⛅
6°C
Қонаев
Бейсенбі, Ақпан 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қолөнерден қол үзбеген

    31.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Қолөнерден қол үзбеген
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қазіргі таңда ғасырлар бойы қалыптасқан, алайда түрлі себеппен ұмытыла бастаған ұлттық салт-дәстүрлеріміз қайта жаңғырып, күнделікті өмірімізге біртіндеп еніп келеді. Тұрмыстық және зергерлік бұйымдар мен музыка аспаптарын жасайтын қолөнер шеберлері өздерінің сүйікті кәсібі арқылы халықтың рухани мұрасын дәріптеп, әрбір туындысына ұлттық болмыс пен айрықша нақыш беруге ұмтылады. Осындай игі істі өмірлік мақсатқа айналдырған Момбековтер отбасы – жай ғана кәсіпкерлер емес, қолөнердің дамуына үлес қосып жүрген нағыз шеберлер.

    Бұл өнер ерлі-зайыпты Нұрмұхамбет-Дидар Момбековтерге ата-бабасынан дарыған. Отбасының тұңғышы Дидар кішкентайынан елге танылған суретші болған атасынан қолөнердің қыр-сырын үйреніп өседі. Сондықтан өздерінің қолөнер бизнесін бастаған сәтте-ақ олар әркімнің атқаратын міндетін белгілеп алады. Нұрмұхамбет бұйымдарды жасайтын шебер болады, ал зайыбы Дидар дизайнерлік жұмысты атқарады. Сонымен қатар бухгалтерлік және жарнамалық қызметті қатар алып жүреді. Бұған оның инженер-экономист мамандығы толық мүмкіндік береді.
    Бұрын Нұрмұхамбет әскери қызметші болған, бірақ қолөнершілік кәсіпті ағаш ұстасы болған әкесі Рақымнан үйренеді. Ал Рақым ағаны ауылдастарының бәрі «Алтын қолды ұста» деп атайтын. Оның шебер қолынан шыққан бұйымдарды таласып-тармасып алатын. Себебі ол кәдімгі жай ағаштан тек табақ, қасық, тостаған ғана емес, сонымен бірге кәдесый немесе әшекей сияқты ерекше дүниелер де жасайтын, көрген жұрт ол бұйымдардың көзге бірден түсетін әдемілігіне таң қалатын.
    Ерлі-зайыпты Нұрмұхамбет пен Дидар – Жамбыл облысында туып-өскен. Сол жерде бас қосып, өз алдына отау тіккен. 2011 жылы Талғар қаласына көшіп келгеннен кейін бірден үй сатып алып, онда CNC станоктарын (сағаттық бағдарламалық құрылғы) орнатып, ағаш шеберханасын құрады. «Шебер» деп аталатын жеке кәсіптерін ресми түрде тіркеп, алғашқы ағаш бұйымдарын жасай бастайды. Содан бері 15 жылға жуықтады, қазір шеберханада өздері жасаған қазақтың ұлттық асы – ет тартуға, қымыз, шұбат, сүт құюға және басқа да тағамдарға арналған, ұлттық ою-өрнектегі түрлі ыдыстар мен басқа да тұрмыстық заттар, тіпті сирек кездесетін ескі бұйымдар да бар.
    Әрине, кез келген кәсіпті дамыту үшін ең алдымен қаражат керек. Бұл тұрғыда оларға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бизнес-бастау» курсында оқып, қажетті білім алу және «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар байқауына қатысу көп көмегін тигізді. Ерлі-зайыпты кәсіпкерлер соның арқасында 1 млн 225 мың теңге грант ұтып алып, сол ақшаға қосымша құрал-жабдық сатып алуына мүмкіндік туады. Ал кәсіптің әрі қарай аяғына тұрып кетуіне өндірілген өнімді әлеуметтік желі арқылы сату үдерісі кезінде қалыптасқан сауда орындары мен жеке сатып алушылардан түсетін тапсырыс көп көмегін тигізеді.
    Отбасылық жұп көрмелерге де жиі қатысады. Өткен жылы олар өз өнімдерін Қонаев қаласында көрсетті. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өкілдерімен бірге «Қазақстанның үздік тауары» және «Бір ауыл – бір өнім» облыстық байқауларында аудан намысын қорғады. Олардың қолөнер бұйымдары жоғары бағаланып, жүлделі үшінші орын алды.
    Дидардың айтуынша, бүгінде адамдар көне заттарға, ұлттық дәстүрмен байланысты дүниелерге айрықша назар аудара бастады. Сондықтан ұлттық нақыштағы ыдыс сатып алуға тапсырыс берушілер саны артуда. Ерлі-зайыптылар өз бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр. Олар ұлттық дәстүрлерге деген сүйіспеншілігін тек өздерінің қолынан шыққан бұйымдардан ғана емес, сондай-ақ желкілдеп өсіп келе жатқан төрт баласының бойынан да көріп отырғанына қуанады. Балалары ата-анасына көмектесіп, түрлі байқаулар, көрмелер мен көрсетілімдерге қатысып, ыдыс-аяқ пен көне бұйымдарды дайындаумен айналысады. Үлкені Айша – «Көне Тараз» халықаралық көрмесінде өзінің былғарыдан жасалған «Ауыл жайлауы» панносын ұсынып, екінші орын алды. Бұл – балаларын қазақтың салт-дәстүріне және ұлттық қолөнерге деген құрметке тәрбиелеп отырған ата-ана үшін нағыз мақтаныш десек, артық емес!
    Маған ерлі-зайыптылар ұсынған бұйымдарды тамашалай отырып, елімізде салт-дәстүрімізді сақтайтын және оны құрметтейтін осындай отбасылар көп болса ғой деген ой келді. Негізі ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу философиясы бізге ата-бабамыздан берілген қан арқылы бесіктен, отбасында алған тәрбиеден, қонаққа бар жақсымызды қоятын дастарқаннан басталады. Қазақ үшін қонаққа әдемі ыдыс-аяқпен ас ұсынып, мол дастарқан жаю – әрқашан жоғары мәдениеттілік пен қонақжайлылықтың бір белгісі. Сондықтан да бұл бизнес «Жаңаның бәрі – бір кездері ұмытылған ескі» дегендей, ұмытылып бара жатқан ұлттық өнерімізді қайта жаңғыртудың жарқын үлгісі деуге болады. Лайым, осындай кәсіп иелерінің қатары көбейе берсін!

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында қар басуы ықтимал 12 учаске бар

    Алматы облысында қар басуы ықтимал 12 учаске бар

    2 years ago
    Жеңімпаздар марапатталды

    Жеңімпаздар марапатталды

    2 months ago
    «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты ашық есік күні өтті

    «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты ашық есік күні өтті

    9 months ago
    Үздіктер анықталды

    Үздіктер анықталды

    12 months ago
    Өнермен өрілген өмір

    Өнермен өрілген өмір

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>