Тарихи-мәдени мұраны қорғайтын бұрынғы заң әлсіз болғандықтан,
еліміздің қаншама тарихи жәдігері шетел асып кеткен еді. «Қара
археологтар» заңсыз қазба жасап, тарихи-мәдени құндылықтарымызды сату,
жеке мүддесіне пайдалану белең алған. Салдарынан еліміздің тарихи
ескерткіштері бүлінген. Заңсыз қазба жұмысын жүргізу ұлттық тарихи
мұрамызды жоғалтып алуымызға, олардың ғылыми құндылығын жоюға алып
келді емес пе?!
Осыны тоқтату үшін Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайдың 2024
жылғы наурызда Атырауда өткен 4-отырысында тарихи-мәдени мұраны
қорғау және археологиялық қызметті реттеу қажеттігін қозғады. Сол жиында
Құрылтай мүшелерінің ұсынысымен тиісті заңға өзгерістер мен
толықтырулар енгізу бойынша негіз қаланды. Мемлекет басшысының 2025
жылғы 26 желтоқсанда қол қоюымен «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және
пайдалану туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл тарихи
ескерткіштерге зиян келтіретін заңсыз археологиялық жұмыстарға тосқауыл
болды. Осылайша археологиялық жұмыстарды есепке алу, бақылау күшейді,
бұрынғыдай заңсыз қазбаға шектеу қойылды. Археология қызметі
реформаланып, заңсыз лицензия беру тоқтатылды. Қазбалардан табылған
артефактілерді заңсыз экспорттау енді мүмкін емес. Еліміз үшін бұл – үлкен
жетістік.
Қызылорда қаласында өтіп жатқан 5-Ұлттық Құрылтайдан да
қоғамның күтері көп. Онда еліміздің тұрақты дамуына қатысты үлкен
мәселелер қозғалуда.
Бибігүл Дәндіқараева,
Ұлттық Құрылтай мүшесі,
Жамбыл ауданындағы «Таңбалы» тарихи-мәдени
және табиғи қорық-музейінің директоры




