[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Оқушылар ант қабылдады

    13.01.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Оқушылар ант қабылдады
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Талғардағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 мектеп-лицейінде «Жас қыран» және «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына оқушыларды салтанатты қабылдау шарасы өтті.

    Білім шаңырағының фойесінде 4-5-сынып оқушылары сап түзеді. Алғашқы әскери дайындық, технология пәні оқытушысы, аға лейтенант Дамир Қалиев мектеп директорына: «Оқушылар салтанатты жиынға дайын!» – деп баянат жасады. Білім ордасының басшысы Ерлан Әділов баянатты қабылдаған соң жүргізушілер мектеп үздіктері мен белсенділерін қос ұйымның құрамына қабылдауға арналған салтанатты шараны ашық деп жариялады.
    «Жас ұлан» туы енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Жүргізушілер жиналған жұртты «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымының ережесімен таныстырып, олардың негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, ал міндеті әлеуметтік тәжірибені байыту және мектептегі тәрбиелік әлеуетті жүзеге асыру екенін атап өтті.
    Әрі қарай әр сыныптың сардары ант қабылдады. «Мен «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып, өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге, туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге, ата-анамды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстануға, табиғатты аялауға, аталған ұйым ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін», – деп, оны бүкіл сынып оқушылары бар даусымен: «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз!» – деп қайталағанда мұны өз көзімен көріп, өз құлағымен тыңдаған жандардың еріксіз елжіреп, тебіренбегені жоқ шығар?! Өйткені балалардың жаңа жауған қардай аппақ көңілдерімен жас қырандай саңқылдағанын естігенде, басқаша күй кешу мүмкін емес.
    Басқаны қайдам, жиын барысында маған осындай ой келді. Тіпті алғашқы әскери дайындық пәні сағатын көбейтіп, оны 10-сыныптан емес, 5-6-сыныптардан бастаса, жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу тұрғысында маңызы мен тиімділігі еселеп арта түсер еді-ау деп түйдім. Кім біледі, келешекте мүмкін солай болатын да шығар?! Ол үшін Оқу-ағарту министрлігі көпжылдық тәжірибеге ие білікті мамандар мен педагог-ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің қатысуымен әртүрлі деңгейде дөңгелек үстел, ғылыми-тәжірибелік жиындар, пікірталастар ұйымдастырып, мәселені жан-жақты зерттеп, оң шешім қабылдауы тиіс! Сонда әскери қызметтен қашатын жастар қатары күрт кеміп, армиямыздың айбыны мен қауқары артып, Отан қорғаушылық қызметтің абырой-беделі де жоғарылайтыны сөзсіз.
    Мектеп директоры білім ордасының қабырғасында алғаш қоғамдық ұйым қатарына қабылданған балаларды осы қуанышты да маңызды сәтпен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
    «Сіздер «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшесі атанып отырсыздар. Бұл – үлкен қуаныш және жоғары жауапкершілік! Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабаларымыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, береке, байлық тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!» – деді ол.
    Мұның ізі мектеп оқушыларының «Бүгінгі күн – тәуелсіздік жемісі» атты тақырыпта өткен үлкен концертке ұласты. Ол басталмас бұрын мектептің кең де жарық үлкен мәжіліс залын толтырған оқушылар мен олардың ата-аналары, арнайы шақырылған қонақтар бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызды бір минут үнсіздікте еске алды. Әрі қарай мектеп өнерпаздары ең қастерлі құнды­лығымыз – тәуелсіздік, оның тарихы туралы маңызды мағлұматтар айтып, ән шырқап, би биледі. Әсіресе жас дарын, осы мектептің 8-сынып оқушысы Айсұлтан Мұхамедиев шырқаған «Самал тау» әні, 4-сынып оқушылары орындаған «Ұландар биі», 9-сынып оқушылары оқыған «Желтоқсан қаһармандарының монологы», 10-сынып оқушыларының «Әгугай» биі мен 6-сыныпта оқитын балалар­дың хор болып айтқан «Рух» әні де ешкімді бейжай қалдырмағаны анық.
    Қалай дегенде де, алға қойған мақсаты мен атқарар міндеті бойынша бір-бірінің жалғасы іспетті өткен қос шара жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу және қастерлі құндылығымыз – Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтауға баулу тұрғысынан өте әсерлі әрі мазмұнды өтті. Мектеп басшылығы мен ұстаздар ұжымы тәрбиелік мәні зор шараға тыңғылықты дайындалғаны анық көрінді.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Азияны мойындатты

    Азияны мойындатты

    2 years ago
    Арыз-шағым жауапсыз қалмайды

    Арыз-шағым жауапсыз қалмайды

    3 months ago
    Әкім: Талғар ауданы инвестиция тарту бойынша алғашқы үштікте

    Әкім: Талғар ауданы инвестиция тарту бойынша алғашқы үштікте

    3 years ago
    Мәжіліс ЖИ туралы заң жобасын мақұлдады

    Жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша заң қабылданды

    2 months ago
    Алматы облысында 285,5 мың гектар жердің бос жатқаны анықталды

    8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>