автокөлігінің кілтін азаматтық қорғау капитаны Алдияр Берікұлына табыс етсе, жаңа ғимараттың символикалық кілтін Кеген ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Еркебұлан Тергеусізовке салтанатты түрде табыс етті.

    – Кеген ауданы үшін халықтың қауіпсіздігі, оның ішінде табиғаттың қауіпсіздігі өте маңызды. Бүгін заманауи үлгіде ашылып жатқан өрт сөндіру бөлімі 11 елді мекен мен 12 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл ғимаратта 21 жеке құрамда қызметкерлер жұмыс атқарады, – деген облыс әкімі Марат Елеусізұлы аудан тұрғындарын жаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылуымен құттықтап, жаңа «Камаз» АЦ-5-40 маркалы өрт сөндіру автокөлігінің кілтін азаматтық қорғау лейтенанты Нұргелді Бақытбекұлына, «Toyota Hilux» маркалы жеңіл автокөлігінің кілтін азаматтық қорғау аға лейтенанты Даурен Ринатұлына табыс етті.

    Одан кейін сөз кезегі сала ардагері Ерғали Талиповқа берілді. Ерғали Сатыпалдыұлы жиналған жұртты құттықтап, өрт сөндіру бекетінің маңыздылығы жайлы сөз қозғады.

    Құттықтау сөздер мен жақсы тілектерден кейін шараның салтанатты сәті келіп, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ресми түрде жаңа ғимараттың лентасын қиды. Одан кейін шараға келгендер нысанның ішін аралап, атқарылған жұмыстың нәтижесімен танысып шықты.

    Айта кетейік, жаңа өрт сөндіру бөлімінің құрылысы 2024 жылы басталып, оған бюджеттен 18 465 204, 24 теңге қаражат бөлінді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде екі қабатты заманауи ғимарат бой көтерді. Алдағы уақытта екі ауысыммен жұмыс істейтін нысанның ішінде көлікпен қажетті құрал-жабдықтар, тамақ ішетін, демалатын, спортпен шұғылданатын, жуынатын бөлмелер бар. Құрылысын жүргізген мердігер мекеме – «AS Karasay» ЖШС.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ 

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Касым-Жомарт Токаев провел встречу с главой корпорации Chevron

    Касым-Жомарт Токаев провел встречу с главой корпорации Chevron

    4 months ago
    Қонаевта аптасына 600 тонна қоқыс шығарылады

    Қонаевта аптасына 600 тонна қоқыс шығарылады

    2 years ago
    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Республикасының Президенті Александер Стуббтың бірлескен мәлімдемесі

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Республикасының Президенті Александер Стуббтың бірлескен мәлімдемесі

    3 months ago
    ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЛДІ

    ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЛДІ

    2 months ago
    Сенімді энергия көзі

    Сенімді энергия көзі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>