⛅
23°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Оң өзгеріс

    17.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Оң өзгеріс
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қарасай ауданының денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер көңіл қуантады. Жуырда клиникалық көпсалалы орталық аудандық аурухананың ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар 500 адамға арналған емхана, заманауи перинаталдық орталық және бірқатар өзге де нысандардың құрылысы жоспарлануда. Бұл туралы аталған мекеменің директоры Бауыржан Сатыбалды қоғам өкілдерімен өткен кездесуде баяндады. Аталған жиын Қаскелең қаласындағы аудандық Мәдениет үйінде өтті.

    Алдымен Бауыржан Нұрланұлы өзі басқарып отырған ұжымның атқар­ған жұмыстарына тоқталды. Мәселен, аудандағы 290 мың адам осы медициналық мекемеге тіркелген. Осыған байланысты аурухананың барлық құрылымдық бөлімшелеріне үлкен жүктеме түсіп отыр. 7000-нан астам ота жасалып, заманауи медици­налық құрал-жабдықтар мен көлік сатып алынды, жасанды интеллек­тіні қолдану бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Жедел жәрдем» қызметі үшін жаңа автокөліктер алу және басқа да шаралар жоспарланған. Сондай-ақ ауданда 11 денсаулық сақ­тау нысанын салу көзделіп отыр. Барлығын бір жылда тұрғызу мүмкін болмағандықтан, құрылыс жұмыстары үш жыл ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.
    Атап айтқанда, Қаскелең қала­сында 500 адамға арналған емхана, перинаталдық орталық, Көлащы ауылында 300 орынды дәрігерлік амбулатория, сондай-ақ Бекболат, Ұлан, Қайнар және Шалқар ауыл­дарында 50 емделушіге арналған амбу­латория салу жоспарланған.
    Баяндамашы 2026 жылы атқары­латын он бір негізгі бағытпен де таныс­тырды. Олардың қатарында аудандық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің «Мейірімді клиника» моделін енгізу, хирургия, травматология, урология салаларында аз инвазивті операцияларды дамыту жұмыстары да бар.
    Бұдан бөлек, госпитальдық фар­мация, эндоскопия және эстетикалық хирургия бөлімдерін ашу көзделіп отыр. Автокөлік паркін жаңарту, шетелдік дәрігерлердің қатысуымен шеберлік сабақтарын өткізу, жоғары технология мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру да – маңызды міндеттердің бірі.
    1974 жылы салынған аурухана ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде аудандық емхана Үшқоңыр ауруханасының ғимаратына көшіріледі. Екінші кезеңде, мамыр-маусым айларында стационар да сол жерге ауыстырылады. Күрделі жөндеуді 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
    Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Бауыржан Нұрланұлы қоғам өкіл­дері­нен, әсіресе ақсақалдар мен әжелер­ден тұрғындарға күрделі жөндеу жұмыс­тарына байланысты қалыптасқан жағдайды түсіндіріп, сабыр сақтауға, шыдамдылық танытып, болып жат­қан өзгерістерге түсініс­тікпен қарауға шақыруды өтінді.
    Кездесу барысында залдан сұрақ­тар мен ұсыныстар да айтылды. Райымбек ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Леміс Әбдікерімов бұрын Бұлақты ауылындағы бастауыш мектеп орналасқан жер телімінде медициналық мекеме ғимаратын салуды ұсынды. Сондай-ақ Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қошмамбет ауылындағы мәселелер сөз болды. Мұндағы меди­циналық мекемеде су тапшылығы қатты сезілуде. Қызмет­керлер суды жақын маңдағы мешіттен тасуға мәжбүр.
    Қойылған сауалдардың барлығына Бауыржан Нұрланұлы жан-жақты жауап берді. Кездесу соңында ол қатысушыларды Жаңа жылмен құттық­тап, баршаға денсаулық, бақыт және отбасылық амандық тіледі.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Балабақшадағы думанды күн
    22.04.2026
    Сан қырымен танылған
    22.04.2026
    Алматы облысында 3 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды
    22.04.2026
    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан экологиялық жауапкершілік мәселесіне заңнамалық деңгейде айрықша мән береді»
    22.04.2026
    Мемлекет басшысы: «Жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ, теңгерімді және ынталандырушы сипатта өрбуге тиіс»
    22.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>