🌫️
-5°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    Мал-жан аман ба?

    24.01.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Мал-жан аман ба?
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Шалғайдағы қыстауларда мал-жанның амандығын білу үшін Жамбыл ауданы әкімдігінің жауапты мамандары арнайы жолға шықты. Қыстауларды ұйымдастыру және қысқы кезеңде мал шаруашылығын тұрақты бақылау мақсатында құрылған штаб мүшелері сапар барысында шаруалармен кездесіп, малды ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

    Штаб құрамында Жамбыл аудандық мәслихат төрағасы Мадияр Әмірғалиев, аудан әкімінің орынбасары Азамат Сұлтанов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Аян Нұрпейісов, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Данияр Балаев және тиісті бөлімдердің мамандары болды. Олар Жамбыл ауданының төменгі аймақтарында мал қыстатып отырған орындарды аралады. Қыстақтағы жағдай, жем-шөп қорының жеткілікті болуы, қора-жайдың дайындығы, ветеринариялық ахуал және инфрақұрылыммен қамтылу жағына баса назар аударды. Сондай-ақ шаруалардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, туындаған мәселе бойынша тиісті түсіндіру жұмысын жүргізді.
    Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Дүйсенәлі Еңкелешевтің айтуынша, аудан орталығынан шыққан топ ә дегеннен Күрті бағытымен жүзден астам шақырымды артқа тастап, Ащысу ауылынан өтіп, «Айсұлтан» шаруа қожалығының қыстауына атбасын бір-ақ тіреді. Аталған шаруашылық Талап селолық округінде тіркелген, қожалық иесі – Асқар Ерімбетов. Өзі болмағанымен малшысымен тілдесіп, жағдайын сұрап, төрт түліктің амандығын білді. Мұнда 800-ге жуық қой қыстатылуда. Штаб мүшелері одан ары Қоғалыдағы қыстауға барды. Мұнда «Дегерес С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 200-дей жылқысы, 70-80 бас ірі қарасы күтімге алынған. Жылқы күнұзаққа жайылымда, ал ірі қараны өріске жайып келіп, бір мезгіл жем-шөп береді.
    Одан кейін барған қыстауларда да малшылармен кездесіп, шаруа жайына қанықты. Сарыбұлақ қыстауында Орынбек Әмірғалиевтің «Көктөбе» шаруа қожалығы орналасқан. Одан ары Аңырақай жазығындағы Қызылқайнар учаскесінде Ғабит Үмбетовтің Аққайнар ауылдық округіне қарасты «Аян» шаруа қожалығы бар. Жалпы малының жартысы сонда, яғни 2500-дей қой, мыңға тарта жылқы, 200-ден астам ірі қара қыстатылуда. Штаб мүшелері тарихтан мәлім Аңырақай шайқасының орнында болып, оған 2001 жылы қойылған белгітасты көрді. Одан кейін Ұзынағаш округіне тиесілі Бескөлге барып, талаптық Рахат Әбілдаевтың «Алмас» шаруа қожалығының жағдайымен танысты. Мұнда 500 бас ірі қара бағылуда, мал бордақылау алаңы бар, демалыс кешені салынған.
    Сапар Қаншеңгел жақта құмның жиегінде орналасқан қыстауларға жалғасты. Ондағы «Түйеқора» деген жерде Теміржол ауылдық округінің «Қазыбек бек» ЖШС жылқы ұстайды. Жиектен төмен 12 шақырымдай құмның ішіне еніп, аяқтағы жолға дейін түсті. Бұл аралықта малға азық болар ештеңе жоқ. Ал одан ары «Күрті орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің жері басталады, онда жайылым бар. Сол маңда Айдарлы, Жамбыл, Талап, Самсы, Үлгілі ауылдық округтеріне қарасты бірнеше шаруа қожалығы өздеріне тиесілі жерлерінде жайылым болмағандықтан, аталған орман шаруашылығының жерін жалға алып мал қыстатып отыр. Аудан орталығынан барған жауаптылар солардың бірнешеуіне жолықты.
    Ертелетіп жолға шыққан топ қас қарайғанша 700-дей шақырымды еңсергенін айтады. Мұндай шара қыс мезгілінде мал шығынын болдырмау, шаруалардың қауіпсіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және мемлекеттік қолдау шараларын тиімді жүзеге асыруға бағытталған. Бақылау және мониторинг жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады. Енді штаб мүшелері тау бөктеріндегі Қарғалыдан бастап, Дегереске дейінгі ауылдардың қыстауларын араламақ.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Көрісу күні Алматы облысында жоғары деңгейде тойланды
    14.03.2026
    6654 әскери бөлімде Көрісу амалы атап өтілді
    14.03.2026
    Қарадаладағы игі іс
    14.03.2026
    Кешірім айы
    14.03.2026
    Екі ауылдағы қос қуаныш
    14.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>