⛅
8°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Өшпейтін өнеге

    10.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Өшпейтін өнеге
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

          Алматы қаласындағы Д. Қонаев музейі ұлы тұлғаның 90 жылдық мерейтойына орай 2002 жыл­дың ақпан айында ашылды. 2022 жылы музейдің толық жаңғыртудан өтуі келу­шілер санын бұрын­ғыдан да арттыра түсті. «Қонаев дәуірі» деп аталған жаңа реэкспозиция ұлы тұлға­ның «Ақиқаттан аттауға болмайды» атты еңбегі негізінде жаса­лып, тарихи шын­дықты заманауи фор­матта ұсынды.

    Музей кеңістігі бүгін­гі талап­тарға сай толық ақпарат беруге бейім­деліп, сенсорлы қондырғылар, электронды жүйе­­лер, қысқа­мет­раж­­ды деректі фильм­дер мен ретро көгілдір экрандар арқылы Қонаевқа етене жақын серіктерінің естеліктерін үш тілде көру және тыңдау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар QR-кодтармен жабдықталған дыбыстық аудиогид жүйесінің енгізілуі музейді жас ұрпақ үшін тартымды әрі интерактивті рухани ортаға айналдырды.
    Музейдің бірінші қабатында хронологиялық жүйемен ұсынылған экспо­зициялар келушілерді Қонаевтың өмір жолымен таныстырады. Онда отбасы мен ата-анасына қатысты деректер, балалық шағы мен студенттік кезеңі, қарапайым еңбек сатыларынан басталған қызмет жолы және ірі қоғам қайраткері ретінде кемелдену тарихы мол мағлұматпен қамтылып, тың архивтік деректермен үнемі толықтырылып отырады. Ал музейдің екінші қабаты Дінмұхамед Қонаевтың халықаралық деңгейдегі беделін айқындайтын бірегей жәдігерлермен ерекшеленеді. Мұнда шетел мемлекеттерінің басшылары, қоғам және әскери қайраткерлер сыйға тартқан қару-жарақтар топтамасы қойылған.
    Мұндағы әрбір жәдігер – өзіндік тағдыры мен тарихи жүгін арқалаған құнды дерек көзі. Олар ұлы тұлғаның халықаралық беделі мен замана көшіндегі айрықша орнын айғақтайтын үнсіз шежіре іспетті. Халықтың ерекше назарын аударған экспонаттардың бірі – Алматы қаласындағы бұрынғы Үкімет үйінде, қазіргі Қазақстан-Британ техникалық университетінде тұрған Дінмұхамед Ахметұлының жұмыс үстелі. Сол үстелдің басында қызметтегі кезіндегідей гиперреалистік бейнесі тұр, көрерменді сол дәуірдің рухымен баурап, ұлы тұлғаның мемлекеттік шешімдер қабылдаған сәттерін көз алдыңа әкеледі. Бұл экспонат музейге келген әрбір адамға тарихи шындықты сездірумен қатар, мемлекет қызметіндегі жауапкершілік пен кемеңгерлік рухын терең түсінуге мүмкіндік береді.
    2012 жылдың 12 қаңтарында Д.Қонаевтың мемориалдық пәтер-музейінің ашылуы үлкен жаңалық болды. Тұтынған заттары сол қалпында сақталған. Музей қорындағы сегіз мыңнан астам жәдігер халық назарына ұсынылады. Онда Қонаев басшылық жасаған уақыттағы Қазақстанда жаңа зауыттар мен фабрикалар, көптеген оқу орны ашылғаны белгілі. Сол кезеңдегі партиялық көзқарастың қатаңдығы басым болса да, елін көркейтіп, Алматы қаласында ірі және көз тартар ғимараттар бой көтерді. Мысалы, «Медеу» мұз айдыны, «Қазақстан» қонақүйі, Республика сарайы, Көктөбе, Неке сарайы, жапондық үлгіде салынған Оқушылар сарайы, Цирк, Арасан моншасы, алғашқы әуежай, орталықтағы Көкбазар, ҚазМУ қалашығы және қазіргі Қонаев қаласы, Қапшағай су-электр стансасын атауға болады. Әрбір салынған ғимараттың өз тарихы бар.
    Қорыта келсек, музей ашылғаннан бергі 24 жылдың ішінде қоғам қайраткері Д.Қонаевтың жүріп өткен жолы мен атқарған ұлы еңбектерін өскелең ұрпаққа насихаттау арқылы, оның әлі де ашылмаған қырларын танып-білу, болашаққа жаңа рухани бағыт ұсыну – біз үшін маңызды әрі абыройлы міндет. Қонаевтың тарихтағы орны мен халыққа сіңірген еңбегі жастардың санасында мәңгілік қалатыны сөзсіз.

    Құралай ҚОЖАХАНОВА,
    Алматыдағы Д.Қонаев музейінің
    ғылыми қызметкері

    Ұсынымдар

    Дамудың басым бағыттары белгіленді

    Дамудың басым бағыттары белгіленді

    1 year ago

    Қонаевта 14,3 мың гектар жер пайдаланылмай жатқаны анықталды

    10 months ago
    Онлайн ойын  опындырып жүрмесін

    Онлайн ойын опындырып жүрмесін

    1 year ago
    Бағаның бағамы – базарда…

    Бағаның бағамы – базарда…

    3 years ago
    Жұмыр жерге сыймай кеткен Жұмағам!

    Жазуға адалдық

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>