⛅
21°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ «WILO CENTRAL ASIA» ЖШС ЗАУЫТЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

    06.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Парламент, Партия
    МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ «WILO CENTRAL ASIA» ЖШС ЗАУЫТЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ
    0
    SHARES
    18
    VIEWS

    МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ «WILO CENTRAL ASIA» ЖШС ЗАУЫТЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛД

    Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанболат Әкебайұлы, Закиржан Пирмухамедович, Жанарбек Садықанұлы, Алматы облысы Іле ауданына арнайы жұмыс сапарымен келді. Іссапардың алғашқы күні халық қалаулылары Байсерке ауылында орналасқан «WILO Central Asia» компаниясында болып, ондағы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

    «WILO Central Asia» су жүйесін жабдықтаумен айналысатын бұл компания Іле ауданында орналасқан. Жалпы кешен 2000 шаршы метрден астам жерде орналасқан. Әрі кәріз, жылыту және ауа тазартуға арналған әр түрлі сорғылар шағарады. Салада әлем бойынша жетекші өндірушілерінің бірі санатында.

    «WILO» компаниясы Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік өндіріс санатындағы “Жасыл” құрылысты сертификаттаудың халықаралық жүйесінің (LEED) алтын деңгейіндегі алғашқы сертификатын алған ірі кәсіпорынның бірі болып табылады. Бұл қазақстандық мамандардың кәсібилігі мен күш – жігерінің арқасында мүмкін болды,-деп атап өтті компания өкілдері.

    Сапар барысында қонақтар зауыттың негізгі өндірістік үдерістерімен, жұмыс істеп тұрған цехтармен және құрылыс жүріп жатқан нысандармен танысты. Ерекше назар технологиялық жабдықталу деңгейіне, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына, кадрлық әлеуетке және экспорттық бағыттағы қызметке аударылды.

    –Жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаттары компанияы дамыту шаралары «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанын атап өтті.

    – «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында кәсіпорындарды қолдау және оларға қолайлы орта құру мәселелеріне ерекше басымдық берілген. Бүгінде шағын және орта бизнесте атқарылып жатқан жұмыстар осы бағдарламалық міндеттердің нақты жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Бұл – партия, жергілікті атқарушы органдар және жауапты мекемелердің бірлескен, жүйелі жұмысының нәтижесі, – деді аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов.

    Кездесу аясында өңірдегі өңдеу өнеркәсібін дамыту перспективалары, бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары және билік пен өндірістік кәсіпорындар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл тетіктері талқыланды.

    Мұндай кездесулер мемлекет пен бизнес арасындағы диалогты нығайтуға, кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді құралдарын әзірлеуге, сондай-ақ Алматы облысының экономикасын дамытуға бағытталған стратегиялық бастамаларды іске асыруға серпін береді.

    Соңғы жаңалықтар

    Көпшілік тыңдау өтті
    08.04.2026
    Құрылыс қарқынды
    08.04.2026
    Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
    08.04.2026
    Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді
    08.04.2026
    Алматы облысында былтыр 44 медициналық нысан пайдалануға берілді
    08.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>