[um_weather city="Қонаев"]
Дүйсенбі, Қаңтар 12, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қос қуаныш

    06.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Инфрақұрылым
    Қос қуаныш
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

        Жамбыл ауданының Сұраншы батыр және Жайсаң ауылдарында екі бірдей жаңа денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Жаңажылдық мерекеге орай шағын ауыл тұрғындарының қуанышы еселеніп, қос елдімекенде мерекелік көңіл-күй салтанат құрды.

    Нысанның ашылуына облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов, Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас қатысып, тұрғындарды шалғай ауылдағы айтулы оқиғамен құттықтады. Сұраншы батыр ауылындағы фельдшерлік-акушерлік қосын (ФАП) тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыз ету мақсатын­да «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынғанын айтты. ФАП жобасының құны – 288 миллион 284 мың теңге. Құрылыс жұмысы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылып,
    оны «Техноснаб 2002» ЖШС сапалы орындап шыққан. Аудан әкімі биыл шалғай ауылдарда осындай 16 медициналық нысан­ның құрылысы жүргізіліп, шетінен пайдалануға беріл­іп жатқанын айтты. Бұл – ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш әрі маңызды әлеуметтік жетістік екенін атап өтті.
    Салтанатты сәтте құры­лысты жүргізген мерді­гер ұйым «Техноснаб 2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкі­лі Бақыт Сәкенқызы меди­циналық қосын фельд­шері Раушан Біткенбаеваға нысанның нышан кілтін тапсырды. Ауыл ақсақалы Ерболат ата көпшілікке ақ батасын беріп, әжелер шашу шашты. Лента қию рәсімін жасаған құрметті қонақтар ғимарат ішін аралап көрді. Талап ауылдық округінің орталығы – Сұраншы батыр ауылында 1820 адам тұрады. Жаңа фельдшерлік-акушерлік қосында күніне 15 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік бар.
    Аудан орталығынан шалғайдағы Жайсаң ауылының тұрғындары да дәл осындай қуанышқа кенелді. Сол күні онда дәрігерлік амбулатория есігін айқара ашты. Мұндағы салтанатты рәсімге де облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов пен аудан әкімі Нұрлан Ертас қатысып, тұрғындар қуанышымен ортақтасты.
    Бүгінде ауылдағы халық саны 2267 адамды құрайды. Бұған дейін медициналық қызмет ескі мектеп ғимаратында көрсетіліп келген болатын. Енді дәрігер мен фельдшер жаңа нысанда күніне 25 адамға дейін қабылдай алады. Ақсеңгір ауылдық округіне қарасты Жайсаң елдімекенінің тұрғындары енді емшара қабылдау үшін 50 шақырымдай Ұзынағашқа сабылмайтын болды. Қажет жағдайда өз ауылдарынан ашылған су жаңа емдеу орнында ем қабылдайды. Мемлекет ауыл халқына осындай жағдай жасағанына тұрғындар ризашылығын білдіріп, ауыл ақсақалы бата берді. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, жиналғандар мекеме ішін аралап көрді. Мұндағы жаңа нысан да заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, инженерлік желілермен толық қамтамасыз етілген. Медицина қызметкерлеріне жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Дәрігерлік амбулатория жобасының жалпы құны – 293 миллион 636 мың теңге.
    Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын дамыту – елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен халықтың өмір сапасын арттырудың басты кепілі екенін атап өткен болатын. Әсіресе ауыл тұрғындары үшін сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Жамбыл ауданында құрылысы аяқталып, пайдалануға беруге дайындалып жатқан осындай әлі бірнеше нысан бар. Бұл – мемлекет тарапынан ауыл халқының денсаулығын жақсартуға бағытталған нақты қамқорлықтың жарқын көрінісі.
    Қос ауылдағы қуанышқа сондай-ақ облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер ұйымының мүшелері, басқа да лауазым иелері қатысты.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Ғұламаның ғұмырын бейнелеген

    Ғұламаның ғұмырын бейнелеген

    1 year ago
    Қиқуынан қимас ән төгіледі

    Қиқуынан қимас ән төгіледі

    7 months ago
    Алматы облысында жылыту маусымы басталғалы өрт оқиғалары 10 пайызға азайды

    Алматы облысында жылыту маусымы басталғалы өрт оқиғалары 10 пайызға азайды

    4 days ago
    Бір шаңырақ астында

    Бір шаңырақ астында

    2 years ago
    Қонаевта елдегі ең үлкен скейт парк ашылды

    Қонаевта елдегі ең үлкен скейт парк ашылды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>